Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции

Қаулы · № 1293 · қабылданған 04.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61305/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции Күшін жойған Қаулы ·№ 1293 ·04.11.2011
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции

Күшін жойған Қаулы ·№ 1293 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции
Атауы (қаз.)
Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1293
Қабылданған күні
04.11.2011
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI61305_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001293
ЭКБ идентификаторы
61305
Редакция идентификаторы
AI61305_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:17

0 Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі – Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.

2 2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.

3

3. Декларацияларда жеке және заңды тұлғалар ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша салық органына (бұдан әрі – салық органы) табыс етеді.

4

4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) салық органына табыс етеді.
Салық органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.

5 5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

6 6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады (бұдан әрі - дал).

7 7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде толтыруы тиіс.

2 2. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі

8

8. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі – 1-декларация) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына этил спиртін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның және (немесе) шарап материалын өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде этил спирті және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.

9 9. «СОК» жолында 1-декларацияны табыс ететін салық органының коды көрсетіледі.

10 10. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі - СТН).

11 11. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН) көрсетіледі.

12 12. «Субъектінің атауы» жолында 1-декларацияны табыс ететін этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

13 13. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 1-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

14 14. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

15 15. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

16 16. 2-бағанда этил спирті немесе шарап материалын өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

1-декларацияның бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген этил спирті немесе шарап материалын өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

17 17. 3-бағанда өнімнің түрі (этил спирті немесе шарап материалы) көрсетіледі.

18 18. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде этил спирті немесе шарап материалының сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – СЭҚ ТН) көрсетіледі.

19 19. 5-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушіде қалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі.
Этил спирті және (немесе) шарап материалын өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, этил спирті мен шарап материалының нөлдік қалдығын көрсетеді.

20 20. 6-бағанда өндірілген этил спирті немесе шарап материалының және басқа жеткізушілерден сатып алған немесе алған жалпы саны көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10, 11, 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

21 21. 7-бағанда өндірген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

22 22. 8-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден сатып алған немесе алған этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

23 23. 9-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген этил спирті немесе шарап материалының қайтарылған көлемі көрсетіледі.

24 24. 10-бағанда үшінші елдерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

25 25. 11-бағанда Ресей Федерациясынан әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

26 26. 12-бағанда Беларусь Республикасынан әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

27 27. 13-бағанда жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының жалпы көлемі көрсетіледі (13-бағанның мәні 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

28 28. 14-бағанда өз өндірісі үшін жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

29 29. 15-бағанда алкоголь өнімін өндіру үшін басқа өндірушілерге өткізілген этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

30 30. 16-бағанда экспортқа өткізілген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

31 31. 17-бағанда алкоголь өнімін өндірумен байланысты емес техникалық қажеттілікке өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.

32 32. 18-бағанда алушыларға медициналық мақсаттар үшін өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.

33 33. 19-бағанда өндіру процесінде этил спиртінің немесе шарап материалы шығындарының көлемі көрсетіледі.

34 34. 20-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

35 35. 21-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

36 36. 22-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған этил спиртінің немесе шарап материалының қалдығы көрсетіледі (22-бағанның мәні 13-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

3 3. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі

37

37. Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі – 2-декларация) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.

38 38. «СОК» жолында алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі Декларация табыс етілетін салық органының коды көрсетіледі.

39 39. «СТН» жолында салық төлеушінің «СТН» көрсетіледі.

40 40. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

41 41. «Субъектінің атауы» жолында алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

42 42. «Есепті кезең» жолында алкоголь өнімін өндіруші 2-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

43 43. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

44 44. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

45 45. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

2-декларацияның бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

46 46. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.

47 47. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.

48 48. 5-бағанда алкоголь өнімінің (сырадан басқа) түрлері бойынша сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.

49 49. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.

Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.

50 50. 7-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (7-бағанның мәні 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

51 51. 8-бағанда алкоголь өнімін өндіру түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.

52 52. 9-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден алған алкоголь өнімінің түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.

53 53. 10-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген алкоголь өнімінің қайтарылған көлемі көрсетіледі.

