Құжат мәтініне өту

Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжести работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами

Қаулы · № 1220 · қабылданған 28.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61190/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжести работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами Күшін жойған Қаулы ·№ 1220 ·28.10.2011
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжести работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами

Күшін жойған Қаулы ·№ 1220 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжести работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами
Атауы (қаз.)
Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормаларын және әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1220
Қабылданған күні
28.10.2011
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI61190_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001220
ЭКБ идентификаторы
61190
Редакция идентификаторы
AI61190_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:21

0

Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормаларын және әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 21) және 22) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары;

2 2) әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардыңтiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1220 қаулысымен
бекітілген
Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары

1 1-бөлім. Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi

1.1-кіші бөлім. Өндiрiстер мен жұмыстардың түрлерi

1 1. Атом электр станциялары

2 2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар

3 3. Көмiр және тау-кен шикiзатын өндiру және байыту

4 4. Құрылыс және кенсiз материалдарды өндiру және байыту

5 5. Мұнай және газ өндiру және қайта өңдеу

6 6. Кокс химия өндiрiсі

7 7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу

8 8. Ағаш химиялық өндiрiс

9 9. Металлургия өндiрiсi (қара және түстi металлургия)

10 10. Металл өңдеу оның iшiнде: дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металл жалату және сырлау, қаңылтыр банкi және құбыр өндiрiсi

11 11. Химиялық мұнай өндiрiсi

12 12. Химиялық шикiзатты байыту, агломераттау, брикеттеу

13 13. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндiрiсi

14 14. Бактериялық және вирустық дәрі дәрмек өндiру кәсiпорындары

15 15. Асбест өндiрiсi

16 16. Асбест цемент бұйымдарының өндiрiсi

17 17. Ерiткiштер өндiрiсi

18 18. Цемент өндiрiсi

19 19. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндiрiсi

20 20. Отқа төзiмдi заттар өндiрiсi

21 21. Қабырғалық және тұтқыр материалдар өндiрiсi

22 22. Жылу оқшаулау материалдарының өндiрiсi

23 23. Асфальт мастикасын және плиткасын шығаратын өндiрiс

24 24. Жұмсақ шатыр және гидрооқшаулау материалдарының өндiрiсі

25 25. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар өндiрiсi

26 26. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдері, кино немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттар өндiрiсi

27 27. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi

28 28. Шахталарды, разрездердi, метрополитендер мен тоннельдердi салу

29 29. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары

30 30. Тамақ өнеркәсiбi, оның iшiнде: шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерi, сыра және алкогольсiз сусындар өндiрiсi, темекi және ферментация өндiрiсi, ас тұзын өндiру

31 31. Жылу желiлерi

32 32. Көлiк, оның iшiнде: темiр жол көлiгi мен метрополитен, теңiз флоты, өзен флоты, азаматтық авиация, автомобиль және қалалық электр көлiгi

33 33. Электр энергетикасы (энергетикалық шаруашылық)

34 34. Химия өндiрiсi

35 35. Фармацевтикалық өндiрiс

36 1.2-кіші бөлім. Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi

36. Балық аулау
1.2-кіші бөлім. Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi

37 37. Автоклавшы

38 38. Аккумуляторларды жөндеумен және зарядтаумен айналысатын аккумоляторшы

39 39. Антикоррозияшы

40 40. Химиялық ерiтiндiлердi дайындайтын аппаратшы

41 41. Хлорлау аппаратшысы

42 42. Бункершi

43 43. Битум қайнатушы

44 44. Сүңгуiр (водолаз)

45 45. Автомобиль жүргiзушiсi

46 46. Газшы

47 47. Газ генераторшысы

48 48. Газ құтқарушысы

49 49. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

50 50. Металл бұйымдарының гумершiсi

51 51. Дегазаторшы

52 52. Рентген-гамма-глафирлеу дефектоскописi

53 53. Өлшеушi (дозиметршi)

54 54. Жанар және жағар майларды құюшы

55 55. От сөндiргiштерге заряд берушi

56 56. Баллондарды сынаушы

57 57. Технологиялық және өндiрiс пештерiнiң қазандары мен пештерiне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс iстейтiн от жағушы, кочегар

58 58. Өндiрiс пештерi мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсiп пештерiнiң, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушы-пешшiсi

59 59. Адам ағазасына күштi әсер ететiн заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты

60 60. Пластмасса құюшы

61 61. Вагондарды төңкеру машинисi

62 62. Вагондарды итеру машинисi

63 63. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылардың машинисi

64 64. Ауа бөлушi қондырғылардың машинисi

65 65. Газ үрлеу машинисi

66 66. Газ генератор машинисi

67 67. Iштен жану қозғалтқышының машинисi

68 68. Түтiн сорғыштың машинисi

69 69. Компрессор қондырғыларының машинисi

70 70. Кран машинисi (краншы)

71 71. Көтергiш машинисi

72 72. Скрепер машинисi (скрепершi)

73 73. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисi

74 74. Эксковатор машинисi

75 75. Улы заттармен, кәріз сұйықтарымен ластанған киiмдердi жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнайы киiм жуу, сондай-ақ арнайы кiр жуумен айналысатын машинист

76 76. Мұнай өнiмдерi мен химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен, бөлшектердi, тораптар мен моторларды жуумен, ассенизациялық машиналарды жуумен, сондай-ақ ыдыс-аяқты дезинфекциялаумен айналысатын, этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн жуушы

