Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан

Бұйрық · № 85 · қабылданған 12.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61264/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 85 ·12.09.2011
06.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 85 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
85
Қабылданған күні
12.09.2011
Көрсетілген редакция
06.02.2017 AI61264_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007287
ЭКБ идентификаторы
61264
Редакция идентификаторы
AI61264_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:38

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін бақылау бойынша ішківедомстволық қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау комиссиясы жөніндегі типтік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 6 ақпандағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау комиссиясы жөніндегі типтік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін толық және жан-жақты бақылау мақсатында құрылады.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ай сайын Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабындағы (бұдан әрі – ӨАЕК) қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпаратты есепке алудың толықтығына тексеру мен салыстыру жүргізеді;";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) айына бір реттен кем емес отырыс өткізуге тиісті ішкі істердің аумақтық органдарын қоспағанда, тоқсанына бір реттен кем емес өз отырыстарын өткізеді;";
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) он күн сайын комиссия мүшелерімен бірлесіп, "дерек дәлелденбеген" деген белгі соғылған ӨАЕК-нда тіркелген қылмыстар туралы кейбір ақпаратқа қайта тексеруді жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша осы Типтік ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт толтырады;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кезекші бөлімнің бастығы ӨАЕК-ң жүргізілуіне; орган хатшылығының бастығы кіріс хат-хабары журналының және жеке, заңды тұлғалардың өтініштері мен жүгінулерін есепке алу журналының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Есепке алудан жасырылған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылғандығын анықтау мақсатында, комиссия мүшелері ай сайын ӨАЕК мәліметтеріне мынадай деректермен:
1) кіріс хат-хабарларын есепке алу журналымен;
2) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын есепке алу журналымен;
3) сенім телефонына жасалған қоңырауларды есепке алу журналдарымен;
4) аумақтық тиесілігіне, тергеуге алынғандығына, соттылығына қарай жіберілген материалдар бойынша прокуратура және сот органдарымен салыстыру жүргізеді.";
19-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ӨАЕК мәліметтерін оқиға болған жерлерді, тұспалдарды қарауға криминалистерді жіберуді есепке алу журналдарына тіркелген қылмыстармен және оқиғалармен салыстыру;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ӨАЕК мәліметтерін хатшылықтың (кеңселердің), полицияның учаскелік пункттерінің есепке алу журналдарындағы қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттың тіркелуімен, басқа да қызметтердің құжаттарымен салыстыру;";
Типтік ережеге 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2) "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі ішкі ведомстволық қызмет туралы" № 6 нысанды Мәліметтерді және олардың құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 6 ақпандағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 тіркелген):
"Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі ішкі ведомстволық қызмет туралы" № 6 нысанды Мәліметтердің құрылуы жөніндегі Нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – ЭҚСЖҚКА), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚМ), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – ҚМ КБК) органдары аталған статистиканың субъектілері болып табылады.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық қудалаудың облыстық және соларға теңестірілген органдары ҰҚК, ЭҚСЖҚКА, ІІМ, ҚМ, ТЖМ және ҚМ КБК органдарының орталық аппараттарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 12 күніне тапсырады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. 11-бағанда Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) тіркелмеген қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттың саны бейнеленеді.
11-бағанда ескерілетін қылмыстар туралы тіркелмеген өтініштерге ӨАЕК-нда тіркелусіз және қабылданған іс жүргізу шешімінсіз қалған формальды түрде қылмыс белгілерінен тұратын өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар жатады.
Іс жүргізу шешімдері ӨАЕК-нда тиісті тіркеуден өтпей қабылданған өтініштер мен хабарламалар тек 6-бағанда ескеріледі.
12-15-бағандарда 11-бағаннан шығатын, оларды анықтаған бөлімшелерге байланысты қылмыстар, оқиғалар туралы ӨАЕК-нда тіркелмеген өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар көрсетіледі.".

2

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындаулын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕ­ЛІ­СІ­Л­ГЕН"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің
Тө­ра­ға­сы
10 қа­зан 2011 ж.
Н. Әбі­қа­ев
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Эко­но­ми­ка­лық қыл­мысқа және
сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес
агент­ті­гі­нің (қар­жы по­ли­ци­я­сы)
Тө­ра­ға­сы
17 қыр­күй­ек 2011 ж.
Қ. Қо­жам­жа­ров
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі
16 қыр­күй­ек 2011 ж.
Қ. Қа­сы­мов
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Қор­ға­ныс ми­ни­стрі
14 қыр­күй­ек 2011 ж.
Ә. Жақ­сы­бе­ков
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Қар­жы ми­ни­стрі
23 қыр­күй­ек 2011 ж.
Б. Жәмі­шев
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі
7 қа­зан 2011 ж.
В. Бож­ко