54 54. 11-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

55 55. 12-бағанда Ресей Федерациясынан әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

56 56. 13-бағанда Беларусь Республикасынан әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

57 57. 14-бағанда алкоголь өнімінің жалпы шығыны көрсетіледі (14-бағанның мәні 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

58 58. 15-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.

59 59. 16-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

60 60. 17-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

61 61. 18-бағанда өндіріс процесінде алкоголь өнімінің шығыны көрсетіледі.

62 62. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

63 63. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

64 64. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 14-бағанның мәнін шегеруімен, 6 және 7-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

4 4. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияға «Алкоголь өнімінің өндірісінде шикізат балансы» қосымшасын толтыру тәртібі

65 65. Алкоголь өнімінің өндірісінде шикізат балансын жеке немесе заңды тұлғалар есепті кезең үшін этил спирті немесе шарап материалынан өндірілген алкоголь өнімі өндірісінің көлемдері бар болған жағдайда 2-декларацияға қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (бұдан әрі – Шикізат балансы) жасайды.

66 66. «СОК» жолында Шикізат балансы табыс етілетін салық органының коды көрсетіледі.

67 67. «СТН» жолында салық төлеушінің «СТН» көрсетіледі.

68 68. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

69 69. «Субъектінің атауы» жолында Шикізат балансын табыс ететін алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

70 70. «Есепті кезең» жолында Шикізат балансы табыс етілетін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

71 71. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

72 72. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

73 73. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

Шикізат балансының бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

74 74. 3-бағанда шикізаттың атауы (этил спирті немесе шарап материалы) көрсетіледі.

75 75. 4-бағанда Қазақстан Республикасына шикізатты импорттау кезінде СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

76 76. 5-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.

77 77. 6-бағанда шикізат жеткізушінің СТН көрсетіледі.

78 78. 7-бағанда шикізат жеткізушінің ЖИН немесе БИН көрсетіледі, оның бар кезінде.

79 79. 8-бағанда есепті кезеңнің басында шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі.

80 80. 9-бағанда келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі көрсетіледі.

81 81. 10-бағанда алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалған шикізаттың көлемі көрсетіледі.

82 82. 11-бағанда өндіріс паспорты бойынша 1 дал алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалатын шикізаттың мөлшері көрсетіледі.

83 83. 12-бағанда өндіріс процесінде шикізаттың шығындары көрсетіледі.

84 84. 13-бағанда алкоголь өнімнің өндірілген түрі көрсетіледі.

85 85. 14-бағанда өндірілген алкоголь өнімдегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.

86 86. 15-бағанда өндірілген алкоголь өнімнің көлемі көрсетіледі.

87 87. 16-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.

88 88. 17-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.

89 89. 18-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған шикізаттың қалдығы көрсетіледі (18-бағанның мәні 10, 12, 16, 17-бағандардың мәндерін шегеруімен, 8 және 9-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

90 90. 19-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің өндіру кезендегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.

91 91. 20-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алкоголь өнімінің өндіру кезеңдегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.

5 5. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі

92

92. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі – 3-декларация) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға арналған лицензияның негізінде алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар табыс етеді.

93 93. «СОК» жолында 3-декларацияны табыс ететін салық органының коды көрсетіледі.

94 94. «СТН» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі - СТН).

95 95. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН) көрсетіледі.

96 96. «Субъекттің атауы» жолында 3-декларацияны табыс ететін этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

97 97. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 3-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

98 98. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

99 99. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

100 100. 2-бағанда жеке немесе заңды тұлғаның қойма ғимаратының орналасқан мекенжайы көрсетіледі.

3-декларацияның бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асырудың әрбір мекенжайы бойынша жеке және заңды тұлғалар бөлек толтырылады.

101 101. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.

102 102. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.

103 103. 5-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.

Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.

104 104. 6-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10, 11, 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

105 105. 7-бағанда Қазақстан Республикасының жеткізушілерінен түскен алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

106 106. 8-бағанда алдында өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.

107 107. 9-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

108 108. 10-бағанда Ресей Федерациясынан әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

109 109. 11-бағанда Беларусь Республикасынан әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

110 110. 12-бағанда есепті кезең үшін алкоголь өнімі шығынының жалпы көлемі көрсетіледі (12-бағанның мәні 13, 14, 15, 16, 17-бағандардың мәндерінің қосындысымен теңдеседі).