77 77. Жоғары вольттi электр қозғалтқыштарына қызмет көрсетумен айналысатын электр қозғалтқыштар моторшысы

78 78. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы

79 79. Су құбыры-кәріз жүйесiнiң жерасты камералары мен тоннельдерiне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы

80 80. Пештердi, қазандықтарды, ожауларды және басқа да жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп берушi

81 81. Сынап дәнекерiн әзiрлеумен және оны дәнекерлеумен айналысатын дәнекерлеушi

82

82. Қорғасынды, бериллийдi және олардың қорытпаларының балқыту және өңдеу учаскелерiнде, сондай-ақ зияндылығы I, II, III сыныпты химиялық заттар ашық түрде қолданылатын; зиянды және улы жүктердi өңдеу кезiнде көлiктiң барлық түрiнде ыстық металды таратып құю және илемдеумен тiкелей айналысатын қосалқы жұмысшы

83 83. Престеушi

84 84. Пластмасса бұйымдарын престеушi

85 85. Баллон қабылдап алушы

86 86. Шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерiн және сыра сатумен, сақтаумен айналысатын қызметкерлер

87 87. Қопарылғыш зиянды заттарды әзiрлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндiрiстер мен жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар

88 88. Ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлерiндегi жұмысшылар

89 89. Пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстардағы жұмысшылар

90 90. Сүңгуiр (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетушi жұмысшылар

91 91. Қару-жарақты ату және атып көрумен айналысатын жұмысшылар

92 92. Улы химикаттарды тасымалдаумен, әзiрлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар

93 93. Тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығарумен, өнеркәсiптiк кәріз жүйесi мен ұстағыштарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар

94 94. Этил сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын жұмысшылар

95 95. Жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сiлтiлер, хлор және хлорлы әк сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

96 96. Биiктiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылар

97 97. Бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тiкелей жұмыс iстейтiн жұмысшылар

98 98. Локомотивтердi және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тiкелей айналысатын жұмысшылар

99 99. Ыстық плита, кондитер пештерi және электрқуыру шкафтарының тiкелей жанында жұмыс iстейтiн жұмысшылар

100 100. Моншаларға (сауналарға) қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар

101 101. Жерлеу қызметінің жұмысшылары (моргтерде, крематорийлерде, зираттарда)

102 102. Тростник, опий көкнәрi, темекi, мақта плантацияларында жұмыс iстейтiн жұмысшылар

103 103. Пестицидтер мен гербицидтер қолданылатын барлық жұмыс түрлерiндегi жұмысшылар

104 104. Түнгi клубтарда, кабаре, мейрамханаларда жұмыс iстейтiн жұмысшылар

105 105. Есірткі және улы препараттарды, алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын тасымалдаумен, өндiрумен және өткiзумен айналысатын жұмысшылар

106 106. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдерi, кино-немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттарды таратумен, жарнамалаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар

107 107. Басқа да емдеу мекемелерiндегi наркологиялық ауруларды емдеу бөлiмшелерiн қоса алғанда, психиатриялық ауруханаларда, интернаттарда, диспансерлерде барлық жұмыс түрлерiмен, хоспистердегi жұмыспен айналысатын жұмысшылар

108 108. Ауыл шаруашылығында, заказниктерде, хайуанаттар бағы мен цирктерде жабайы және жыртқыш аңдарға, бұқалар мен айғырларға күтiм жасайтын жұмысшылар

109 109. Асыл тастар мен металдарды өңдеумен, ақша белгiлерiн және басқа да құнды қағаздарды шығарумен айналысатын жұмысшылар

110 110. Авариялық-құтқару қызметтерiмен айналысатын жұмысшылар

111 111. Банк құрылымдары мен басқа да қызметтердi қорғау жөнiндегi, инкассация қызметi мен оқ ату қаруын алып жүруге рұқсат берiлген басқа да қызмет түрлерiндегi қызметкерлер

112 112. Балалардың өмiрi, денсаулығы мен қауiпсiздiгi үшiн жауаптылықпен байланысты жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер (сәбилер үйлерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, балалар үйлерiнiң, интернаттардың қызмет көрсетушi персоналы, аттракциондарда қызмет көрсету және т.б.)

113 113. Iстен шыққан май генераторшысы

114 114. Шиналарды құрастыру және бөлшектеумен; автомобильдердi жөндеумен; ассенизациялық жүктер, шiрiген қалдықтар мен улы химикаттар тасымалдаумен; этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн автомобильдердi жөндеумен айналысатын слесарь

115 115. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарi

116 116. Авариялық-қалпына келтiру жұмыстарының слесарi

117 117. Кәріз желiлерiнiң жұмыстарымен айналысатын слесарь

118 118. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазытқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жұмысшы

119

119. Этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн мотор сынақ станцияларында технологиялық жабдықтарды, жер асты камераларында, тоннельдер мен кеме iшiнде; металлургиялық және химиялық өндiрiстерде, цехтарда және өндiрiс учаскелерiнде; пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде, арнаулы жуу орындарында; ыстық жұмыс учаскелерiнде; кәріз құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушiлер

120 120. Ілмектеуші

121 121. Такелажшы

122 122. Вагон аударғышты, қазандарды, танктердi, цистерналарды, бөшкелердi, мұнай құю кемелерiн және басқа да май, гракс, мұнай және химия өнiмдерiн құятын ыдыстарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар

123 123. Құбыр тазалаушы (трубочист)

