О повышении тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Темиртау
Күшін жойған
Қаулы
·№ 39/1
·
15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Темиртау
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/1
- Қабылданған күні
- 06.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2015 61051_173349.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KC000125
- ЭКБ идентификаторы
- 61051
- Редакция идентификаторы
- 61051_173349
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:30
0 Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі елу теңге көлемінде белгіленсін.
2. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаев осы қаулыны орындау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте іс-әрекет жасасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрмұқанқызы Күсеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қалалық
мәслихатының хатшысы
_____________ А. Аркатов
06 қазан 2011 жыл