111 111. 13-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.

112 112. 14-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

113 113. 15-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

114 114. 16-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

115 115. 17-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

116 116. 18-бағанда есепті кезеңнің соңына, шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі (18-бағанның мәні 12-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

125 Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияның табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтініш

Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және
айналымы жөніндегі
декларацияларды табыс ету
қағидаларына 1-қосымша
Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияның табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтініш
Салық төлеушінің атауы__________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
СТН ____________________________________________________________
ЖСН/БСН ________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
табыс ету мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз)
Нысанның коды: _________________________________________________
Салық органының коды: __________________________________________
Есепті кезең:         Айы |_______| Жылы |_______|
Басшының қолы ______________________
М.О.

126 Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация

Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және
айналымы жөніндегі
декларацияларды табыс ету
қағидаларына 2-қосымша
нысан
СОК _______________________________________
СТН _______________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________
Субъектінің атауы _________________________
Есепті кезең_______________________________
Есептіліктің түрі _________________________
Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация
Р/с

Ли­цен­зи­я­ға неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы
Өнім­нің тү­рі (этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы)
СЭҚ ТН ко­ды (этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын им­порт­та­ған­да неме­се экс­порт­та­ған­да)
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның қал­ды­ғы, дал
Этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­ал­дың кі­рі­сі, оның ішін­де:
Бар­лы­ғы
Өз өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі
Бас­қа жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды (оның ішін­де им­порт бой­ын­ша бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды
бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру
үшін­ші ел­дер­ден алын­ды
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан алын­ды
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­нан алын­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы
Этил спир­ті­нің неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның шы­ғы­стар, оның ішін­де:
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық, дал
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық, дал
Бар­лы­ғы
Ал­ко­голь өні­мін өз өн­ді­рі­сі үшін
Бас­қа тұ­лға­лар­ға ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру үшін этил спир­ті мен ша­рап ма­те­ри­а­лы өт­кі­зіл­ді
Экс­порт­қа өт­кі­зіл­ді
Тех­ни­қа лық қа­жет­ті­лік­тер­ге өт­кі­зіл­ді (этил спир­ті үшін)
ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­тар үшін өт­кі­зіл­ді (этил спир­ті үшін)
Өн­ді­ру про­це­сін­де­гі шы­ғы­стар, дал
Өзге де шы­ғы­стар, дал
бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған, тәр­кі­лен­ген
ТЖ кез­де бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
22

127 Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация

Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және
айналымы жөніндегі
декларацияларды табыс ету
қағидаларына 3-қосымша
нысан
СОК _______________________________________
СТН _______________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________
Субъектінің атауы _________________________
Есепті кезең_______________________________
Есептіліктің түрі _________________________
Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация
Р/с №
Ли­цен­зи­я­ға неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы
Ал­ко­голь өні­мі­нің тү­рі
СЭҚ ТН ко­ды (Ал­ко­голь өні­мін им­порт­та­ған­да неме­се экс­порт­та­ған­да)
Ал­ко­голь өні­мін­де­гі (сы­ра­дан бас­қа) су­сыз спирт­тің пай­ы­здық құ­ра­мы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық, дал
Ал­ко­голь өні­мі­нің кө­лі­мі, дал, оның ішін­де:
Бар­лы­ғы
Өз өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі
Алын­ды (оның ішін­де им­порт бой­ын­ша бұ­рын өт­кі­зі­л­ген неме­се ти­еп жө­нел­ті­л­ген өнім­ді қай­та­ру)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды
бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру
үшін­ші ел­дер­ден алын­ды
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан алын­ды
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­нан алын­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы
Ал­ко­голь өні­мі­нің шы­ғы­ны, оның ішін­де:
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық, дал
Бар­лы­ғы
Іш­кі на­рық­қа өт­кі­зі­л­ген ал­ко­голь өні­мі­нің кө­ле­мі
өз құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне неме­се заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне ти­еп жө­нел­ті­л­ген ал­ко­голь өні­мі­нің кө­ле­мі
экс­порт­қа өт­кі­зі­л­ген ал­ко­голь өні­мі
Өн­ді­ру про­це­сін­де­гі шы­ғы­стар
Өзге де шы­ғы­стар, дал
бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған, тәр­кі­лен­ген
ТЖ кез­де бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған
14
15
16
17
18
19
20
21