124 124. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткiш қондырғыларын тазалаушы

125 125. Абразивтi шеңберлер қолданып, құрғақ әдiспен жұмыс iстейтiн жылтыратушылар

126 126. Электродшы

127 127. Электргазбен пiсiрушi

128 128. Лифтiлердi жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханигi

2 2-бөлім. Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормалары

Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер (адамдар) (бұдан әрі - жасөспірімдер) салмағы 4,1 кг-дан асатын жүкті тасымалдаумен немесе қозғаумен ғана айналысатын жұмыстарға тағайындалмауға тиіс.
Жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген нормалар шегіндегі жүкті тасымалдауына және қозғауына, бұл жасөспірімнің тұрақты кәсіби жұмысымен байланысты болғанда және жұмыс уақытының үштен бірінен артығын алмайтын жағдайларда ғана жол беріледі.
р/с №
Жұ­мыстың си­па­ты
Жүк­тің шек­ті сал­ма­ғы
1
2
3
1.
Жүк­ті та­сы­мал­дау:
1) 16-дан 18 жас­қа дей­ін­гі ер­кек жы­ны­сты жа­сө­спі­рім­дер үшін
2) 16-дан 18 жас­қа дей­ін­гі әй­ел жы­ны­сты жа­сө­спі­рім­дер үшін
16,4 кг.
10,25 кг.
2.
Жүк­ті рель­спен қоз­ға­ла­тын ва­го­нет­ка­лар­мен жы­л­жы­ту:
1) 16-дан 18 жас­қа дей­ін­гі ер­кек жы­ны­сты жа­са­өс­пі­рім­дер үшін
2) 16-дан 18 жас­қа дей­ін­гі әй­ел жы­ны­сты жа­са­өс­пі­рім­дер үшін
492 кг.
328 кг.
📌 Ескертпе. Тасымалданатын және қозғалатын жүктің салмағына ыдыстың, буманың және жабдықтың салмағы қосылады.

136 Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң жүктi қолмен көтеру және алып жүруiнiң шектi нормалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1220 қаулысымен
бекітілген
Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң жүктi қолмен көтеру және алып жүруiнiң шектi нормалары

1 1-бөлім. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі

1.1-кіші бөлім. Металл өңдеу

1

1 1. Құю жұмыстары

1 1. Ваграншы

2 2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы

3 3. Шикіқұрамды қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шикіқұрам толтырушы

4 4. Қорытпаны қайнатушы

5 5. Металл құюшы

6 6. Пневматикалық құралдарда жұмыс iстейтiн кесушi

7 7. Металдар мен балқымаларды қорытушы

8 8. Конвейерге ыстық қорытпа iлумен және тоннельдердегi құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар

2 2. Дәнекерлеу жұмыстары

9 9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биiктiгi 10 метрден асатын биiк байланыс құрылыстарында (мұнараларда, дiңгектерде) және жоғары өрмелейтiн жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеушi

3 3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары

10 10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы

11 11. Қазандықшы

12 12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында iстейтiн нақыштаушы

4 4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар

13 13. Ыстық жұмыстарда iстейтiн құрсаушы

14 14. Металл жылытушы (дәнекерлеушi)

15 15. Диаметрi 10 мм асатын сымнан серіппе орау кезiнде ыстық жұмыстарда iстейтiн серiппешi

16 16. Ыстық күйiнде шығыршықты домалатумен айналысушы

17 17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы

5 5. Металл қаптау және сырлау

18 18. Кессон-бактардың iшкi саңылауларын бiтеумен айналысатын саңылау бiтеушi

19 19. Ыстықтай тәсiлмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысатын қорғасындаушы

6 6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары

20 20. Дiрiл әсерi қолға берiлетiн пневматикалық аспаптармен жұмыс iстейтiн бұрандашы-пневматик

21 21. Ыстықтай илемдеу, өрнектеу, эмальдау, кабель өндiрiсiнде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлiмшелерiнде жабдықтарды реттеумен айналысатын жөндеушi слесарь

7 7. Қорғасынмен жұмыс

22 1.2-кіші бөлім. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары

22. Қорытумен, ағызумен, илемдеумен, тартумен, қалыптаумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдердi қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар
1.2-кіші бөлім. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары

23 23. Игiш қол станоктары мен қайшыларды, қаңқа тiректердi қолмен орнатумен айналысатын арматурашы

24 24. Асфальт бетондаушы

25 25. Қайнатушы-асфальттаушы

26 26. Гидромониторшы

27 27. Жер үңгiп-қазушы

28 28. Тас қашаушы

29 29. Тас қалаушы

30 30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс iстейтiн аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы

31 31. Орамдалған жабынды және жеке материалдармен iстейтiн шатыршы

32 32. Болат жабындымен iстейтiн шатыршы

33 33. Автогудронаттар машинисi

34 34. Автогрейдер машинисi

35 35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисi

36 36. Битум ерiтетiн жылжымалы қондырғы машинисi

37 37. Бульдозер машинисi

38 38. Грейдер-элеватор машинисi

39 39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисi

40 40. Асфальт-бетон төсегiш машинисi

41 41. Бiр ожаулы экскаватор машинисi, роторлы экскаватор машинисi

42 42. Қозғалтқышы іштен жанатын двигателiн жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисi

43 43. Болат және темiр-бетон құрылғыларын монтаждауда биiкте және жоғары өрмелейтiн жұмыстармен айналысатын монтажшы

