Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования, перемещения семян и посадочного материала для воспроизводства лесов и лесоразведения

Қаулы · № 1329 · қабылданған 11.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61353/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования, перемещения семян и посадочного материала для воспроизводства лесов и лесоразведения Күшін жойған Қаулы ·№ 1329 ·11.11.2011
30.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования, перемещения семян и посадочного материала для воспроизводства лесов и лесоразведения

Күшін жойған Қаулы ·№ 1329 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования, перемещения семян и посадочного материала для воспроизводства лесов и лесоразведения
Атауы (қаз.)
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1329
Қабылданған күні
11.11.2011
Көрсетілген редакция
30.01.2016 AI61353_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001329
ЭКБ идентификаторы
61353
Редакция идентификаторы
AI61353_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:12

0 Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1329 қаулысымен
бекітілген
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары

1 1. Негізгі ережелер

1

1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін анықтайды.

2 2. Пайдалану және орнын ауыстыру:

1 1) тұқымдар мен отырғызу материалдарын - ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;

2 2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалдары - карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;

3 3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалдары - фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы карантиндік объектілер және басқа да ерекше қауіпті зиянкес организмдермен жасырын залалдану нысанына интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда тексерілуге жатады.

2 2. Тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

4 4. Пайдалануға рұқсат етілген тұқымдар жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және олардың топырақтағы өнгіштігін арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.

5

5. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: стратификация (қар шашу), тұқымдардың сыртқы жамылғысына механикалық, жылу және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен сәулелендіру, тұқымдарды дезинфекциялау және дезинцекциялау.

6 6. Тұқымдарды себу алдында дайындаудың негізгі тәсілі стратификация болып табылады.

7

7. Орман тұқымдарын стратификациялау арнайы үй-жайларда, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымының түріне байланысты +10 градустан +350С дейін, салқын стратификация 0 градустан +70С дейін, сирек +100С градус температура жағдайында жүргізіледі).

8 8. Стратификациялаудың ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының терең сипат алуына, орман тұқымдарының өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.

9 9. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте қабығы жарылған орман тұқымдарын сусымалы күйге жеткізіп кептіреді және елейді.

10 10. Тұқымдарды себу алдында дайындау тәсілдерінің ерекшеліктері тұқымдылықтарға байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

11 11. Тиеу, тасу және түсіру кезінде тұқымдар механикалық әсерлерге ұшырамауға және суланбауға тиіс.

12

12. Тұқымдардың орнын ауыстыру (тасымалдау кезінде бүлінбеуі үшін оларды құрғақ күйге жеткізіп (12-15% ылғалдылық), кептіреді және нығыздап салмай бес қабатты қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдыстарға салады. Ыдысқа салынған тұқымның бір орнының массасы 50 килограммнан аспауға тиіс.

13 13. Ыдыстың әрбір орны тұқымдардың түр атауы, массасы, күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.

14 14. Себу орнына немесе көлік құралдарына жеткізілген тұқымдар оларды пайдалану немесе жөнелту сәтіне дейін лапас астында немесе жабық платформаларда сақталады.

3 3. Отырғызу материалдарын пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

15 15. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде отырғызу материалдарды пайдалану мен олардың орын ауыстыруға отырғызу материалы өсірген орман тұқымбағының иесі беретін отырғызу материалдарының паспорты болған кезде рұқсат етіледі.

16 16. Отырғызу материалының паспорты отырғызу материалдарын қабылдау актісінің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

17

17. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарының сапасы мен саны бойынша қабылдау орман иеленуші немесе орман пайдаланушы тұқымбағының барлық қазып алынатын алаңында жылына екі рет көктемгі және күзгі отырғызу материалдарын қазып алу алдында комиссия жүзеге асырады, оның құрамында:

1 1) тұқымбақтың өкілдері (тұқымбақ бастығы немесе орман екпелерінің инженері);

2 2) карантиндік қадағалау қызметінің өкілі;

3 3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілі болады.

18 18. Отырғызылатын материал лекпен қабылданып алынады. Бірдей жағдайларда өсіріліп бір тұқымның жасы мен шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез-келген мөлшері лек болып есептеледі.

19 19. Орман иеленуші мен орман пайдаланушы ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған отырғызу материалы осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген талаптарына сай келуге тиіс.

20 20. Тамыр жүйесі ашық екпе көшеттер, тікпе көшеттері және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.

