Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, и критериев оценки для внесения (включения) в данный реестр

Бұйрық · № 329 · қабылданған 19.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60969/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, и критериев оценки для внесения (включения) в данный реестр Күшін жойған Бұйрық ·№ 329 ·19.09.2011
10.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, и критериев оценки для внесения (включения) в данный реестр

Күшін жойған Бұйрық ·№ 329 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, и критериев оценки для внесения (включения) в данный реестр
Атауы (қаз.)
Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
329
Қабылданған күні
19.09.2011
Көрсетілген редакция
10.10.2012 AI60969_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007261
ЭКБ идентификаторы
60969
Редакция идентификаторы
AI60969_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:36

0 Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Жергілікті қамтуды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына сәйкес әзірленді және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін нақтылайды.

2

2. Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес индустриялық-инновациялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ұйым (бұдан әрі – Ұйым) қалыптастырады және жүргізеді.

3

3. «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Портал) мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, тізілімде сақталатын мәліметтер порталдың www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша Интернет-порталында орналастырылады және қайтарымсыз негізде барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қол жетімді болады.
Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар қолданылады:
Электронды құжат – ақпарат электронды - цифрлық қолтаңба нысанында ұсынылған және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;
Қағаз құжатының электронды көшірмесі – түпнұсқа қағаз құжатының ақпаратын электронды-цифрлық нысанда толығымен жариялайтын, электронды-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды құжат.

2 2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу

4 4. Тізілім мыналардан тұрады:

1 1) қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;

2 2) тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілері;

3 3) «CT-KZ» нысанындағы қазақстандық шығу тегі сертификаттары берілген тауарлар;

4 4) отандық әлеуетті жеткізушілердің санаттарын мемлекеттік қолдаудың қабылданатын шаралары бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.

5 5. Тізілім тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілері ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

Қазақстандық өндірушілер отандық тауар өндірушілер және отандық жұмыс және қызмет жеткізушілер болып табылады.

6 6. Тізілімді жүргізу өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер мен олардың өндірушілері туралы мәліметтерді тізілімге енгізу (қосу);

2 2) өндірушілер ұсынған деректерге сәйкес тізілімдегі мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және олардың өндірушілерін тізілімнен алып тастау;

3 3) тізілімді осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген Порталда орналастыру.

7 7. Тізілімге енгізу (қосу) үшін өндіруші ерікті негізде Ұйымға осы бұйрыққа 1-5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды түрде тиісті үлгіде ресімделген және қол қойылған мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес жасалған өндірушінің сауалнамасы;

2 2) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілетін тауарлар туралы ақпарат және/немесе осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жасақталған өндірілетін жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;

3 3) осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген тізілімге енгізу (қосу) үшін өлшемдерге сәйкестігін растайтын қағаз құжаттарының электронды көшірмелері;

8 8. Электронды түрдегі құжаттар осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген Порталға электронды құжаттар және қағаз құжаттардың электронды көшірмелері түрінде ұсынылады.

9 9. Ұйым:

1 1) өндірушіден тиісті құжаттарды алған сәттен он жұмыс күні ішінде олардың осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы тексереді;

2 2) екі жұмыс күні ішінде тексеру нәтижелері бойынша:

құжаттар пакеті, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар және қызметтер немесе олардың өндірушілері осы Нұсқаулықтар белгілеген өлшемдерге сәйкес болған жағдайында, тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және берілген нөмірін көрсете отырып, тізілімге тиісті мәліметтерді енгізгені (қосқаны) туралы хабарламаны өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжайға жібереді;
құжаттар пакеті толық емес немесе тиісті үлгіде ресімделмеген не тауарлар, жұмыстар және қызметтер немесе оларды өндірушілердің осы Нұсқаулықта белгілеген өлшемдерге сәйкес болмаған жағдайда, өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжайға тізілімге енгізуден (қосудан) дәлелденген бас тартуды жібереді.

10 10. Тізілімдегі мәліметтерді өзектендіру/жаңарту өндірушінің ұсынған құжаттары және/немесе тауарлар, жұмыстар және қызметтер және олардың өндірушілері туралы алынған ақпараттар негізінде жасалады.