44 44. Биiкте жұмыс iстейтiн антеннашы-байланыс монтажшысы

45 45. Пештердi ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзiмдi жұмысшы

46 46. Өнеркәсiптiк темiр-бетон құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi

47 47. Қорғасынмен дәнекерлеушi

48 1.3-кіші бөлім. Тау-кен жұмыстары

48. Өнеркәсiптiк кiрпiш құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi
1.3-кіші бөлім. Тау-кен жұмыстары

49 49. Кен өндiру өнеркәсiбiнiң жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары

50

50. Қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа ашық кен жұмыстары және жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кенiштердiң үстi, байыту, агломераттау, брикеттеу жұмыстары

1 1. Жалпы кен және күрделi тау-кен жұмыстары кәсіптері

51 51. Ұңғыма бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисi, шпур бұрғылаушысы

52 52. Қопарғыш, қопару жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы

53 53. Өрттiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi тау-кен жұмысшысы

54 54. Шахтаға бекiту материалдарын жеткiзушi

55 55. Бұрғылау қондырғысының машинисi, бұрғылау қондырғысы машинисiнiң көмекшiсi

56 56. Бекiтушi

57 57. Ұста-бұрғы майлаушы

58 58. Тиеу машинасының машинисi

59 59. Шахта оқпандарына өн бойымен толық бұрғылау жөнiндегi қондырғы машинисi

60 60. Машинист, машинист көмекшiсi, өзi жүретiн ауыр және көлiк машиналарының жүргiзушiсi (ауыр жүк автомобильдерi, өзi жүк түсiретiн автомобильдер, жер қазатын машиналар, экскаватор, трактор, бульдозерлер)

61 61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы

62 62. Қазба жүргiзушi

63 63. Діңгекші

64 64. Тазалаушы

2 2. Жалпы байыту, агломерация, брикеттеу кәсіптері

65 65. Сазбалшық өндiрiсiнде ыстықтай күйдiрiлген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы

66 66. Сынап өндiруде шикiзат пен материалдарды күйдiрумен айналысатын күйдiрушi

67

67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кенiштердiң, шахталар мен металлургия кәсiпорындарының жұмысты атқару кезiнде шаң-тозаң шығаратын, 10 пайыз және одан да астам қос қышқылды кремний түзiлетiн қара, түстi және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмiрдi ұнтақтау, ұсақтау және шикіқұрамдау жөнiндегi жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер

68 1.4-кіші бөлім. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар

68. Қорғасын байыту цехтарында iстейтiн жұмысшылар
1.4-кіші бөлім. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар

69 69. Қопарушы

70 70. Геодезиялық белгiлердi құрастырушы

71 71. Дала жағдайында жұмыс iстейтiн кезекшi және жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электр слесары

1 1. Ұңғымаларды бұрғылау

72 72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылайтын бұрғылаушы

73 73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеушi, мұнара құрастырушы электр монтерi

74 74. Бұрғылау қондырғысының машинисi

75 75. Скважинаны цементтеу жөнiндегi машинист

76 76. Цементтеу агрегатының моторшысы

77 77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторшысы

78 78. Құбырларды престеушi

79 79. Мұнай мен газ (бiрiншi және екiншi) пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылайтын бұрғылаушының көмекшiсi

80 80. Бұрғылау қондырғысы (бiрiншi және екiншi) машинисiнiң көмекшiсi

81 81. Қолмен ерiтiндi әзiрлеумен айналысатын бұрғылау ерiтiндiсiн әзiрлеушi

82 82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеушi слесарь

83 83. Тiкелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөнiндегi слесарь

84 84. Бұрғы құлыптарын орнатушы

85 85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөнiндегi электр монтерi және электр жабдықтарына қызмет көрсететiн электр монтерi

2 2. Мұнай және газ өндiру

86 86. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы

87 87. Ұңғымаларды күрделi жөндеуден өткiзетiн бұрғылаушы

88 88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисi

89 89. Жылжымалы компрессор машинисi

90 90. Көтергiш машинисi

91 91. Жуу агрегатының машинисi

92 92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсiлмен жару операторы

93 93. Ұңғымаларды жер астында жөндеушi оператор

94 94. Ұңғымаларды күрделi және жер астында жөндеуге дайындау жөнiндегi оператор

95 95. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөнiндегi оператор

96 96. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшiсi

97 97. Ұңғымаларды күрделi жөндеу бұрғылаушысының көмекшiсi

98 98. Жер астында мұнай өндiрумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

99 99. Метанол мен қышқыл қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар

100 100. Теңiз бұрғылары мен көпiрлерiнiң негiздерiн құрастыру және жөндеу жөнiндегi слесарь

101 1.5-кіші бөлім. Қара металлургия

101. Мұнай кәсiпшiлiгiнiң жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеушi слесарь
1.5-кіші бөлім. Қара металлургия

1 1. Жалпы қара металлургия кәсіптері

102 102. Балқыған металдармен жұмыс iстейтiн ожаушы

103 103. Илемдеу және құбыр өндiрiсiнiң камералық пештерi мен құдықтарында әдiстемелiк жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы

104 104. Пневматикалық құралдармен жұмыс iстейтiн металдың сыртқы кеселдерiн өңдеушi

