Об утверждении Правил медицинского обследования лиц по клиническим и эпидемиологическим показаниям на наличие ВИЧ-инфекции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил медицинского обследования лиц по клиническим и эпидемиологическим показаниям на наличие ВИЧ-инфекции
- Атауы (қаз.)
- Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1280
- Қабылданған күні
- 03.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2015 AI61195_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001280
- ЭКБ идентификаторы
- 61195
- Редакция идентификаторы
- AI61195_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:18
0 Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 115-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Kлиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 қарашадағы
№ 1280 қаулысымен
бекітілген
Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан азаматтарында, оралмандарда және республика аумағындағы басқа да адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2 2) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
3 3) адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық айғақтар бойынша тексеру – клиникалық айғақтары бар (АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін синдромдар және белгілер, оппортунистік аурулар) адамдарды міндетті құпия медициналық тексеру;
4
4) адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеру – халықтың жекелеген топтары арасында және АИТВ-инфекциясының әрбір жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген, адамдарды міндетті құпия медициналық түрде тексеру.
3 3. Адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеру мақсаттары мыналар болып табылады:
1 1) АИТВ-инфекциясының диагнозын қою;
2 2) қан құюдың және оның компоненттерінің, трансплантацияның және жасуша технологияларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3 3) АИТВ-инфекциясының тіке берілу жолының профилактикасы;
4 4) эпидемиологиялық мониторинг жүргізу: эпидемияны болжау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейін бағалау.
4 4. АИТВ-ға антиденені тексеруді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтардың зертханалары қатаң құпия жағдайларда өткізеді.
5
5. Республикалық және аумақтық қан орталықтарының зертханалары қан, оның компоненттері, ағзалар (ағза бөліктері), тіндер, жыныстық, феталдық және дің жасушалары донорларын АИТВ-ға антиденені тексеруді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі бойынша жүргізеді.
6
6. Қан, оның компоненттері, ағзалар (ағза бөліктері), тіндер, жыныстық, феталдық және дің жасушалары және басқа да биологиялық материалдар реципиенттерін АИТВ-ға антиденені тексеруді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтардың зертханалары қан және оның компоненттерін құйғанға, ағзалар, тіндер, жыныстық, феталдық және дің жасушалары трансплантациясына дейін және одан кейін 1 және 3 айдан соң жүргізеді.
7 7. АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын аналардан туылған балаларда АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес алгоритм бойынша жүргізіледі.
2 2. Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру өткізу тәртібі
8 8. Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық айғақтар бойынша тексеру мынадай аурулар, синдромдар мен симптомдар анықталған адамдар (ересектер және балалар) жатады:
1 1) 1 айдан аса уақыт аралығында екі немесе одан да көп лимфа түйіндердің үлкеюі, персистирленген, жайылған лимфаденопатия;
2 2) этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе бір айдан аса уақыт бойы қайталанған);
3 3) түсіндіруге болмайтын ауыр кахексия немесе стандартты емдеуді нашар қабылдайтын (балаларда), тамақтанудың айқын бұзылулары, түсініксіз 10% салмақ жоғалту;
4 4) 14 тәулік және одан да астам уақыт ішіндегі (балалардағы) ұзақтығы бір айдан асатын созылмалы диарея;
5 5) себорейлік дерматит, қышымалы папулездік бөртпе (балаларда);
6 6) ангулярлық хейлит;
7 7) жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясы (синусит, ортаңғы отит, фарингит, трахеит, бронхит);
8 8) жас адамдардағы белдік теміреткі;
9 9) кез келген шашыраңшы эндемиялық микоз, терең микоздар (кокцидиоидоз, өкпеден тыс криптококкоз (криптококктық менингит), споротрихоз, аспергиллез, изоспороз, өкпеден тыс гистоплазмоз, стронгилоидоз, актиномикоз және басқалар);
10 10) өкпелік және өкпеден тыс туберкулез, оның ішінде перифериялық лимфотүйіндердің туберкулезінен басқа, атипті микобактериялары тудырған диссеминирленген инфекция;
11 11) ауыз қуысының түкті лейкоплакиясы, қызыл иектің сызықтық эритемасы;
12 12) әдеттегі емдеуге көнбейтін ауыр созылмалы қайталанатын пневмония және созылмалы бронхиттер (жыл бойы 2 және одан көп реттік жиілікпен), симптомы жоқ және клиникалық айқын лимфоидтық интерстициальдық пневмония;
