Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил первичного учета вод

Қаулы · № 1216 · қабылданған 28.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61187/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил первичного учета вод Күшін жойған Қаулы ·№ 1216 ·28.10.2011
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил первичного учета вод

Күшін жойған Қаулы ·№ 1216 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил первичного учета вод
Атауы (қаз.)
Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1216
Қабылданған күні
28.10.2011
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI61187_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001216
ЭКБ идентификаторы
61187
Редакция идентификаторы
AI61187_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:21

0 Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Судың бастапқы есебінің қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1216 қаулысымен
бекітілген
Судың бастапқы есебінің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

судың бастапқы есебі (бұдан әрі - СБЕ) - су пайдаланушылар жүргізетін жер үсті мен жер асты суларын алу және (немесе) су объектілеріне су ағызу (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
бастапқы су пайдаланушы - өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі — объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.

2 2. Суды бастапқы есепке алу тәртібі

3 3. СБЕ-ні бастапқы су пайдаланушылар жүзеге асырады.

4 4. Бастапқы су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін:

көмегімен су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірін көрсете отырып, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасы жасалады;
СБЕ журналдарын жүргізеді.

5 5. Су шығыстарын өлшеу әр су тарту құрылыстарында және сарқынды суларды шығару орындарында жүргізіледі.

6 6. Ашық арынсыз суағарларда су шығыстарын өлшеу үшін стандартты суағызулар және науалар, сондай-ақ бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғылары қолданылады.

Стандартты су ағызулар мен науалар орнатылған су шығыстары су шаруашылығы құрылыстардың түріне байланысты мына тәсілдермен:
деңгей өлшеуіш мөлшер қаданың және шығыстар кестесінің көрсеткіштері бойынша;
дәлдік тексеру су тартуды реттегіш және (немесе) ағызу құрылыстарының кестесі бойынша анықталады.

7 7. СБЕ нәтижелері осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша журналдарда жазылады.

8 8. Су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін журналды тігеді, парақтарын нөмірлейді және журналды жүргізу басталған күнін көрсетеді. Су пайдаланушылар журналды қолымен және мөрімен растайды.

9 9. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды (Excel форматында) тасымалдағыштарда бассейндік су шаруашылығы басқармасына ұсынылады.

10

10. Өлшеу құралдарын және өлшеу құрылғыларын таңдау өлшеу құралдарын орналастыратын үй-жайлардың болу есебімен, судың ең төменгі және ең жоғарғы пайдалану шығыстарымен және олардың ауытқу кестелерімен, шығыс өлшегіштер орнатылатын су құбырларындағы артық қысыммен немесе вакууммен, сорғы агрегаттарының түрлерімен (сорғы станцияларына арналған), сарқынды сұйықтықтың құрамымен, судың ластану деңгейімен және температурасымен анықталады.

11 11. Су тарту (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда су есебі соңғы көрсеткіштен ақаусыз өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы күнтізбелік он күнге орташа тәуліктік шығыстар бойынша жүргізіледі.

17 20___ жылғы_________тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына
1-қосымша
20___ жылғы_________тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер
Су пайдаланушының атауы__________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________
СТН* БСН (ЖСН)___________________________________________
Су ресурстарын жинауға (алуға) құқық белгіленген құжаттың
деректемелері____________________________________________
Су есептеуіш аспабының маркасы___________________________
Су есебі аспаптарын соңғы тексеру күні___________________
с у о б ъ ­е к ­ т і ­ с і ­ н і ң а т а ­ у ы
Су жи­на­ғы­штың ко­ор­ди­нат­та­ры
Су жи­на­ ғы­шт ың нө­мі­рі
су жи­на­ ғы­шт ың ли­ми­ті, мы ң м3
Есеп­ті тоқ­сан­да­ғы су жи­на­ғы­штың нақ­ты кө­ле­мі, мың м3
Қо­сал­қы су пай­да­ла­ну­шы­лар­ға су бе­ру­ді есеп­теу то­ра­бы­ның нө­мі­рі
Қо­сал­қы су пай­да­ла­ну­шы­лар­ға бе­ріл­ді
Ысы­рап
ен­ді­лі­гіне
ұз­ақ­тығ­ы­на
тоқ­са­ны­на бар­лы­ғы
ағым­да­ғы жы­л­ға
То қ­са н іш ін­ де б ар­лы­ғы
оның ішін­де
н о р­м а­т и в­т і к
н о р ­ м а ­ т и в ­ т е н т ы с
г р а д
м и н
с е к
г р а д
м и н
с е к
1 а й
2 а й
3 а й
1 а й
2 а й
3 а й
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
* - СТН 2012 жылы 1 қаңтарға дейін көрсетіледі, 2012 жылы 1 қаңтардан БСН (ЖСН) көрсетіледі.
Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
_________   _________   ___________
(лауазымы)        (қолы)        (аты-жөні)
20___ж. «___»_________
М.О.

18 Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен және құрылғылармен есепке алу журналы

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына
2-қосымша
Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен және құрылғылармен есепке алу журналы
Шы­ғы­сты өл­шеу кү­ні
Шы­ғыс өл­ше­гіш­тің (ас­пап­тың) көр­сет­кіш­те­рі
Шы­ғыс өл­ше­гіш­тің жұ­мыс уа­қы­ты, тәу­лік
Ас­пап­ты тү­зе­ту­дің неме­се дәл­дік есеп­тің ко­эф­фи­ци­ен­ті
Су жи­на­ғы­штың кө­ле­мі, м3/тәул., (4б. х 6б.)
Есеп­ке алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның аты-жө­ні
Қо­лы
ал­дың­ғы
өл­шеу ке­зін­де­гі
көр­сет­кіш­тер ай­ыр­ма­сы (2-б. мен 3-б. ара­сын­да)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Есеп­ті ай­да­ғы жиы­ны
Жыл ба­сы­нан бе­рі өспе­лі жиы­ны
Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
__________   ___________   ____________
(лауазымы)      (қолы)      (аты-жөні)
20___ж. «___»_________
М.О.

19 Ағызылатын сарқынды (сорғытылған) сулардың сапасын есепке алу журналы

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына
3-қосымша
Ағызылатын сарқынды (сорғытылған) сулардың сапасын есепке алу журналы
Кү­ні
Ин­гре­ди­ент ата­уы
Ин­гре­ди­ент­тің шо­ғыр­ла­нуы, мг/дм3
Сар­қын­ды (сор­ғы­ты­л­ған) су­лар­дың шы­ғы­сы, тәу­лі­гіне м3/мың
Ағы­зы­ла­тын ин­гре­ди­ент­тің мөл­ше­рі, кг
Тал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
__________   ___________   ____________
(лауазымы)      (қолы)      (аты-жөні)
20___ж.«___»_________
М.О.

Қолданыстағы