2 2. Домна өндiрiсi

105 105. Домна пешiнiң үстiн қараушы

106 106. Домна пешiнiң су құбыршысы

107 107. Домна пешiнiң көрiкшiсi

108 108. Вагон-салмақ машинисi

109 109. Скипшi

3 3. Болат балқыту өндiрiсi

110 110. Үйiндi машинасының машинисi

111 111. Миксершi

112 112. Блоктарды қағушы

113 113. Қышқыл жойғыштарды балқытушы

114 114. Конвертерде, темiрдi бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат қорытушы

115 115. Болат құюшы

116 116. Конвертерде, темiрде бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат қорытушы

4 4. Илемдеу өндiрiсi

117 117. Ыстықтай прокат станының бiлiктеушiсi

118 118. Балқыма қайнатушысы

119 119. Жайма соғушы

120 120. Ыстықтай прокат станының тірегін бiлiктеушi

121 121. Рельстердi бекiтетiн қыстырғыш-престеушi

122 122. Сортты прокат өндiрiсiнде iстейтiн өткiзушi слесарь

5 5. Құбыр өндiрiсi

123 123. Калибрлеу орнағының, құбырларды ыстықтай прокат станының, құбырларды пеште дәнекерлеу, құбырларды салқын прокат станының, құбырларды қалыптау орнағының бiлiктеушiсi

124 124. Механикаландырылмаған стандарда iстейтiн құбыр тартушы

125 125. Престе құбырларды калибрлеушi

126 126. Балға мен пресс ұстасы

127 127. Құбырларды ыстықтай илемдеу, құбырларды салқындай прокат станының тірегінің бiлiктеушiсi

6 6. Ферроқорытпа өндiрiсi

128 128. Ферроқорытпа пештерiнiң көрiкшiсi

129 129. Балқытушы, ферроқорытпа балқытушысы

130 130. Алюминдi-термиялық әдiспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар

131 131. Ашық иiндi пештерде кремний балқымаларын балқытумен айналысатын жұмысшылар

7 7. Химиялық кокс өндiрiсi

132 132. Барий құюшы

133 133. Есiкте тұрушы

134 134. Ұсақтаушы

135 135. Люкте тұрушы

136 136. Бензол өндiрiсiнде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тiкелей айналысатын қызметкерлер

137 137. Кокстендiрiлетiн өнiмдердi аулау цехында фенолды қондырғыға күтiм көрсетумен айналысатын скруббершi-насосшы

138 1.6-кіші бөлім. Түстi металлургия

138. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеушi
1.6-кіші бөлім. Түстi металлургия

1 1. Жалпы түстi металлургия кәсіптері

139 139. Алюминий, силумин және кремний өндiрiсiнде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы

140 140. Алюминий, силумин және кремний өндiрiсiнде катод өзектерiнiң астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы

141 141. Балқытушы

142 142. Қыздырушы

143 143. Қауiптiлiгi бiрiншi және екiншi сыныпты химиялық заттарды пайдалана отырып, тантал, ниобий өндiрiсiмен және олардың қосындысы мен олардан жасалатын бұйымдармен тiкелей айналысатын жұмысшылар

144 144. Қатты балқымаларды жымдастырушы

145 145. Негiзгi металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөнiндегi слесарь, слесарь-жөндеушi

2 2. Түстi және сирек металдар өндiрiсi, түстi металдардан ұнтақ жасау өндiрiсi

146 146. Алюминий, магний өндiрiсiндегi анодшы

147 147. Титан ысқыштарды қағып шығарушы

148 148. Металды құйып төгушi

149 149. Катодшы

150 150. Конвертершi

151 151. Конденсаторшы

152 152. Ванналар мен пештердi құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы

153 153. Сынапты шыңдаушы

154 154. Титан мен сирек металдарды қалпына келтiрiп тазартумен айналысатын пешшi

155 155. Белсенді никель ұнтақтарын қалпына келтiру жөнiндегi пешшi

156 156. Мырыш тозаңы өндiрiсiндегi пешшi

157 157. Вельцпештерде мырыш тотығын алуда iстейтiн пешшi

158 158. Титан түзетiн және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөнiндегi пешшi

159 159. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндiрiсiнде iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер

160 160. Металды титан өндiрiсiнде тетрахлоридтi қалпына келтiру және металды тарту цехтарында (бөлiмшелер мен учаскелерде) iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер

161 161. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер

162 162. Титан шикiзатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде) iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер

163 163. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон тәсiлiмен қайыра өңдеу бөлiмiнде iстейтiн жұмысшылар

164 164. Балқыту цехтарында, сондай-ақ сынап өндiрiсiнде тұқыл өңдеумен айналысатын жұмысшылар

165 165. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы

166 166. Балқытылған тұздарды электролиздеушi

3 3. Бериллий өндiрiсi, оның қосындысы және одан жасалған бұйымдар

167 167. Металл бериллий өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн аппаратшы

168 168. Бериллий гидрототығын өндiруде сүзгіпрессорларды қолмен тазалаумен айналысатын аппаратшы

169 169. Аммоний фторбериллатын өндiрумен айналысатын аппаратшы

170 170. Бериллий тотығы ұнтағын алумен айналысатын аппаратшы

171 171. Бериллий тотығы ұнтағынан бұйым жасау өндiрiсiнде бериллий тотығы ұнтағын пайдалана отырып, операциямен айналысатын аппаратшы

172 172. Бериллий гидрототығы өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын дайындаумен айналысатын аппаратшы

173 173. Бериллий өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын балқытумен айналысатын аппаратшы

174 174. Ветжүйеге қызмет көрсетумен айналысатын аппаратшы

175 175. Бериллий мен оның құймаларын, бериллий тотығынан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен айналысатын жұмысшы (фрезерлеушi, токарь т.б.)