13
13) сепсис, ішкі ағзалардың созылмалы және қайталанатын іріңді-бактериялық аурулары (пневмония, плевра эмпиемасы, менингит, менингоэнцефалиттер, сүйек және буындардың инфекциясы, іріңді миозит сальмонеллездік септицемия (Salmonella tiphi басқа), стоматиттер, гингивиттер, периодонтиттер және басқалар);
14 14) пневмоцистік пневмония;
15 15) ішкі ағзаларды зақымдайтын және тері мен шырышты қабықтарды, оның ішінде көзді созылмалы (бір айдан аса) зақымдайтын, қарапайым ұшықтың вирусы тудырған инфекциялар;
16 16) кардиомиопатия;
17 17) нефропатия;
18 18) этиологиясы белгісіз энцефалопатия;
19 19) үдемелі мультифокальдық лейкоэнцефалопатия;
20 20) «Капоши» саркомасы;
21 21) ісіктер, оның ішінде лимфома (бас миының) немесе В-жасушалы лимфома;
22 22) орталық нерв жүйесінің токсоплазмозы;
23 23) өңештің, бронхының, кеңірдектің, өкпенің, шырышты қабықтың, ауыз қуысының және мұрынның кандидозы;
24 24) атипті микобактериялар тудырған диссеминирленген инфекция;
25 25) этиологиясы белгісіз кахексия;
26 26) қарапайым емдеуге келмейтін созылмалы қайталанатын пиодермия;
27 27) әйелдердің жыныс мүшесі аумағының этиологиясы белгісіз ауыр созылмалы қабыну аурулары;
28 28) әйелдердің жыныс мүшелерінің инвазивтік ісіктері;
29 29) мононуклеоз ауру басталғаннан кейін 3 айдан соң;
30 30) белгіленген диагнозы бар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (мерез, хламидиоз, трихомониаз, гонорея, генитальдық ұшық, вирустық папиломотоз және басқалар);
31 31) «В» және «С» вирустық гепатиттері, диагноз расталған кезде;
32 32) кеңейген сулы кондиломалар;
33 33) бөртпе жайылған контагиоздық моллюск, ірі сұрықсыз контагиоздық моллюск;
34 34) бұрын дені сау адамдардағы алғашқы жарыместік;
35 35) жүйелі түрде қан құйғызатын, гемофилиямен және басқа аурулармен ауыратын науқастар;
36 36) жайылған цитомегаловирустық инфекция, цитомегаловирустық инфекциямен көздің ауруы;
37 37) ретинит немесе 1 айлық жастан үлкен балада дамитын бауыр, көкбауыр және лимфотүйіндерден басқа ішкі ағзалардың инфекциясы.
9 9. Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеруге мыналар жатады:
1 1) АИТВ-жұқтырған адамдардың және ЖИТС-пен ауыратын науқастардың жыныстық серіктестері;
2 2) инъекциялық есірткілерді бірге пайдаланатын серіктестер;
3 3) инъекциялық есірткілерді тұтынушыларды наркологиялық қызметке есепке алу кезінде және әрбір 6 айдан кейін;
4 4) ретсіз жыныстық қатынаста болатын адамдар (еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, секс жұмыскерлері және басқалар);
5 5) тергеуге қамалған және сотталған адамдар тергеу изоляторларына, түзету мекемелеріне келіп түскен кезде, 6 ай өткен соң, босатылу алдында және мекемеде болған кезде қалауы бойынша АИТВ-инфекциясына тексеріледі;
6 6) АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқас аналардан туған балалар;
7
7) қызметтік міндеттерді орындау кезінде авариялық жағдай нәтижесінде зардап шеккен адамдар (медициналық манипуляция кезінде) және жұқтырудың тәуекеліне ұшыраған адамдар (жыныстық қатынаста болғанда және басқа да жағдайларда) жүгіну сәтінде АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеруден және одан әрі 1 және 3 айдан кейін тексеруден өтеді;
8 8) АИТВ жұқтырған материалмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жылына 1 рет;
9 9) әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша жұмысқа тұратын адамдар, әскери оқу орындарының талапкерлері;
10 10) жүкті әйелдер:
есепке тұру кезінде және жүктіліктің 28-30 аптасында (2 рет тексеру);
жүктілікті тоқтату алдында;
АИТВ-инфекциясына 2 рет тексеру нәтижелері жоқ босандыру мекемелеріне келіп түскен немесе босануға келіп түскенге дейін 3 аптадан артық бір рет тексерілген жүкті әйелдер.
10 10. Адамдарды кейіннен қатты фазалық иммундық-ферментті талдау арқылы (бұдан әрі – ИФТ) АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша жедел-тестпен тексеруге мыналар жатқызылады:
1 1) донорлар олардан донорлық материалды алу алдында;
2 2) жүкті әйелдер:
босануға келгенде белгісіз АИТВ-мәртебесі бар;
босануға келіп түскенге дейін 3 аптадан артық бір рет АИТВ-инфекциясына тексерілгендер;
алмасу картасынсыз босануға келіп түскендер;
3 3) апаттық жағдайларда зардап шеккендер (АИТВ мәртебесін және инфекцияның болжамды көзін анықтау, тәуекел дәрежесін бағалау және байланыстан кейін антиретровирустық профилактика тағайындау үшін);
4 4) шұғыл қан және оның компоненттерін құю кезінде қан және оның компоненттерінің донорлары (АИТВ-ға антиденені тексерілген қан және оның компоненттерінің болмауы жағдайында);
5 5) инъекциялық есірткілерді тұтынушылар, секс-жұмыскерлері, еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер.
