Об утверждении Правил безопасности при проведении занятий физической культуры и спортом, спортивных соревнований и спортивно-массовых мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил безопасности при проведении занятий физической культуры и спортом, спортивных соревнований и спортивно-массовых мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-02-18/175
- Қабылданған күні
- 08.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2014 AI61260_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007269
- ЭКБ идентификаторы
- 61260
- Редакция идентификаторы
- AI61260_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:39
0 Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекітілсін.
2 2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
3 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газеті» газетінде жария етілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е.Омаровқа жүктелсін.
7 7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2011 жыл 6 қазанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2011 жыл "___"___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2011 жыл 10 қазанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2011 жыл "___"____________
8 Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 02-02-18/175
бұйрығымен бекітілді
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2 2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады:
1 1) ішкі істер, денсаулық сақтау және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары;
2 2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізетін жергілікті атқару органдары;
3 3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі - ұйым).
3 3. Жүйелі түрде, бапкердің (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрігердің карауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға рұқсатынан кейін ғана өткізіледі.
Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуді болдырмайды.
2 2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
4 4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары адамның физикалық және интелектуалды дамуына бағытталған іс-шаралар мен жаттығулар кешені болып табылады.
5 5. Жаттығулар:
1 1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап
алынған спорт объектілерінде;
2 2) оқу-жаттығу сабақтары өтетін орындар санитарлық нормаларға сәйкес болса;
3 3) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;
4 4) санитарлық және өртке қарсы қызметтің рұқсаты болғанда уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында өтеді.
6 6. Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт қызметкерлері:
1 1) сабақтар өтетін орындарды қарайды;
2 2) тиісті спорт түрлерінен қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қадағалай отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексереді.
7
7. Спорт ғимаратында техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ұйымға бұл жайында меншігінде спорт ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізу алдында бір ай ішінде ескертілуі қажет.
8 8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, қолдану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.
9 9. Ұйым:
1 1) іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды әзірлейді;
2 2) дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне тиісінше нұсқау береді.
3 3. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
10 10. Спорттық жарыстарға спортшылар спорттық жетістіктерге қолжеткізу үшін, жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес қатысады.
Спорттық-бұқаралық іс-шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады.
11
11. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу регламентін ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6617 тіркелген Спорт түрлерінен жарыстардың ережесіне сәйкес бекітеді.
12
12. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік құрылымдық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізеді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық іс-шараны өткізуге кемінде 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік-техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіп пен көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитеті аталған спорттық жарысты және спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
13 13. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдарының қажетті саны іске қосылады.
14 14. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда алкогольді ішімдіктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.
4 4. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды дайындауға және оны өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
15 15. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1
1) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кешенді спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
2 2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
3 3) спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу қағидаларын орындауды, көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
4 4) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың уақытылы келуін қамтамасыз етеді.
16 16. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
1
1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу-кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес іс-қимылын бақылауды;
2 2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй-жайлардың арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
3 3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруін және жақындауын;
4 4) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
5 5) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
6 6) көрермендер мен қатысушыларды іс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен көрсету;
7 7) бұқаралық-спорттық іс-шараларға билеттер таратуды;
8 8) бақылау-өткізу тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
9 9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай-ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
17 17. Орны, трибуналары және секторлары көрсетілмеген кіру билеттерін сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бірге билеттерді көрсетілген нормадан асырып таратуға рұқсат етілмейді.
18 18. Ішкі істер органдары:
1
1) спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;