Құжат мәтініне өту

Об определении требований к планам противопожарных мероприятий, разрабатываемым лесопользователями при долгосрочном лесопользовании

Қаулы · № 1212 · қабылданған 28.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61046/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении требований к планам противопожарных мероприятий, разрабатываемым лесопользователями при долгосрочном лесопользовании Күшін жойған Қаулы ·№ 1212 ·28.10.2011
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении требований к планам противопожарных мероприятий, разрабатываемым лесопользователями при долгосрочном лесопользовании

Күшін жойған Қаулы ·№ 1212 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении требований к планам противопожарных мероприятий, разрабатываемым лесопользователями при долгосрочном лесопользовании
Атауы (қаз.)
Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1212
Қабылданған күні
28.10.2011
Көрсетілген редакция
04.09.2015 61046_210990.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000654
ЭКБ идентификаторы
61046
Редакция идентификаторы
61046_210990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:21

0 Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1212 қаулысымен
бекітілген
Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар

1 1. Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады.

Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады:

1 1) өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;

2 2) орман өрттерін сөндіру іс-шаралары.

2

2. Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман иеленушінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздейді және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылады.
Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі.
Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.
Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді.

3

3. Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайларда сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда мемлекеттік орман иеленушімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман мекемесінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан өзге де ұйымдардың күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Бұл бөлімде орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, сондай-ақ өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасау орман пайдаланушының есебінен көзделеді.

4

4. Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары ағымдағы жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін мемлекеттік орман иеленушілерге беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары мемлекеттік орман иеленушімен келісіледі және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді.

Қолданыстағы