11 11. Тізілімге енгізу (қосу) үшін негіз болып табылған құжаттардың қолдану мерзімін аяқталған соң 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өндіруші Ұйымға оларды қолданудың жаңа мерзімдерін көздейтін өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды жібереді.

12 12. Ұйымнан олардың қолдану мерзімдерін көздемейтін құжаттарды растау қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өндіруші олардың сұрау салу күні қолдануға болатынын растайтын құжаттарды ұсынады.

13

13. Осы Нұсқаулықтың 1, 2 және 3-қосымшаларында көзделген өзгертілген мәліметтерді өндіруші осындай өзгерістер орын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ жылына кемінде 1 (бір) рет Ұйымға жібереді. Өзгертілген мәліметтерді өндіруші ұйымға осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген тәртіпте және нысанда жібереді.

14 14. Тізілімнен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндірушілерін алып тастау мына жағдайларда:

1 1) өндірушінің қызметі жойылған/тоқтатылған кезде;

2 2) өндірушінің өз бастамашылығы бойынша;

3 3) тізілімге енгізу (қосу) үшін негіз болып табылған өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды олардың қолдану мерзімі аяқталған соң 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынбаған кезде жүзеге асырылады.

15 15. Осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, өндіруші ұйымға оны тізілімнен алып тастау туралы өтінішті жібереді.

40 Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдері

1 1. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді және оларды өндірушілерді тізілімге енгізу (қосу) үшін, мынадай құжаттардың болуы қажет:

1 1) Тауарлар үшін:

сәйкестік сертификаты – өнімнің техникалық регламентінде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін кәуландыратын құжат;
«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген;
Ережеге сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.

2 2) Тауар өндірушілер үшін:

заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
заңды тұлға үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
егер осындай тауарларды өндіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылса, өндіруші оны тізілімге енгізілуге (қосылуға) үміттенетін тауарды өндіруге арналған лицензия;

3 3) жұмыстарды, қызметтерді өндірушілер үшін:

заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
заңды тұлға үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
егер осындай жұмыстарды өндіру немесе осындай қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылса, өндіруші оны тізілімге енгізуге (қосуға) үміттенетін жұмыстарды өндіруге/қызметтерді көрсетуге арналған лицензия;
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жұмыстар, қызметтер өндірушісінің осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жұмыстар атқару, қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатыны туралы ақпарат.

45 Өндірушінің сауалнамасы

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Өндірушінің сауалнамасы
1.
Заң­ды тұл­ға­ның* ата­уы мем­ле­кет­тік тіл­де
2.
Заң­ды тұл­ға­ның* ата­уы орыс ті­лін­де
3.
Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан мем­ле­кет­тік тіл­де*
4.
Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан орыс ті­лін­де*
5.
Бі­рін­ші бас­шы­ның аты-жө­ні мем­ле­кет­тік тіл­де*
6.
Бі­рін­ші бас­шы­ның аты-жө­ні орыс ті­лін­де*
7.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де*
8.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де*
Заң­ды тір­кел­ген ме­кен жайы
9.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
10.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
11.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
12.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
13.
Ел­ді ме­кен, бас­қа * мем­ле­кет­тік тіл­де
14.
Ел­ді ме­кен, бас­қа орыс ті­лін­де*
15.
Ин­декс*
16.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
17.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
18.
Мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің №*
19.
Тір­кеу/қай­та тір­кеу кү­ні*
20.
БСН/ЖСН
21.
СТН*
22.
ҚҚС бой­ын­ша есеп­ке қою ту­ра­лы ку­ә­лік­тің се­ри­я­сы*
23.
ҚҚС бой­ын­ша есеп­ке қою ту­ра­лы ку­ә­лік­тің нө­мі­рі*
24.
ҚҰЖЖ мем­ле­кет­тік жік­те­у­ші­сі бой­ын­ша код*
Нақ­ты ор­на­лас­қан ме­кен-жайы
25.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
26.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
27.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
28.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
29.
Ел­ді ме­кен, бас­қа мем­ле­кет­тік тіл­де*
30.
Ел­ді ме­кен, бас­қа орыс ті­лін­де*
31.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
32.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
33.
Те­ле­фон (об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)*
34.
Факс (об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)
35.
Web-сайт
36.
Қыз­мет түр­ле­рі мем­ле­кет­тік тіл­де*
37.
Қыз­мет түр­ле­рі орыс ті­лін­де*
38.
Пер­со­нал са­ны, оның ішін­де
39.
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер (ИТҚ)*
40.
қыз­мет­кер­лер*
41.
Қа­зақ­стан­дық кадр­лар*
42.
Жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­зақ­стан­дық құ­ры­л­тай­шы­лар­дың үле­сі, %
Банк­тік де­ректе­ме­лер
43.
БСК*
44.
ЖСК*
45.
Қыз­мет көр­се­те­тін банк мем­ле­кет­тік тіл­де*
46.
Қыз­мет көр­се­те­тін банк орыс ті­лін­де*
47.
Бай­ла­ныс тұл­ға­сы (бай­ла­ныс жө­нін­де­гі ме­не­джер)*
48.
Аты-жө­ні*
49.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де*
50.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де*
51.
Те­ле­фон (Об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)*
52.
Факс (Об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)
53.
Элек­трон­дық ме­кен­жайы*
54.
Элек­трон­дық ме­кен­жай­ға ха­бар­ла­ма алу­ға ке­лі­сім*
________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)
М.О.
Ескерту:
*Толтыруға міндетті жолдар
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ҚҚС – қосылған құн салығы
КҰЖЖ – кәсіпорындар және ұйымдардың жалпы жіктеушісі
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды
БСК – банктік сәйкестендіру коды