176 176. Жеке қорғанудың оқшаулаушы құралдарын пайдаланумен байланысты операциялардағы жұмысшылар

177 177. Технологиялық және көмекшi жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi

4 4. Атом электр станциялары үшiн отын өндiру

178 178. Шөгiндiдегi, экстракциялаудағы, таблеткалар қалыптастырудағы, дайын өнiмдi іріктеудегі, бақылау және жинақтаудағы аппаратшылар, есепшi, шаң мен газды ұстап қалатын жабдықтарға қызмет көрсетушi операторлардан басқа, технологиялық үдерiстi жүргiзумен тiкелей айналысатын аппаратшылар

179 1.7-кіші бөлім. Электр станциялары мен желiлер жабдықтарын жөндеу

179. Ұста-механик, ұста-электрик, автомат пен жартылай автоматты баптау, жабдықтарды жөндеу жөнiндегi слесарь, слесарь-сантехниктер, электромонтер
1.7-кіші бөлім. Электр станциялары мен желiлер жабдықтарын жөндеу

180 180. Қорғасын өзектi кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельдi желiлердi жөндеу және құрастыру жөнiндегi электр монтерi

181 1.8-кіші бөлім. Абразив өндiрiсi

181. Жоғарғы вольттi электр таратқыш желiлердi биiкте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желiлерiн жөндеу жөнiндегi электр монтерi
1.8-кіші бөлім. Абразив өндiрiсi

182 182. Абразив бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, абразив шеңберлердi құюшы

183 183. Абразив өндiрiсiнде кедергiлiк пешiн ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисi

184 184. Абразив материалдардың балқытушысы

185 185. Кремний карбидiн балқытушы

186 1.9-кіші бөлім. Электр техника өндiрiсi

186. Корунд цехында iстейтiн подинщик
1.9-кіші бөлім. Электр техника өндiрiсi

1 1. Жалпы слесарлық жинау және электр техника өндiрiсi кәсiптері

187 187. Сынап тазартушы

188 188. Сынапты түзеткiштердi қалыпқа құюшы

2 2. Электр көмiр өндiрiсi

189 189. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар

3 3. Кабель өндiрiсi

190 190. Қорғасынды ыстықтай құю әдiсiмен айналысатын, кабельдердi қорғасынмен немесе алюминиймен престеушi

191 191. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

4 4. Химиялық ток көздерiн өндiру

192 192. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы

193 193. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшiн) араластырушы

194 194. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетiн қалдықтарды қорытушы

195 1.10-кіші бөлім. Химия өндiрiсi

195. Қалыптағы қорғасын пластиналарды штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиналарды бөлшектеушi
1.10-кіші бөлім. Химия өндiрiсi

196 196. Химия өндiрiсiне жатпайтын негiзгi өндiрiске қызмет көрсетумен айналысатын химиялық зертхана зертханашыларын қоспағанда қауiптiлiгi 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдерге арналған жұмыстар.

1 1. Жалпы химия өндiрiсi кәсіптері

197 197. Балқытуда және бабымен пiсiретін балқыту аппаратшысы

198 198. Каучукты көлденең қысыммен сүргiлеумен айналысатын еселеп булаушы

2 2. Сары және қызыл фосфор өндiрiсi және олардың қосындылары

199

199. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдiргiш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлiмшелерiнде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тiкелей айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

3 3. Үш хлорлы фосфор және бес күкiрттi фосфор өндiрiсi

200 1.11-кіші бөлім. Лак-сыр өндiрiсi Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр, қорғасын көгі және жасыл бояу өндiрiсi

200. Негiзгi өндiрiстегi технологиялық процесте iстейтiн жұмысшылар, басшылар мен мамандар
1.11-кіші бөлім. Лак-сыр өндiрiсi Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр, қорғасын көгі және жасыл бояу өндiрiсi

201 1.12-кіші бөлім. Резинаны қайта өңдеу

201. Негiзгi технологиялық процесте iстейтiн жұмысшылар, басшылар мен мамандар
1.12-кіші бөлім. Резинаны қайта өңдеу

1 1. Жалпы резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндiрiсi кәсіптері

202 202. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсiрумен, ескек бiлiктерiн вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы

203 203. Резина араластырғыш

204 204. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлiмшелерiнде iстейтiн жұмысшылар

205 205. Iрi габариттi резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектердi вулканизациялауда (iрi қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) iстейтiн резина бұйымдарды жөндеушi

2 2. Шина өндiру, қалпына келтiру және жөндеу

206 206. Вулканизаторшы

207 1.13-кіші бөлім. Мұнайды, газды, сланецтi және көмiрді қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнiмдерiн, мұнай майларын өндiру

207. Покрышкаларды (ауыр жүктi) жинаушы
1.13-кіші бөлім. Мұнайды, газды, сланецтi және көмiрді қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнiмдерiн, мұнай майларын өндiру

208 208. Кокс түсiрушi

209 209. Кокс тазалаушы

210 210. Хош иiстi көмiр сутегi өндiрiсiнiң экстракт цехтары мен бөлiмшелерiнде iстейтiн жұмысшылар

211 211. Күкiрт түзетiн мұнай газын тазарту кезiнде мышьяк ерiтiндiлерiн дайындаумен айналысатын жұмысшылар

212 212. Бензиндi этилдейтiн технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

