Об установлении дополнительных мер по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан по решениям местных представительных органов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительных мер по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан по решениям местных представительных органов
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 28.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2012 61074_206287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LD000159
- ЭКБ идентификаторы
- 61074
- Редакция идентификаторы
- 61074_206287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:33
0 Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ХХХІІ сессиясының N 248 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-4-137 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша тиісті бюджеттен бөлінген қаражаттар шегінде жекелеген санаттағы азаматтарға жылына бір рет әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы) - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3 3) 1979-1989 жылдары Ауғанстан соғысына және 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2 2. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі бюджеттік бағдарлама әкімшісі "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.
3
3. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Жалғасбай) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті құжаттардың негізінде бөлінген қаражаттарды әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда әлеуметтік көмекті алу үшін ашылған жеке шоттарына аударады.