Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства"

Бұйрық · № 502 · қабылданған 26.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61110/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства" Күшін жойған Бұйрық ·№ 502 ·26.09.2011
04.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 502 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация, перерегистрация автотранспортных средств и выдача регистрационных номерных знаков, за исключением транспортных средств, регистрируемых Министерством сельского хозяйства"
Атауы (қаз.)
"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
502
Қабылданған күні
26.09.2011
Көрсетілген редакция
04.04.2014 AI61110_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007280
ЭКБ идентификаторы
61110
Редакция идентификаторы
AI61110_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:34

0 "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б.Бисенқұлов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2 2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б.Бисенқұлов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

8 "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 502 бұйрығымен
бекітілген
"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" қызмет көрсету регламенті "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) көлік құралының иесі (иенің өкілі) - көлік құралының меншік иесі болып табылатын не болмаса белгіленген заңнамалық актілердің негізінде және шегінде көлік құралын пайдаланатын немесе иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;

2

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу - заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - МТНБ) және көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуға рұқсат берілгенін растайтын оларға арналған құжаттарды есепке алу, беру бойынша ішкі істер органдары жол полициясының қызметі;

3 3) тіркеудегі өзгерістер - тиісті құқықтық негіздер бар болған жағдайда көлік құралдарының есепке алу деректері мен құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

4 4) тіркеу құжаты - көлік құралының жол қозғалысына қатысуға рұқсат берілгенін растайтын, көлік құралының ресми құжаты болып табылатын көлік құралын тіркеу туралы куәлігі (бұдан әрі - КҚТК).

3 3. Мемлекеттік қызметті ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ЖП ТЕБ) көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының;

2 2) "Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағы 18) тармақшасының;

3 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт);

4

4) "Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) көрсетіледі.

6 6. Белгіленген үлгідегі КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7

7. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. ЖП ТЕБ орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

8 8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1 1) Үкіметтің электрондық порталында;

2 2) электрондық Үкіметтің порталында;

3 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);

4 4) ІІМ Жол полициясы комитетінің "Заңнама" бөлімінде (www.zholpolice.kz);

5 5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) веб-сайттарында, Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылған.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1 1) өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 сағаттан аспайды;

2 2) өтініш иесінің жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;

3 3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты - 40 минуттан аспайды.

10 10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады:

1 1) көлік құралы не болмаса өтініш иесі іздестіруде болған жағдайда;

2 2) өтініш иесі көлік құралын, осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда;

3 3) стандарттар мен ережелерді бұза отырып, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру;

2 2) арнайы есептер бойынша тексеру және көлік құралдарының агрегаттарына салыстыру жүргізу;

3 3) ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін жинау;

4 4) КҚТК өндірісі;

5 5) КҚТК беру;

6 6) өтініш иесінің тізілімде қол қоюы.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды бір адам, ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш иесі ЖП ТЕБ-ке Стандарттың 11-тармағында көзделген тізбені ұсынуы қажет.

14 14. Өтініш иесі жүргізуші куәлігін алу мәселесі бойынша өтініш білдірген кезде ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың көрсетілген Бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу және жеке көлік құралдарын есепке алу Ережесінің талаптарына сәйкестігін тексереді.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығы белгіленген:

1 1) КҚТК бергені үшін - мемлекеттік бажды төлеген күнде ең аз есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) - 125 пайызды;

2 2) автомобильге МТНБ бергені үшін - АЕК - тен 280 пайызды;

3 3) мотокөлікке МТНБ, автомобильге тіркеме беру үшін - АЕК-тен 140 пайызды;

4 )"Транзит" көлік құралын айдап әкету үшін нөмірлік белгі беру үшін АЕК-тен 35 пайызды құрайды.
Сонымен қатар Кодексте көлік құралдарын тіркегені үшін мемлекеттік алым көзделген, ол әрбір тіркелетін (қайта тіркелетін) көлік құралы үшін, сондай-ақ КҚТК көшірмесін алу кезінде АЕК-тің төрттен бір бөлігін құрайды.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар көлемі мен төлеген күнін растайтын төлемдік құжаттар береді.

16 16. ЖП ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Осы регламенттің 16-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ қызметкері құжаттарды ЖП ТЕБ операторына жолдайды. ЖП ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін:

1 1) көлік құралының өтініш иесін (өтініш иесінің өкілін) автоматтандырылған-ақпараттық іздеу жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) бойынша және көлік құралын іздестіруде болуын тексереді;

2 2) көлік құралы өтініш иесінің (өтініш иесі өкілінің) көлік құралдарының электрондық есептерінің ААІЖ жүйесінде жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу деректерін жинақтауды жүзеге асырады.

Көрсетілген іс-әрекеттер нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ операторы дайындалған КҚТК ТЕБ қызметкеріне тапсырады, ол осы регламенттің 9-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде көлік құралының иесіне қол қойғызып, КҚТҚ мен МТНБ береді.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаны туралы талон беріледі.
КҚТК мен МТНБ жеке басын куәландыратын құжаттарды (сенімхат) берген соң КҚТК мен МТНБ тізіліміне қол қойғаннан кейін өтініш иесіне (өтінушінің өкілі) беріледі.

17 17. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық-фунционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік іс-әрекеттердің реті және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

18 18. Осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету мен ҚФЕ процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба келтірілген.

60 1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі
тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда
көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және
нөмірлік тіркеу белгілерін беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
Негіз­гі про­це­стің әре­ке­ті (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
ЖПБ
ЖПБ
ЖПБ
3
Әре­кет­тің (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­ла­ры
өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
АА­ІЖ жүй­е­сін­де қа­жет­ті тір­кеу де­ректе­рін те­ру
КҚТК бе­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру және кө­лік құ­ра­лы­ның аг­ре­гат­та­рын са­лы­сты­ру
КҚТК өн­ді­ру
өті­ніш ие­сі­нің ті­зі­лім­де қол қою
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
20 ми­нут
5 ми­нут
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3

61 Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу,
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

Қолданыстағы