Құжат мәтініне өту

О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций

Қаулы · № 1211 · қабылданған 27.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61035/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 1211 ·27.10.2011
31.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 1211 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1211
Қабылданған күні
27.10.2011
Көрсетілген редакция
31.05.2016 AI61035_10.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001211
ЭКБ идентификаторы
61035
Редакция идентификаторы
AI61035_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:22

0 Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары;

2 2) Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 27 қаулысы;

2 2) «Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулысы.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

9 Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1211 қаулысымен
бекітілген
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес әзiрлендi және тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.

2

2. Бюджеттiк субсидиялар тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты мемлекеттiк театр, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

2 2. Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi

3 3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.

4

4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.

4-1

4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық, жергілікті уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.

5

5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.

6 6. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.

7 7. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджет бағдарлама әкiмшiсiне:

1 1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;

2 2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.

8 8. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.

9 9. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары есептердiң дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

10 10. Мемлекеттiк театрларға, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бюджеттiк субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.

25 _______________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы кiрiс жоспары

Тұрғындар үшін театр,
мәдени-демалыс және концерт
іс-шараларына қол жетімділікті
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына
1-қосымша
_______________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы кiрiс жоспары
Р/с

Спек­такль­дер­дiң, кон­церт­тер­дiң са­ны (да­на)
Кө­ре­рмен­дер­дiң са­ны
(мың адам)
Кiрiстер
(мың тең­ге)
Ес­керт­пе
Би­лет са­ту­дан
Жал­ға бе­ру­ден
Өзге де
1
2
3
4
5
6
7

26 _______________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы шығыс жоспары

Тұрғындар үшін театр,
мәдени-демалыс және концерт
іс-шараларына қол жетімділікті
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына
2-қосымша
_______________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20_____жылғы шығыс жоспары
мың теңге
Р/с

Көр­сет­кi­ш­тер­дiң ата­уы
Со­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
4

27 ____________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20___жылғы ____ айындағы мемлекеттiк театрлардың, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарының шығындарын жабу есебi

Тұрғындар үшін театр,
мәдени-демалыс және концерт
іс-шараларына қол жетімділікті
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына
3-қосымша
____________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20___жылғы ____ айындағы мемлекеттiк театрлардың, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарының шығындарын жабу есебi
мың теңге
Өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет­тер­дiң құ­ны
Мен­шiк­тi кiрiстер­дiң
со­ма­сы
Суб­си­ди­я­лар­дың со­ма­сы
1
2
3

28 Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың тізбесі

Тұрғындар үшiн театр, мәдени-
демалыс және концерт iс-шараларына
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметтердi көрсетуге,
классикалық, халықтық, музыкалық
және хореографиялық өнердi
насихаттауға байланысты залалды
жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу
қағидаларына
4-қосымша
Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың тізбесі
Р/с

Ұй­ым­дар ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия %
1
2
3
1
«Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» КАҚ
80 %
2
«Күл­әш Бай­сей­iто­ва атын­да­ғы Ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
90 %
3
«Абай атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
85 %
4
«М. Әу­е­зов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
85 %
5
«М. Лер­мон­тов атын­да­ғы Мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық орыс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
80 %
6
«Ғ. Мүсiре­пов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер те­ат­ры» РМҚК
85 %
7
«Н. Сац атын­да­ғы Орыс мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер те­ат­ры» РМҚК
90 %
8
«Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ко­рей му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
95 %
9
«Құдыс Қо­жа­ми­я­ров атын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ұй­ғыр му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
95 %
10
«Рес­пуб­ли­ка­лық немiс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
95 %
11
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Сал­та­нат» мем­ле­кет­тiк би ан­сам­блi» РМҚК
90 %
12
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық би те­ат­ры» РМҚК
95 %
13
«Жам­был атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк фи­лар­мо­ни­я­сы» РМҚК
90 %
14
«Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ха­лық ас­пап­тар ор­кест­рi» РМҚК
90 %
15
«Қа­зақ­стан Ка­ме­ра­та­сы» клас­си­ка­лық му­зы­ка ан­сам­блi» РМҚК
95 %
16
«Қа­з­ақ­кон­церт» мем­ле­кет­тік кон­церт­тік ұй­ы­мы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны
95 %
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
КАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

29 Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1211 қаулысымен
бекітілген
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес әзiрленді және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Субсидиялар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

2 2. Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi

3 3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.

4

4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.

4-1

4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың залалын өтеуге бөлінеді.

5 5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк мұражайларға бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.

6 6. Мемлекеттiк мұражайлар алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.

7 7. Мемлекеттiк мұражайлар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне:

1 1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;

2 2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.

8 8. Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.

9 9. Мемлекеттiк мұражайлар есептердің дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

10 10. Мемлекеттiк мұражайларға бюджеттік субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.

45 _________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_________ кiрiс жоспары

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына
1-қосымша
_________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_________ кiрiс жоспары
Р/с

Көр­ме­лер
са­ны
Экс­кур­си­я­лар
са­ны
Ке­лу­шiлер
са­ны
(мың адам)
Кiрiстер (мың тең­ге)
Ес­керт­пе
Би­лет
са­ту­дан
Жал­ға
бе­ру­ден
Өзге­лер
1
2
3
4
5
6
7
8

46 ___________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_________ шығыс жоспары

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына
2-қосымша
___________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_________ шығыс жоспары
мың теңге
Р/с

Көр­сет­кi­ш­тер­дiң ата­уы
Со­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
4

47 (заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_____ айына мемлекеттiк мұражайлардың залалдарын жабу есептемесi

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына
3-қосымша
(заңды тұлғаның атауы) 20__ жылғы_____ айына мемлекеттiк мұражайлардың залалдарын жабу есептемесi
мың теңге
Са­ты­ла­тын
қыз­мет­тер­дiң өзiн­дiк құ­ны
Мен­шiк­тi кiрiстер со­ма­сы
Суб­си­ди­я­лар со­ма­сы
1
2
3

48 Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың тізбесі

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және
реставрациялануын қамтамасыз етуге
байланысты залалды жабуға
бюджеттiк субсидиялар
бөлу қағидаларына
4-қосымша
Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың тізбесі
Р/с

Ұй­ым­дар ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия %
1.
2
3
1.
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк ор­та­лық мұ­ра­жайы» РМҚК
90 %
2.
«Ә. Қа­сте­ев атын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк өнер мұ­ра­жайы» РМҚК
90 %
3.
«Си­рек кез­де­сетiн қи­яқ­ты саз ас­пап­та­ры­ның мем­ле­кет­тiк кол­лек­ци­я­сы» РМҚК
92 %
4.
«Рес­пуб­ли­ка­лық кiтап мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
5.
«Ор­даб­а­сы» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни қо­ры­ғы» РМҚК
98 %
6.
«Бе­рел» мем­ле­кет­тiк та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
7.
«Есiк» мем­ле­кет­тiк та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
8.
«Оты­рар мем­ле­кет­тік ар­хео­ло­ги­я­лық қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
90 %
9.
«Ұлы­тау» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
95 %
10.
«Әзі­рет Сұл­тан» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
80 %
11.
«Абай­дың «Жи­де­бай-Бө­рі­лі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және әде­би-ме­мо­ри­ал­дық қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
95 %
12.
«Ежел­гі Та­раз ес­керт­кіш­те­рі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
95 %
13.
«Таң­ба­лы» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
97 %
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қолданыстағы