11 11. Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеру міндетті түрде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тестке дейін, сондай-ақ тесттен кейін консультациялау арқылы жүргізіледі.
12
12. Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеру кезінде мыналар толтырылады: тексеру коды, жеке басын куәландыратын құжат бойынша қысқартусыз жеке деректері (толық тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, үйінің мекенжайы), азаматтығы. Құпия тексерілген кезде тек сандық коды көрсетіледі.
13 13. АИТВ-инфекциясына тексерілетін адамдардан қан алуды медициналық ұйымдардың (меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан) және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің медициналық бөлімдерінің медицина қызметкерлері бөлгіш гель бар вакутейнерлерде жүргізеді.
14 14. Қанның сынамасы зерттеуге белгіленген үлгідегі жолдамамен жіберіледі (1 данада жеке, 2 данада тізіммен). Жолдама баспа шрифтпен толтырылады. Қан сынамасы АИТВ-ға антидененің болуына зерттеу жүргізу үшін ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарына жеткізіледі.
15
15. АИТВ-инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын аналардан туған балалардың биоматериалын (жаңа алынған қан, қан плазмасы, қан сарысуы) полимеразды тізбекті реакция және иммуноблот әдісімен провирустық дезоксирибонуклеиндік қышқылға (бұдан әрі – ДНҚ), рибонуклеиндік қышқылға (бұдан әрі – РНҚ) тексеру ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың зертханасында жүргізіледі.
3 3. Қорытынды ережелер
16
16. АИТВ-инфекциясының болуы туралы соңғы нәтижені, оның ішінде кез келген биологиялық материалдың донорлары мен реципиенттеріне ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі бойынша зерттеулер нәтижелері негізінде береді.
17 17. АИТВ-инфекциясының болуына тексеру нәтижелері психологиялық-әлеуметтік тесттен кейін консультация беру барысында тексерілушінің өзіне жеке хабарланады.
18 18. Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекцияның болуына тексеру нәтижелері олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
19
19. ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігері АИТВ-инфекциясына оң нәтиже, өзінің денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы тексерілетін адамға жазбаша хабарлайды, сондай-ақ емделуден бас тартқаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.
20
20. Азаматтарға АИТВ-ға антиденені тексерудің теріс нәтижелерін растайтын анықтамалар-сертификаттарды беруді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, тексерілушінің биоматериалы зертханаға келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтар жүзеге асырады. Анықтама-сертификат берілген сәттен бастап 3 ай бойы жарамды болады.
1 Ересектердегі АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі
Клиникалық және эпидемиологиялық
айғақтар бойынша адамдарды
АИТВ-инфекциясының болуына медициналық
тексеру қағидаларына
1-қосымша
Ересектердегі АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі
2 АИТВ-жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын аналардан туған балалардағы АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі
Клиникалық және эпидемиологиялық
айғақтар бойынша адамдарды
АИТВ-инфекциясының болуына медициналық
тексеру қағидаларына
2-қосымша
АИТВ-жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын аналардан туған балалардағы АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі
АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын аналары барлар
* Провирустық ДНҚ-ны анықтауға ПТР әдісімен зерттеу үшін жаңа алынған қан; РНҚ анықтауға – қан плазмасы; ИФТ және иммуноблот үшін – қан сарысуы биоматериал болып табылады;
12 айлық балада ИФТ-да АИТВ-инфекциясына оң нәтиже болған жағдайда, оны 18 айлық жасында ИФТ-да қосымша тексеру жүргізіледі.
3 Нысан CERTIFICATE АНЫҚТАМА Of test on antibodies to HIV адамның иммун тапшылығы вирусына антиденені зерттеу туралы
Клиникалық және эпидемиологиялық
айғақтар бойынша адамдарды
АИТВ-инфекциясының болуына медициналық
тексеру қағидаларына
3-қосымша
Нысан CERTIFICATE АНЫҚТАМА Of test on antibodies to HIV адамның иммун тапшылығы вирусына антиденені зерттеу туралы
I am (Мен)___________________________________________________
(name of doctor) (дәрігердің Т.А.Ә.)
hereby certify that (осы арқылы растаймын, яғни)______________
______________________________________________________________
(name of patient) (латын әріптерімен пациенттің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
пациенттің тегі, аты, әкесінің аты орысша
_____________________was tested on (тексерілді) ________________
(date of birth of patient ) ( пациентің туған жылы ) (date) (күні)
For the presence in his/her blood of antibodies to the human immunodeficiency virus (HIV) and that the result of the test was NEGATIVE.
Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) антидененің болуы теріс нәтижелі.
Stamp:
Мөр:
Signature:
Қолы:
Сертификатты толтыру бойынша түсіндірме