128 Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы

Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы
жөніндегі декларацияға қосымша
нысан
СОК _______________________________________
СТН _______________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________
Субъектінің атауы _________________________
Есепті кезең_______________________________
Есептіліктің түрі _________________________
Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы
Р/с №
Ли­цен­зи­я­ға неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы
Ши­кі­заттың ата­уы
СЭҚ ТН ко­ды (этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын им­порт­та­ған­да)
Ши­кі­зат жет­кі­зу­ші ту­ра­лы мә­лі­мет
Ши­кі­заттың қоз­ға­лы­сы, дал
ата­уы
СТН
ЖСН/БСН
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық
Ке­ліп түс­кен ши­кі­заттың жал­пы кө­ле­мі
Ку­паж­ға пай­да­ла­ны­л­ған ши­кі­зат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Ши­кі­заттың қоз­ға­лы­сы, дал
Ал­ко­голь өні­мі­нің өн­ді­ру са­ты­сын­да­ғы ши­кі­заттың кө­ле­мі, дал
1 дал ал­ко­голь өні­міне шы­ғыс нор­ма­сы
Өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар
Шы­ға­ры­л­ған ал­ко­голь өні­мі­нің тү­рі
Өн­ді­рі­л­ген ал­ко­голь өні­мін­де­гі су­сыз спирт­тің пай­ы­здық құ­ра­мы
Шы­ға­ры­л­ған өнім­нің кө­ле­мі
Бас­қа шы­ғын­дар
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық
Есеп­ті ке­зең ба­сын­да­ғы қал­дық
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық
бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған, тәр­кі­лен­ген
ТЖ ке­зін­де бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20

129 Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация

Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және
айналымы жөніндегі
декларацияларды табыс ету
қағидаларына 4-қосымша
нысан
СОК _______________________________________
СТН _______________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________
Субъектінің атауы _________________________
Есепті кезең_______________________________
Есептіліктің түрі _________________________
Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация
Р/с

Қой­ма үй-жай­ы­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы
Ал­ко­голь өні­мі­нің тү­рі
СЭҚ ТН ко­ды (ал­ко­голь өні­мін им­пор­ты неме­се экс­пор­ты ке­зін­де)
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық, дал
Ал­ко­голь өні­мі­нің кі­рі­сі оның ішін­де:
Бар­лы­ғы
Алын­ды (оның ішін­де им­порт, ал­дын­да са­ты­л­ған неме­се ти­е­ліп жө­нел­ті­л­ген өнім­нің қай­та­ры­луы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы жет­кі­зу­ші­ле­рі­нен алын­ған
ал­дын­да са­ты­л­ған неме­се ти­е­ліп жө­нел­ті­л­ген­нің қай­та­ры­луы
үшін­ші ел­дер­ден алын­ған
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Бар­лы­ғы:
кестенің жалғасы
Ал­ко­голь өні­мі­нің кі­рі­сі оның ішін­де:
Ал­ко­голь өні­мі­нің шы­ғы­сы, дал, оның ішін­де:
Есеп­ті ке­зең­нің ая­ғын­да­ғы қал­дық, дал
Алын­ды (оның ішін­де им­порт, ал­дын­да са­ты­л­ған неме­се ти­е­ліп жө­нел­ті­л­ген өнім­нің қай­та­ры­луы)
Бар­лы­ғы
Іш­кі на­рық­қа са­ты­лу
өз құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне неме­се заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне ти­еп жө­нел­ті­л­ген
Экс­порт­қа са­ты­л­ған
Өзге де шы­ғын­дар, дал
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан алын­ған
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­нан алын­ған
бү­лі­нуі, жо­ға­луы, тәр­кі­леу
бү­лі­нуі, жо­ға­луы ТЖ
10
11
12
13
14
15
16
17
18

Қолданыстағы