5 Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) тіркелген қылмыстар туралы ақпаратты тексерудің нәтижесінде "дерек дәлелденбеген" деген белгі қойған комиссияның бақылау тексерісінің ____________ жылға арналған АКТІСІ Біз, төмендегі қол қоюшылар _________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бас Про­ку­ро­ры­ның
2011 жы­л­ғы 12 қыр­күй­ек
№ 85 бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Қыл­мыстық қу­да­лау ор­ган­да­ры­ның
есеп­ке алу-тір­кеу тәр­ті­бін
ба­қы­лау ко­мис­си­я­сы жө­нін­де­гі
тип­тік ере­же­ге
№ 1 қо­сым­ша
ны­сан
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) тіркелген қылмыстар туралы ақпаратты тексерудің нәтижесінде "дерек дәлелденбеген" деген белгі қойған комиссияның бақылау тексерісінің ____________ жылға арналған АКТІСІ Біз, төмендегі қол қоюшылар _________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
(есепке алу-тіркеу жұмысының инспекторы, қызметі мен шендері көрсетілген комиссия мүшелері) ӨАЕК-нда тіркелген ақпаратқа бақылау тексерісін жүргіздік, нәтижесінде қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері "дерек дәлелденбеген" деген белгі қойды.
№ р/с
Тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні
Ақ­па­рат­тың де­рек көз­де­рі мен маз­мұ­ны
Кім бар­ды
Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің қай­сысы тек­сер­ген
Ба­қы­лау тек­се­рі­сі­нің нәти­же­сі
1
2
3
4
5
6
Салыстыру нәтижелері бойынша жасалған бұзушылықтарға түзетулер енгізілген, ӨАЕК-нда тіркеу жүргізілген.
Бақылау тексерісін жүргізген қызметкерлердің қолдары:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

6 ___________________________ жылға арналған (ұйымның, кәсіпорынның атауы) -мен салыстыру жүргізу АКТІСІ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бас Про­ку­ро­ры­ның
2011 жы­л­ғы 12 қыр­күй­ек
№ 85 бұй­ры­ғы­на
2-қо­сым­ша
Қыл­мыстық қу­да­лау ор­ган­да­ры­ның
есеп­ке алу-тір­кеу тәр­ті­бін
ба­қы­лау ко­мис­си­я­сы жө­нін­де­гі
тип­тік ере­же­ге
№ 2 қо­сым­ша
ны­сан
___________________________ жылға арналған (ұйымның, кәсіпорынның атауы) -мен салыстыру жүргізу АКТІСІ

р/с
Жа­сал­ған қыл­мыстың кү­ні мен уа­қы­ты
Қыл­мыстың мән-жайы, кел­ті­рі­л­ген за­лал­дың со­ма­сы
Ор­ган­ға кім ха­бар­ла­ған, егер ха­бар­лан­ба­ған бол­са, көр­се­тіл­сін
Ха­бар­ла­ма­ны кім қа­был­да­ған (қыз­ме­ті, ата­ғы, те­гі)
Қай ор­ган­ға тір­кел­ген, тір­кеу нө­мі­рі мен кү­ні
1
2
3
4
5
6
Ұйымның басшысы Орган бастығы
(қолы, тегі) (атағы, қолы, тегі)
М.О. М.О.

7 _____________ жылға арналған (медицина мекемесінің атауы) -мен салыстыру жүргізу АКТІСІ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бас Про­ку­ро­ры­ның
2011 жы­л­ғы 12 қыр­күй­ек
№ 85 бұй­ры­ғы­на
3-қо­сым­ша
Қыл­мыстық қу­да­лау ор­ган­да­ры­ның
есеп­ке алу-тір­кеу тәр­ті­бін
ба­қы­лау ко­мис­си­я­сы жө­нін­де­гі
тип­тік ере­же­ге
№ 3 қо­сым­ша
ны­сан
_____________ жылға арналған (медицина мекемесінің атауы) -мен салыстыру жүргізу АКТІСІ

р/с
Ке­ліп түс­кен (жү­гін­ген) кү­ні, қой­ы­л­ған ди­а­гно­зы
Жа­ра­қат­та­ну­шы­ның аты-жө­ні, ту­ған кү­ні
Оның тұ­рақ­ты ме­кен­жайы, қай­дан ке­ліп түс­кен
Ха­бар­ла­ма­ны қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­на кім бер­ген, егер бе­ріл­ме­ген бол­са, көр­се­тіл­сін
Ха­бар­ла­ма­ны кім қа­был­да­ған (қыз­ме­ті, ата­ғы, те­гі)
Қай ор­ган­ға тір­кел­ген, тір­кеу нө­мі­рі мен кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
Ұйымның басшысы Орган бастығы
(қолы, тегі) (атағы, қолы, тегі)
М.О. М.О.

Қолданыстағы