Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача адресных справок с места жительства"

Бұйрық · № 487 · қабылданған 20.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61108/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача адресных справок с места жительства" Күшін жойған Бұйрық ·№ 487 ·20.09.2011
20.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача адресных справок с места жительства"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 487 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача адресных справок с места жительства"
Атауы (қаз.)
"Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
487
Қабылданған күні
20.09.2011
Көрсетілген редакция
20.03.2014 AI61108_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007277
ЭКБ идентификаторы
61108
Редакция идентификаторы
AI61108_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:36

0 "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" Мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрі
______________ А. Жұмағалиев
2011 жылғы "___"______________

8 "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 487 бұйрығымен
бекітілген
"Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" Мемлекеттік қызмет регламентте (бұдан әрі – Регламент) мынадай анықтамалар пайдаланылады:

мекенжай анықтамалары – тұтынушылар мекенжайда тіркелгені/тіркеуден шығарылғаны туралы анықтамалар;
тұтынушы – мемлекеттік қызметке жүгінген жеке және заңды тұлға;
құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты адамдары, "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер).

2 2. Жалпы ережелер

2 2. "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де инстанцияларға ұсыну үшін тұтынушыларға тіркелгені/тіркеуден шығарылғаны туралы анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті облыстардағы, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің құрылымдық бөліністері – мекенжай бюролары (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) "Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет стандарты);

2 2) "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 745 қаулысының.

6 6. Тұтынушыға мекенжай анықтамасын қағаз тасымалдағышта беру көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілердің тізбесі:

1 1) уәкілетті орган;

2 2) ХҚКО.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін уәкілетті органға немесе ХҚКО-ға жүгінеді, олардың орналасқан жері мен жұмыс кестесі Стандартын 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, оның ішінде оны көрсету барысы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету орындарында алуға болады, олардың тізбесі Стандартын 1, 2-қосымшада көрсетілген.

10

10. ХҚКО-дан құжаттар топтамасын курьерлік байланыс арқылы алған кезде уәкілетті орган осы Регламенттің 16-тармағына сәйкес оларға тексеру жүргізеді, деректерді картотека бойынша тексереді, мекенжай анықтамасын толтырады, орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады және қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын орындалған (дайын) құжаттарды курьерлік байланыс арқылы ХҚКО-ға береді.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) жеке тұлға уәкілетті органға өтініш берген сәттен бастап 10 минуттан аспайды;

2

2) жеке тұлғалар осы регламенттің 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап – 3 жұмыс күні, ХҚКО-ға, оның ішінде Алматы қаласы ХҚКО-ға – 5 жұмыс күні. Заңды тұлғалардың жазбаша сұрау салулары – 5 жұмыс күні.

12 12. Тұтынушы осы регламенттің 16-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган немесе ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

13

13. Жеке тұлға тікелей жүгінген кезде мекенжай бюросының қызметкері тұлғаның анықтамалық деректерін есепке алу журналына тіркейді, деректерді картотека бойынша тексереді, оған тұтынушының мекенжайда тіркелгені/тіркеуден шығарылғаны туралы және сұрауды орындаған мекенжай бюросының қызметкері деректерін көрсете отырып, мөртабан қойылған мекенжай анықтамасын береді.
Тұтынушылардың жазбаша сұрауларын мекенжай бюросының қызметкері кіріс хат-хабарлар журналына тіркейді, деректерді картотека бойынша тексереді, мекенжай анықтамасын толтырып, шығыс хат-хабарлар журналына тіркейді.
Заңды тұлғалардың жазбаша сұраулары бойынша бір тұлғаға мекенжай анықтамалары тұтынушыға қайтарылатын сұраудың артқы бетіне мөртабан қою және толтыру арқылы беріледі.
Тізім келіп түскен кезде мекенжай анықтамалары тіркелгені немесе тіркеуден шыққаны туралы мәліметтер бар адамдарға қатысты ғана толтырылады, қалған адамдар тегінің тұсына "тіркелмеген" деген белгі қойылады және қоса берілген анықтамалармен бірге тізім адресатқа қайтарылады.
Уәкілетті орган және ХҚКО орындалған (дайын) құжаттарды осы Регламентің 11 бапта анықталған мерзімде береді.

14 14. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжай бюросының қызметкеріне, ХҚКО-ға ХҚКО-ның инспекторына тапсырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл жасасу) тәртібінің сипаттамасы

15 15. Уәкілетті орган мекенжай анықтамасын жеке тұлғаға жүгінген сәтте береді.