46 Өндірушінің сауалнамасы

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау
өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Өндірушінің сауалнамасы
1.
Же­ке тұл­ға­ның ата­уы* мем­ле­кет­тік тіл­де
2.
Же­ке тұл­ға­ның ата­уы* орыс ті­лін­де
3.
Бі­рін­ші бас­шы­ның аты-жө­ні мем­ле­кет­тік тіл­де*
4.
Бі­рін­ші бас­шы­ның аты-жө­ні орыс ті­лін­де*
Заң­ды тір­кел­ген ме­кен жайы
5.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
6.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
7.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
8.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
9.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы* мем­ле­кет­тік тіл­де
10.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы орыс ті­лін­де*
11.
Ин­декс*
12.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
13.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
14.
Же­ке ку­ә­лік­тің №, бе­рі­л­ген кү­ні және ор­ны
15.
Же­ке кә­сіп­кер үшін - өті­ну­ші­нің же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің №
16.
БСН/ЖСН*
17.
СТН
Нақ­ты ор­на­лас­қан ме­кен жайы
18.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
19.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
20.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
21.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
22.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы мем­ле­кет­тік тіл­де*
23.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы орыс ті­лін­де*
24.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
25.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
26.
Те­ле­фон (об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)*
27.
Факс (об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)
28.
Ин­тер­нет-ре­сурс
29.
Қыз­мет түр­ле­рі мем­ле­кет­тік тіл­де*
30.
Қыз­мет түр­ле­рі орыс ті­лін­де*
31.
Пер­со­нал са­ны, оның ішін­де
32.
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер (ИТЖ)*
33.
қыз­мет­кер­лер*
34.
Қа­зақ­стан­дық кадр­лар*
Банк­тік де­ректе­ме­лер
35.
БСК*
36.
ЖСК*
37.
Қыз­мет көр­се­те­тін банк мем­ле­кет­тік тіл­де*
38.
Қыз­мет көр­се­те­тін банк орыс ті­лін­де*
39.
Бай­ла­ныс тұл­ға­сы (бай­ла­ныс жө­нін­де­гі ме­не­джер)*
40.
Аты-жө­ні*
41.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де*
42.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де*
43.
Те­ле­фон (Об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)*
44.
Факс (Об­лыс кодын қо­са ал­ған­да)
45.
Элек­трон­дық ме­кен жайы*
46.
Элек­трон­дық ме­кен жай­ға ха­бар­ла­ма алу­ға ке­лі­сім*
________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)
М.О.
Ескерту:
*Толтыруға міндетті жолдар
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды
БСК – банктік сәйкестендіру коды