213 213. Мұнай мен газ өңдеу қалдықтарын жинауға арналған қысымда және дренажды ыдыстарда жұмыс iстейтiн сауыттарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар

214 1.14-кіші бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндiрiсi

214. Жоғары мөлшердегi күкiрт сутегiсi бар газ жарылу қаупi бар ортада алдын алу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
1.14-кіші бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндiрiсi

215 215. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндiрiсiмен айналысатын сорғызу аппаратшысы

216 216. Хлор ерiтумен айналысатын, химиялық ерiтiндiлер дайындау аппаратшысы

217 217. Целлюлоза қайнатушы

218 218. Талшық шикiзатын қайнатушы

219 219. Ағаш булаушы

220 220. Колчедан ұнтақтаушы

221 221. Сульфат тиеушi

222 222. Колчедан, күкiрт пештердi және турм тиеушi

223 223. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеушi

224 224. Қышқылдаушы

225 225. Микстеуші

226 226. Қышқылды резервуарларды кiрпiшпен айналдыра қалаушы

227 227. Фибрлердi кесушi

228 228. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндiрiсiнде iстейтiн қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сiңiрушi

229 229. Күкiрт қышқылын қалпына келтiрушi

230 230. Содашы

231 231. Сульфиттi целлюлоза және күкiрт қышқылы өндiрiсiнде iстейтiн жөндеушi-слесарь, жөндеу жөнiндегi электромонтерi, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi электромонтерi, майлаушы, өндiрiстiк орындарда еден жуушы

232 232. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс iстейтiн, жылдам жүретiн қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналарда жұмыс істейтін, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы

233 1.15-кіші бөлім. Цемент өндiрiсi

233. Хлоршы
1.15-кіші бөлім. Цемент өндiрiсi

234 1.16-кіші бөлім. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi

234. Қоймалжың тұнбалар бассейндерi мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар
1.16-кіші бөлім. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi

235 235. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы

236 236. Тас қашаушы

237 237. Тас қайнатушы

238 238. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диiрмен машинисi

239 239. Тас өңдейтiн жабдықтарды реттеушi

240 1.17-кіші бөлім. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндiрiсi

240. Фрезамен тас өңдеушi
1.17-кіші бөлім. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндiрiсi

241 1.18-кіші бөлім. Жылу сақтағыш материалдар өндiрiсi

241. Бетон және темiр-бетон бұйымдарын кесушi
1.18-кіші бөлім. Жылу сақтағыш материалдар өндiрiсi

242 242. Битумшы

243 1.19-кіші бөлім. Жұмсақ жабындылар мен су өткiзбейтiн материалдар өндiрiсi

243. Ваграншы
1.19-кіші бөлім. Жұмсақ жабындылар мен су өткiзбейтiн материалдар өндiрiсi

244 1.20-кіші бөлім. Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп

244. Қайнатқыш қазандарды толтырушы
1.20-кіші бөлім. Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп

1 1. Тоқыма өндiрiсiнiң жалпы мамандықтары

245 245. Бiлiктердi механикаландырмай көтерiп-түсiрумен айналысатын шлихталандыру жабдықтарының операторы

246 246. Кәріз орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтiру жұмыстарының слесары

247 247. Түту аппараттарын тазартып-қайраушы

2 2. Мақтаны алғашқы өңдеу

248 248. Шикiзатты және талшықты престеушi

3 3. Зығыр және кендiр-талшық өндiрiсi

249 249. Талшық дайындаушы

4 4. Жүн өндiрiсi

250 250. Шұға өндiрiсiндегi тоқыма цехында iстейтiн шебер

251 251. Техникалық шұғаны жуумен айналысатын жұмысшы

5 5. Киiз басу өндiрiсi

252 252. Қалың киiз дайындаумен айналысатын киiз басушы

253 253. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киiм саптаушы

254 1.21-кіші бөлім. Тамақ өнеркәсiбi

254. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киiмдердi қалыптан шығарушы
1.21-кіші бөлім. Тамақ өнеркәсiбi

1 1. Жалпы тамақ өнiмдерi өндiрiсiнің кәсіптері

255 255. Қолмен тиеуде мерзiмiмен iске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететiн кiрiктiргiш аппаратшысы

256 256. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы

257 257. Сүйек желiмiн дайындаушы

258 258. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисi

259 259. Гофронды-ыдыс өндiрiсiнiң қалдықтарын теңдеумен айналысатын жұмысшылар

2 2. Ет өнiмдерiнің өндiрiсi

260 260. Мына жұмыстармен:

1 1) iрi қара және ұсақ малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шынжырға iлу, қанын сорғызу;

2 2) iрi қара малды сұрыптап қолмен терiсiн сыдыру;

3 3) ұшасын бөлшектеп кесу;

4 4) шошқаның ұшасы мен басын үйiту;

5 5) iрi қара малдың ұшасын көлденең әдiспен өңдеу;

6 6) терiлердi шелдеушi;

7 1.22-кіші бөлім. Темiр жол көлiгi және метрополитен

7) терiлердi өңдеушi операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы
1.22-кіші бөлім. Темiр жол көлiгi және метрополитен

261 261. Дизельдi пойыз, тепловоз, электропойыз машинистерi

262 262. Мотовоз машинисi, мотовоз машинисiнiң көмекшiсi, қол арба жүргiзушiсi

263 263. Кең табанды темiр жол желiлерiнде жұмыс iстейтiн қол арба жүргiзушiсiнiң көмекшiсi

