Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"

Бұйрық · № 06-3/488 · қабылданған 26.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60894/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/488 ·26.08.2011
04.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/488 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"
Атауы (қаз.)
"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-3/488
Қабылданған күні
26.08.2011
Көрсетілген редакция
04.05.2014 AI60894_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007249
ЭКБ идентификаторы
60894
Редакция идентификаторы
AI60894_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:43

0 "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі регламенті

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
___________ С. Қайырбекова
2011 жылғы 19 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі
________________ Н. Әшім
2011 жылғы 12 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 26 тамыздағы
№ 06-3/488 бұйрығымен
бекітілген
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4)тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы мемлекеттік қызметі регламентінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызмет – пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу;

2 2) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;

3

3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы;

2

2) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы);

3

3) «Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың  тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзудi Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2127 тіркелген) (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі – куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негізі Қаулымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 16-тармағында көрсетілген.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар қатысады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Комитеттен алға болады, оның мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекен-жайы: sb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет туралы регламенті Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Министрліктің бұйрықтары» бөлімінің «Нормативтік құқықтық актілер» кіші бөлімінде орналасқан.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тipкeуге әзірленген материалдарды келіседі.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап – үш жылдан көп емес;

пестицидті (улы химикатты) тіркеулік сынау жүргізу – екі жылдан көп емес;
пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау жүргізу – бір жыл;
пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдармен келісу – 30 жұмыс күні;

2 2) куәлікті алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан көп емес;

3 3) тұтынушыға рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 60 минуттан көп емес.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) Комитеттің қызметкері қабылданған құжаттарды қабылдауды, қарастыруды, бақылауға қоюды жүзеге асырады. Тіркелген, тиісті түрде рәсімделген құжаттар Комитет төрағасына, кейін орындаушыға беріледі;

2

2) Комитет орындаушысы тұтынушының құжаттарын алған сәттен бастап олардың толықтығын және дұрыс толтырылғанын тексереді, өтінім берілген пестицидтке (улы химикатқа) тіркеу және өндірістік сынақ арын жүргізу жоспарларына, сондай-ақ Комитет төрағасы бекітілген пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі жұмыс жоспарына енгізеді, олар одан кейін осы сынақтарды жүргізуге шарттар жасау үшін орындаушы ұйымдар мен тұтынушыларға жіберіледі.
Сынаққа қатысатын ғылыми-зерттеу ұйымдардағы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған материалдар жариялауға жатпайды;

3 3) пестицидке (улы химикатқа) тіркеу сынақтарын жүргізілгеннен кейін орындаушы ұйымдар Комитетке жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы есеп береді;

4 4) пестицидке (улы химикатқа) өндірістік сынақтар жүргізілгеннен кейін орындаушы ұйымдар Комитетке жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы есепті және Ережеге 3-қосымшаға сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндірістік тексеру актін береді;

5 5) пестицидке (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарды  нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстар бойынша есептерді Комитеттің орындаушысы тексереді;

6 6) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге қарастырылған және әзірленген материалдар қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі;

7

7) осы келісімді алғаннан кейін пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге арналған материалдарды Комитет бекітеді, кейін Комитеттің орындаушысы арнайы журналда жазылатын мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып және пестицидтің (улы химикаттың) мемлекеттік тіркелген күнін көрсете отырып, арнайы әзірленген бланкіде куәлікті рәсімдейді;

8 8) мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгеннен кейін куәлікке Комитеттің төрағасы қол қояды және Комитеттің мөрімен расталады және тұтынушыға беріледі;

9 9) тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) «Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіліміне» енгізіледі.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда Комитеттің орындаушысы Комитеттің төрағасы қол қоятын дәлелді бас тартуды әзірлейді және тұтынушыға береді.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде ұсынылатын куәлік нысаны Ереженің 7-қосымшасында көзделген.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау Комитеттің бір маманы жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

16 16. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі Комитетке келген кезде көрсетіледі.

Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет алуға ұсынылатын құжаттар мен талаптар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.

18 18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) құжаттарды қабылдауға уәкілетті Комитет қызметкері;

2 2) Комитеттің төрағасы;

3 3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің бастығы;

4 4) Комитеттің жауапты орындаушысы;

5 5) ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар;

6 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.