Заңды тұлғалардан жазбаша сұраулар келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган сұраудың екінші данасына сұрауды қабылдаған тіркеушінің деректерін, сұраудың қабылданған күнін қояды.
Құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдау кезінде тұтынушыға:
сұрауды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
ХҚКО-ның құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

16 16. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:

уәкілетті органға:
жеке тұлғалар – өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін туысқандық байланысын растайтын (неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасын ұсынады;
заңды тұлғалар – сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;
мекенжай анықтамасын үшінші тұлғаға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін;
ХҚКО-ға:
еркін нысандағы арыз;
жеке тұлғалар – өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады. Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін туысқандық байланысын растайтын (неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін;
заңды тұлғалар – сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;
мекенжай анықтамасын үшінші адамға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін ұсынады.
ХҚКО қызметкері құжаттар пакетін қабылдау кезінде көшірменің түпнұсқаға сәйкестігін салыстыра тексереді және түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарады.

17 17. Мекенжай бюросының картотекалар тұрған бөлмелеріне сұрау салуларды, хаттарды орындаушы және олардың жұмысын тексеруші адамдардың ғана рұқсаты бар.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:

1 1) мекенжай бюроларының қызметкерлері;

2 2) ХҚКО инспекторлары;

3 3) азаматтарды тіркеуге жауапты көші-қон полициясы бөліністерінің қызметкерлері.

19 19. 3-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті (рәсімі) дәйектілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.

20 20. 4-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекетінің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыс сызбасы көрсетілген.

