Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов

Қаулы · № 1210 · қабылданған 27.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60981/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов Күшін жойған Қаулы ·№ 1210 ·27.10.2011
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов

Күшін жойған Қаулы ·№ 1210 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов
Атауы (қаз.)
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1210
Қабылданған күні
27.10.2011
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI60981_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001210
ЭКБ идентификаторы
60981
Редакция идентификаторы
AI60981_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:22

0 Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасын бекіту туралы

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2 2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда ғана мұнай өнімдерін көтерме сатуға:

1 1) мұнай өнімдерін өндірушілерді;

2 2) дербес өндірілген және (немесе) импортталған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесінде шығарылған мұнай өнімдерін сататын көтерме сауда арқылы берушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге жол беріледі.

3 3. Аккредиттеуді мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.

4 4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді:

1 1) аккредиттелетін субъектілердің құжаттарын қарауды;

2 2) аккредиттеу туралы шешім қабылдауды;

3 3) аккредиттеу аттестатын ресімдеуді, тіркеуді және беруді не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберуді көздейді.

5 5. Аккредиттелетін субъектілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1 1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасына немесе резервуарына ие болуы тиіс;

2 2) мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдары болуы тиіс.

2 2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібі

6 6. Аккредиттеу үшін мынадай құжаттар:

1 1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) жеке тұлға үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе заңды тұлға үшін - ұйым жарғысының нотариалдық куәландырылған көшірмесі және ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасының немесе резервуарының болуын растайтын құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі.

Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

7 7. Аккредиттеу туралы құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

8 8. Уәкілетті орган құжаттарды қарау нәтижелері бойынша аккредиттеу немесе ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9 9. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда аккредиттелген субъектілер тізіліміне тиісті жазба енгізіледі және мұндай шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.

Уәкілетті орган осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген субъектілер тізілімін жүргізеді.

10 10. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады, мерзімсіз болып табылады, иеліктен шығарылмайды және басқа жеке немесе заңды тұлғаға берілмейді.

11 11. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартылған жағдайда аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағиданың талаптарына сәйкес қайтадан өтініш береді.

3 3. Аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу, қайта ресімдеу

12 12. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

1 1) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің жазбаша өтініші болғанда;

2 2) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде жалған ақпарат бергенде;

3 3) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік ету тоқтатылғанда;

4 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, заңды тұлға бөлу нысанында қайта ұйымдастырылғанда;

5 5) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің көтерме бағалары, эксперты және импорты бойынша күн сайынғы мониторинг бойынша ақпарат бермеген жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуды жүзеге асырады.

13 13. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға иелік ету тоқтатылған жағдайда мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

14

14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгертілген жағдайда аккредиттелген субъектілер аталған мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп және осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш жасайды.

15 15. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік күші жойылды деп танылады және аккредиттелген субъектілер тізіліміне тиісті ақпарат енгізіліп, уәкілетті органға қайтарылады.

16 16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.

Аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады және тізілімге тиісті жазба енгізіледі.

17 17. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

18 18. Уәкілетті органның мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер ретінде аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

40 Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу туралы куәлік беруге ӨТІНІШ

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына
1-қосымша
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу туралы куәлік беруге ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(СТН, БСН, дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің
нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________
(мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың орналасқан жері, атауы)
аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.
қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. _____________________________
2. _____________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
________ ____________________
(қолы)          (Т.А.Ә.)
МО   20___ж. "___"_____________

41 АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
_____________________________________________________________________
жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
жеке немесе заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу
туралы куәлік.
СТН/ЖСН: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың атауы мен орналасқан жері
_____________________________________________________________________
мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға иелік етуге негіздеме берілді.
Куәлік берген орган:
Басшы (уәкілетті органның)
Куәлікті ресімдеу күні ______________
Куәлік сериясы ______________________
Астана қаласы

42 Көтерме сауда арқылы берушілер тізілімі

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына
3-қосымша
Нысан
Көтерме сауда арқылы берушілер тізілімі
Р/с

Кү­ні
Ак­кре­дит­теу
ту­ра­лы ку­ә­лік се­ри­я­сы
Кө­тер­ме са­уда ар­қы­лы бе­ру­ші­нің ата­уы
СТН/ЖСН
Мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­ның неме­се ре­зер­ву­ар­дың ата­уы
Мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­ның неме­се ре­зер­ву­ар­дың ор­на­лас­қан же­рі
Бай­ла­ныс де­ректе­рі

Қолданыстағы