О Правилах содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/387
- Қабылданған күні
- 23.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2012 60972_216184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KM000104
- ЭКБ идентификаторы
- 60972
- Редакция идентификаторы
- 60972_216184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:35
0 Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін (қоса тіркелген).
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛIСIЛДI:
Қарқаралы ауданы әкiмiнiң
орынбасары
Б. Тоқмурзин
23.09.2011 ж.
"Қарқаралы аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
Т. Көпжасаров
23.09.2011 ж.
"Қарқаралы ауданының iшкi iстер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
С. Исабай
23.09.2011 ж.
"Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиялық
қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Сипатуллин
23.09.2011 ж.
3 Қарқаралы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
N 39/387 шешімімен бекітілген
Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесi
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесi (бұдан әрi - Ереже), "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
2 2. Осы Ереженiң күшi Қарқаралы ауданы аумағындағы жеке және басқадай меншiгiнде иттерi мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртiбi
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ереженi сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бiрнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзi тұратын тұрғын үй көлемiнде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келiсiмiмен);
кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, бағбандық және саяжайлық бiрлестiктердiң аумағында, демалыс базаларында иттердi байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгi уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшiн қауiп төндiру мүмкiндiктерiн болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кiреберiсте тиiстi жазу жазылған ескерту кестесiн қамтамасыз ету қажет.
4
4. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда дәлiздерде, баспалдақтар бөлiктерiнде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда), үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерiнiң жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға жол берілмейді.