264 264. Дизельдi пойыз, тепловоз, электропойыз машинистерiнiң көмекшiсi

265 265. Пойыздарды құрастырушы, пойыздарды құрастырушының көмекшiсi

266 266. Электрлендiрiлген темiр жолдарда биiкте жұмыс iстейтiн түйiсу желiлерiнiң электр монтерi

267 267. Жол монтерi

268 1.23-кіші бөлім. Өзен көлiгi

268. Вагондарды қадағалаушы-жөндеушi
1.23-кіші бөлім. Өзен көлiгi

269 269. Жүкшi, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт iшiндегi көлiк жүргiзушiсi болып жұмыс iстейтiн докер-механизатордан және қауiптiлiгi 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктердi қайта өңдеумен үздiксiз айналысатын машиналар мен тетiктерге қызмет көрсететiн жұмысшылардан басқа)

270 270. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кемелердiң от жағушысы

271 271. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерiнiң, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңiзде қатар жүзетiн кемелердiң барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерiн, сондай-ақ қала iшiнде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс iстейтiн кемелерден басқа)

272 1.24-кіші бөлім. Полиграфия өндiрiсi

272. Жүзгiш кранда жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы)
1.24-кіші бөлім. Полиграфия өндiрiсi

1 1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар

273 273. Стереотип, қарiп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерiнде iстейтiн полиграфия жабдықтарын реттеушiсi

274 274. Құюшы

275 275. Құю операцияларында және стереотип бөлуде iстейтiн жұмысшылар

276 276. Стереотипші

2 2. Терең басу цехтары

277 277. Терең басу баспа бөлiмшесiнде жұмыс iстейтiн жұмысшылар (дайын өнiмдердi қабылдау мен ораудан басқа)

278 1.25-кіші бөлім. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері

278. Терең басу қалыптарын өрнектеушi
1.25-кіші бөлім. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері

279 279. Антеннашы-дiңгекшi

280 280. Битум қайнатушы

281 281. Аэрошана жүргiзушi

282 282. 3,5 тоннадан жоғары жүк көтеретiн автомобиль жүргiзушiсi (автобустардан басқа)

283 283. Су астындағы жұмыс маманы

284 284. Газдан құтқарушы

285 285. Өрт десантнигi, өрт парашютшiсi

286 286. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлушi

287 287. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы

288 288. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы

289 289. Қазан тазалаушы

290 290. Қолмен қорғасын, сыр әзiрлеумен айналысушы сыр езушi

291 291. Қорғасын, хош иiстi және хлорлы көмiртегi түзетiн лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың iшiн сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда бiрiккiштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып iрi габариттi бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы

292 292. Теңiзде жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы)

293 293. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисi (от жағушы)

294 294. Жүзбелi крандар машинисi командасының қызметкерлерi

295 295. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:

1 1) ашық түрдегi металл сынаптармен (жұмыс орнында тиiмдi ауа жаңартқышпен қамтамасыз етiлген қондырғылар мен жартылай автоматтарда iстейтiндерден басқа)

2 2) күкiрттi мұнай, оның қайта өңделетiн өнiмдерi мен күкiрт түзетiн мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуiштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;

3 3) тiкелей өрт сөндiруге байланысты жұмыстармен;

4 4) кеме және темiр жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерiнде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тiркемелi жәшiктерде, түптердiң арасындағы және борттардың арасындағы кеңiстiктерде және басқа өтуi қиын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;

5 5) бензиннiң этилдi сұйық қоспасын жасаумен;

6 6) түйiсетiн желiлердi, сондай-ақ 10 м асатын биiктiгi жұмыс кезiнде электр берiлiстерiнiң әуе желiлерiн құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;

7 7) жүзбелi құралдарға, кемедегi такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен.

296 296. Кәріз желiлерiн тазарту жөнiндегi жұмыстармен айналысатын апаттық қалпына келтiру жұмыстарының слесары

297 297. Көпiр слесары

298 298. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысушы такелажшы

299 299. Тазалаушы

2 2-бөлім. Әйелдердiң жүктi қолмен көтеру және алып жүруiнiң шектi нормалары


р/с
Жұ­мыстың си­па­ты
Жүк­тiң шек­тi сал­ма­ғы
1
2
3
1
Ауыр заттар­ды қол­мен кө­те­ру және ор­нын (бiр жол­ғы) ауы­сты­ру­ды бас­қа жұ­мыспен ке­зек­те­стi­ру (бiр са­ғат­та 2 рет­ке дей­iн)
10 кг
2
Жұ­мыс ауы­сы­мы бойы үне­мi ауыр заттар­ды қол­мен кө­те­ру және ор­нын (бiр жол­ғы) ауы­сты­ру
7 кг
3
Жүк­тiң ор­нын 1-ден 5 метр­ге дей­iн­гi қа­шық­тық­қа ауы­сты­ру кезiн­де­гi жұ­мыс ауы­сы­мы­ның әр са­ғат сай­ын орын­да­ла­тын сер­пiн­дi жұ­мыс мөл­шерi:
жұ­мыс ор­ны­ның үстi­нен
еден­нен ас­па­у­ға тиiс
1750 кгм
875 кгм
Ескертпе:

1 1. Көтеретiн және алып өтетін жүктiң салмағына ыдыстың және орамының салмағы кiредi.

2 2. Арбамен немесе контейнермен жүктi алып өту кезiнде қоса жұмсалатын күш-жігер 10 кг-дан аспауға тиiс.

Қолданыстағы