42 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

"Тұрғылықты жерінен мекенжай
анықтамаларын беру"
Мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі про­цесс іс-әре­ке­ті (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
іс-әре­кет № (жұ­мыстард ың ағы­ны, ба­ры­сы)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кар­то­те­ка тір­ке­у­ші­сі
Тұ­ты­ну­шы­лард ың жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ла­рын өң­деу жө­нін­де­гі ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­сі
Аза­мат­тар ті­ке­лей жү­гін­ген ке­зін­де анық­та­ма­лар бе­ру жө­нін­де­гі ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­сі
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
ХҚКО-ның уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кетт ің (про­це­стің , рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ны ң) және олар­дың си­патта­мас ының ата­уы
Хат-ха­бар­ла рды тек­се­ру және қа­был­дау, кі­ріс, шы­ғыс хат-ха­бар­ла рды тір­кеу
Па­рақ­тар­ды тол­ты­ру са­па­сын тек­се­ру кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы­ның бө­лі­ні­сте­рін ен ке­ліп түс­кен ме­кен­жай па­рақ­та­рын ал­фа­вит бой­ын­ша ірік­теу
Құ­жат­тар­ды тек­се­ру, сұ­рау са­лу­лар­ды ал­фа­вит бой­ын­ша ірік­теу, сұ­рау са­лу­ды кар­то­те­ка мен есеп­ті пай­да­ла­ну ар­қы­лы өң­деу
Же­ке тұл­ға ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру, есеп­ке алу жур­на­лы­на тір­кеу, сұ­рау са­лу­ды кар­то­те­ка мен есеп­ті пай­да­ла­ну ар­қы­лы өң­деу
ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­нан құ­жат­тар­ды ті­зім бой­ын­ша қа­был­дау және тек­се­ру
Құ­жат­тар­ды ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­нан бе­ру және қа­был­дау
4
Аяқ­тау ны­са­ны
Хат-ха­бар­лар­ды ме­кен­жай тір­ке­у­ші­лер іне бе­ру
Ме­кен­жай па­рақ­та­рын кар­то­те­ка­ға са­лу, ме­кен­жай бю­ро­сы­ның ав­то­мат­тан­ды  ры­л­ған есе­бін ен­гі­зу
Ме­кен­жай анық­та­ма­ла­ры н тол­ты­ру не бол­ма­са заң­ды тұл­ға­ның жа­з­ба­ша сұ­рау са­луы­на мөр­та­бан қою, құ­жат­тар­ды кең­се­ге бе­ру
Тұ­ты­ну­шы­ға ме­кен­жай анық­та­ма­сын бе­ру
Дай­ын құ­жат­тар­ды ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­на ті­зім бой­ын­ша бе­ру
Құ­жат­тар­ды тұ­ты­ну­шы­дан бе­ру неме­се ме­кен­жай анық­та­ма­ла­рын бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
Күн сай­ын
Күн сай­ын
3-5 күн
10 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
3-5 күн
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кар­то­те­ка тір­ке­у­ші­лер то­бы
Жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­лар бой­ын­ша ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­лер то­бы
Аза­мат­тар ті­ке­лей жү­гін­ген ке­зін­де анық­та­ма­лар бе­ру жө­нін­де­гі ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­лер то­бы
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
ХҚКО-ның уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
1. Хат-ха­бар­лар­ды тек­се­ру және қа­был­дау, кі­ріс, шы­ғыс хат-ха­барл ар­ды есеп­ке алу жур­на­лы­на тір­кеу (1 күн)
3.Па­рақ­тар­ды тол­ты­ру са­па­сын тек­се­ру, ме­кен­жай па­рақ­та­рын ал­фа­вит бой­ын­ша ірік­теу (бір күн ішін­де)
5. Құ­жат­тар­ды тек­се­ру, сұ­рау са­лу­лар­ды ал­фа­вит бой­ын­ша ірік­теу, сұ­рау са­лу­ды кар­то­те­ка мен есеп­ті пай­да­ла­ну ар­қы­лы өң­деу (1-2 күн)
9. Же­ке адам ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру, есеп­ке алу жур­на­лы­на тір­кеу, сұ­рау са­лу­ды кар­то­те­ка мен есеп­ті пай­да­ла­ну ар­қы­лы өң­деу (10 ми­нут ішін­де
11. ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­нан құ­жат­тар­ды ті­зім бой­ын­ша қа­был­дау және тек­се­ру (кү­ніне 2 рет)
13. Құ­жат­тар­ды ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­нан бе­ру және/неме­се қа­был­дау (кү­ніне 2 рет)
2. Кі­ріс хат-ха­бар­лар­ды ме­кен­жай тір­ке­у­ші­ле­ріне бе­ру (1 күн)
4. Кар­то­те­ка­ға са­лу, ме­кен­жай бю­ро­сы­ның ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған есе­бін ен­гі­зу (бір күн ішін­де)
6.Ме­кен­жай анық­та­ма­ла­рын тол­ты­ру не бол­ма­са заң­ды тұл­ға­ның жа­з­ба­ша сұ­рау са­луы­на мөр­та­бан қою (2-4 күн)
10. Тұ­ты­ну­шы­ға ме­кен­жай анық­та­ма­сын бе­ру (10 ми­нут ішін­де)
12. Дай­ын құ­жат­тар­ды ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­на ті­зім бой­ын­ша бе­ру (кү­ніне 2 рет)
14. Тұ­ты­ну­шы­ға құ­жат­тар неме­се ме­кен­жай анық­та­мал арын бе­ру (3-5 күн)
8. Шы­ғыс хат-ха­бар­лар­ды тұ­ты­ну­шы­ға жол­дау (1 күн)
7. Хат-ха­бар­лар­ды кең­се­ге бе­ру (1 күн)
3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы , ағы­ны)
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның кар­то­те­ка тір­ке­у­ші­лер то­бы
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
Жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­лар бой­ын­ша ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­лер то­бы
Ме­кен­жай бю­ро­сы­ның тір­ке­у­ші­лер то­бы
ХҚКО-ның уәкі­лет­ті
қыз­мет­ке­рі
1. Хат-ха­бар лар­ды тек­се­ру және қа­был­дау, кі­ріс хат-ха­бар­ла рды тір­кеу (1 күн)
3. Па­рақ­тар­ды тол­ты­ру са­па­сын тек­се­ру (бір күн ішін­де)
5. ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­нан құ­жат­тар­ды ті­зім бой­ын­ша қа­был­дау және тек­се­ру (кү­ніне 2 рет)
7. Құ­жат­тар­ды тек­се­ру (1-2 күн)
11. Же­ке тұл­ға ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру(шұ­ғыл)
13. Тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру(шұ­ғыл)
2. Кі­ріс хат-ха­бар­ла рды ме­кен­жай тір­ке­у­ші­лер іне бе­ру (1 күн)
4. Ме­кен­жай па­рақ­та­рын қай­та рә­сім­де­у­ге қай­та­ру (бір күн ішін­де)
6. То­лық емес құ­жат­тар­ды ХҚКО-ның хат та­су­шы­сы­на ті­зім бой­ын­ша қай­та­ру (кү­ніне 2 рет)
8. Заң­ды тұл­ға­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды қай­та­ру (1-2 күн)
12. То­лық емес құ­жат­тар­ды қай­та­ру(шұ­ғыл)
14. Тұ­ты­ну­шы­ға то­лық емес құ­жат­тар­ды қай­та­ру(шұ­ғыл)
10. Шы­ғыс хат-ха­бар­ла рды тұ­ты­ну­шы­ға жол­дау (1 күн)
9. Хат-ха­бар­лар­ды кең­се­ге бе­ру (1 күн)
9.Хат-ха­бар лар­ды кең­се­ге бе­ру (1 күн)

43 Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

"Тұрғылықты жерінен мекенжай
анықтамаларын беру"
Мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

Қолданыстағы