47 Тауарлар тізбесі

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Тауарлар тізбесі
1.
СЭҚ ӨЖ бой­ын­ша та­у­ар ко­ды (6 бел­гі дең­гей­ін­де)*
2.
МӨБЖ коды­на сәй­кес өл­шем бір­лі­гі*
3.
Та­у­ар­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (түр­ле­рі, мөл­ше­рі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк кө­те­рі­лім­ді­гі және өзге­ле­рі) мем­ле­кет­тік тіл­де*
4.
Та­у­ар­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (түр­ле­рі, мөл­ше­рі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк кө­те­рі­лім­ді­гі және өзге­ле­рі) орыс ті­лін­де*
5.
Та­у­ар бір­лі­гі­нің са­ны, тең­ге
6.
Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия мем­ле­кет­тік тіл­де
7.
Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия орыс ті­лін­де
8.
Та­у­ар өн­ді­ру­ші ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және қол­да­ну мер­зі­мі
9.
Та­у­ар­лар­дың бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кест­і­гі (МЕМСТ; ҚР СТ, ҚР СТ ИСО, API, ASTM) мем­ле­кет­тік тіл­де
10.
Та­у­ар­лар­дың бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кест­і­гі (МЕМСТ; ҚР СТ, ҚР СТ ИСО, API, ASTM) орыс ті­лін­де
11.
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның нө­мі­рі
11.1
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның се­ри­я­сы
11.2
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын бер­ген ор­ган­ның ко­ды
11.3
Сер­ти­фи­кат­тың бе­рі­л­ген кү­ні
11.4
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­да­ғы қа­зақ­стан­дық қам­ту (%)
11.5
Сер­ти­фи­кат­тың жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
12
Та­у­ар­дың тех­ни­ка­лық, са­па­лық және пай­да­ла­ну­шы­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы қо­сым­ша ақ­па­рат
________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)
М.О.
Ескерту:
*Толтыруға міндетті жолдар
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші;
МӨБЖ - мемлекетаралық өлшем және есеп біліктерінің жіктеуіші;
МЕСТ - мемлекеттік стандарт;
ҚР СТ - Қазақстан Республикасының стандарты;
ИСО - Стандартизация бойынша халықаралық ұйым, ИСО
(International Organization for Standardization, ISO);
API - Американдық мұнай институтының стандарты (American
Petroleum Institute, API);
ASTM - ASTM International (American Society for Testing and
Materials) - материалдар, өнімдер, жүйе және қызметтер үшін
стандарттарды өңдейтін және беретін американдық халықаралық
ерікті ұйым.

48 Жұмыстар/қызметтер тізбесі

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Жұмыстар/қызметтер тізбесі
1.
Орын­да­ла­тын (көр­се­ті­ле­тін) жұ­мыстың (қыз­мет­тің) ЭҚТ ӨЖ бой­ын­ша ко­ды*
2.
Жұ­мыстың (қыз­мет­тің) қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (түр­ле­рі, мөл­ше­рі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк кө­те­рі­лім­ді­гі және өзге­ле­рі) мем­ле­кет­тік тіл­де*
3.
Жұ­мыстың (қыз­мет­тің) қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (түр­ле­рі, мөл­ше­рі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк кө­те­рі­лім­ді­гі және өзге­ле­рі) орыс ті­лін­де*
4.
Орын­да­ла­тын (көр­се­ті­ле­тін) жұ­мыс­та­ғы (қыз­мет­те­гі) қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі, %*
5.
Орын­да­ла­тын (көр­се­ті­ле­тін) жұ­мыстың (қыз­мет­тің) құ­ны
6.
Ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі және қол­да­ну мер­зі­мі
7.
Жұ­мыстар (қыз­мет­тер) нәти­же­ле­рі­нің ке­піл­дік мер­зі­мі
8.
Жұ­мыстар (қыз­мет­тер) нәти­же­ле­рі­нің жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
9.
Жұ­мыстар­дың/қыз­мет­тер­дің тех­ни­ка­лық, са­па­лық және пай­да­ла­ну­шы­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы қо­сым­ша ақ­па­рат
________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)
М.О.
Ескерту:
*Толтыруға міндетті жолдар
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші

49 Жұмыс/қызмет өндірушілерінің ақпараты

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Жұмыс/қызмет өндірушілерінің ақпараты
1.
Жұ­мыс­шы­лар­дың жал­пы са­ны:*
оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі:*
оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі емес:*
________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)
М.О.
Ескерту:
*Толтыруға міндетті жолдар

Қолданыстағы