20 20. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

21 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігік сипаттамасы мен өзара байланысы

21. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Пестицидтерді (улы химикаттарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі
регламентіне 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігік сипаттамасы мен өзара байланысы
1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің құ­жат­тар қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ра­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ра­тын жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
4
Аяқ­тау ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және қол­хат бе­ру, құ­жат­тар­ды Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Бұ­ры­шта­ма қою
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
2 са­ғат
1 са­ғат
6
Ке­ле­сі әре­кет №
2
3
4
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы
Ғы­лы­ми-зерт­теу және ғы­лы­ми-өн­ді­рі­стік ұй­ым­дар (орын­да­у­шы ұй­ым­дар)
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­ты) тiр­кеу және өн­дiрiстiк сы­нақ­тар мен пе­сти­цид­тің (улы хи­ми­кат­тың) ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар­ды жүр­гi­зу
Жүр­гі­зі­л­ген тiр­кеу және өн­дiрiстiк сы­нақ­тар нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тер­ді және пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар­ды тек­се­ру, пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) тiр­кеу ма­те­ри­ал­да­рын қа­рас­ты­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Өті­нім бе­рі­л­ген пе­сти­цид­ті (улы хи­ми­кат­ты) тiр­кеу және өн­дiрiстiк сы­нақ­тар жүр­гі­зу жос­па­ры­на, сон­дай-ақ пе­сти­цид­ті (улы хи­ми­кат­ты) ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар жос­па­ры­на ен­гі­зу
Пе­сти­цид­тер­ге (улы хи­ми­кат­тар­ға) жүр­гі­зі­л­ген тiр­кеу және өн­дiрiстiк сы­нақ­тар нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп және өн­ді­рі­стік тек­се­ру ак­ті
Пе­сти­цид­тер­ді (улы хи­ми­кат­тар­ды) мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге дай­ын ма­те­ри­ал­дар
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 жұ­мыс кү­ні
1-3 жыл
44 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі әре­кет №
5
6
7
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы­сы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және си­патта­ма­сы
Пе­сти­цид­ті (улы хи­ми­кат­ты) мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге әзір­ле­ген ма­те­ри­ал­дар­ды ке­лі­су
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Ку­ә­лік­ті неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды ке­лі­су
4
Аяқ­тау ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Жа­з­ба­ша ке­лі­су
Пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) ку­ә­лік­ті рә­сім­деу неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
Ке­лі­сі­л­ген құ­жат­тар­ды Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы­на жі­бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
6
Ке­ле­сі әре­кет №
8
9
10
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
10
11
2
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және си­патта­ма­сы
Пе­сти­цид­тің (улы хи­ми­кат­тың) ку­ә­лі­гіне неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
Ку­ә­лік­ті Бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер жур­на­лы­на тір­кеу неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
4
Аяқ­тау ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) тір­кеу ку­ә­лі­гі неме­се дәлел­ді бас тар­ту
Тұ­ты­ну­шы­ның қол қою­мен ку­ә­лік­ті неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі әре­кет №
11
12
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс
ҚФБ 1-то­бы
Ко­ми­тет­тің құ­жат­тар­ды қа­был­дау уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы
ҚФБ 3-то­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
ҚФБ 4-то­бы
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы­сы
ҚФБ 5-то­бы
Ғы­лы­ми-зерт­теу және ғы­лы­ми-өн­ді­рі­стік ұй­ым­дар
ҚФБ 6-то­бы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы­на жол­дау
№ 2-әре­кет
Орын­дай­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру­ға жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) сы­на­у­лар жүр­гі­зу және пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) жүр­гі­зі­л­ген ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар жос­па­ры­на ен­гі­зу
№ 5-әре­кет
Тiр­кеу және өн­дiрiстiк сы­нақ­тар жүр­гi­зу
№ 6-әре­кет
Пе­сти­цид­ті (улы хи­ми­кат­ты) мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге әзір­ле­ген ма­те­ри­ал­дар­ды ке­лі­су
№ 6-әре­кет Жүр­гі­зі­л­ген сы­нақ­тар нәти­же­ле­рі ту­ра­лы және пе­сти­цид­ке (улы хи­ми­кат­қа) жүр­гі­зі­л­ген ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар бой­ын­ша есеп­тер­ді тек­се­ру
№ 8-әре­кет Ку­ә­лік­ті ар­найы әзір­лен­ген блан­кі­де рә­сім­деу
№ 9-әре­кет
Рә­сім­дел­ген ку­ә­лік­ті ке­лі­су
№ 10-әре­кет
Ку­ә­лік­ке қол қою
№ 11-әре­кет Ку­ә­лік­ті бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер жур­на­лы­на тір­кеу және оны тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
ҚФБ 1-то­бы
Ко­ми­тет­тің құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы
ҚФБ 3-то­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
ҚФБ 4-то­бы
Ко­ми­тет­тің орын­да­у­шы
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды Ко­ми­тет­тің тө­ра­ға­сы­на жол­дау
№ 2-әре­кет
Орын­дай­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру­ға жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу
№ 5-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ды ке­лі­су
№6 -әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
№ 7-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу және оны тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
«Пестицидтерді (улы химикаттарды)
мемлекеттік тіркеу»мемлекеттік қызметі
регламентіне 2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

Қолданыстағы