21 21. Тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен тікпе көшеттерді (топырақ кесегімен) тамыр жүйесі кеуіп қалудан сақталған жағдайда бүкіл жыл бойына отырғызуға болады.

22 22. Отырғызу материалының орнын ауыстыру (тасымалдау) көліктің барлық түрімен жүзеге асырылады, оларда отырғызу материалының діңдері, бұтақтары және тамыр жүйесі бүлінбейтіндей етіп біркелкі орналастырылуы қамтамасыз етіледі.

23 23. Отырғызу материалдарын тасымалдау кезінде:

1 1) оларды бумалап байлап, саңылауы бар жәшіктерге, қаптарға және себеттерге салады;

2 2) тамыр жүйесінің кеуіп, құрғап қалуына жол бермеу мақсатында олардың бетіне ылғалды ағаш ұнтақтары, қар, сабан немесе қамыс төсейді.

24 24. Тиеу, тасу және түсіру кезінде отырғызу материалына механикалық зақым келмеуге тиіс.

39 Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
1-қосымша
Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері
Р/с
N
Те­гі
Тұқым­ды се­бу­ге дай­ын­дау тә­сіл­де­рі
Тұқым­дар­дың өсу қу­а­тын және олар­дың жер­де­гі өн­гіш­ті­гін ын­та­лан­ды­ру үшін дай­ын­дау әді­сте­рі
күз­гі
көк­тем­гі
1
2
3
4
5
1
Кә­дім­гі өрік
Тұ­рақ­ты аяз­дар­ға екі ай қал­ған­да се­біл­се стра­ти­фи­ка­ци­я­лан­бай­ды. Күз ая­ғын­да се­біл­се, жи­нал­ған сәт­тен ба­стап жаз­ғы тран­ше­я­лар­да неме­се үй-жай­лар­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
3-5оС тем­пе­ра­ту­ра­да дым­қыл құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 90-100 күн бойы неме­се қы­ста то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды тем­пе­ра­ту­ра­сы 35 0С су­ға жі­бі­те­ді, Үшін­ші тәу­лік­те Тем­пе­ра­ту­ра­сы 16-18оС су құ­я­ды. Со­дан кей­ін тем­пе­ра­ту­ра­сы 30-35оС үй-жай­лар­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды.
Қо­с­па­ны кү­ніне 2-3 рет ауда­ры­сты­рып тұ­ра­ды.
12-15-ші кү­ні өсіп-өне ба­стай­ды.
2
Би­ік ай­лант
Дай­ын­да­май­ды
2-3 күн бойы су­ға жі­бі­те­ді
3
Бұ­та­лы амор­фа
Дай­ын­да­май­ды
24 са­ғат бойы су­ға жі­бі­те­ді
4
Қа­ра же­мі­сті аро­нин
Дай­ын­да­май­ды
Мар­га­нец қыш­қыл­ды ка­лий ері­т­ін­ді­сін­де (0,5 %) 2 са­ғат бойы жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін 60 күн Стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
5
Сал­пын­шақ қай­ың (қо­тыр)
Ер­те жа­з­да се­біл­се  ал­дын ала тұқым­ды жа­быс­кақ күй­ге дей­ін жі­бі­тіп ала­ды, күз ая­ғын­да және қы­ста се­біл­се, дай­ын­да­май­ды
Ал­дын ала іші­на­ра жа­быс­қақ күй­ге дей­ін жі­бі­тіп ала­ды (2-3 тәу­лік) неме­се құр­ғақ күй­ін­де се­бе­ді
Ал­дын ала жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды 2 тәу­лік бойы қар­ға ау­на­тып, то­ңа­зы­тып ала­ды. Қар­ға ау­на­ту ұз­ақ­тығы - 30 күн. Тем­пе­ра­ту­ра­сы тө­мен (0оС-қа жуық) үй ішін­де құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 30 күн бойы стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды және ТМТД-мен неме­се фен­ти­урам­мен дә­рі­лей­ді. Тұқым­ды 6 са­ғат бойы 0,005 % кү­кірт қыш­қыл­ды ко­бальт ері­т­ін­ді­сі­мен (COS04) неме­се 0.001 % мо­либ­ден ері­т­ін­ді­сі­мен (NH4)2 Мо04 өң­дей­ді. Мар­га­нец қыш­қыл­ды ка­лий­дің 0,5 % ері­т­ін­ді­сі­мен 2 са­ғат дә­рі­лей­ді
6
Түк­ті қай­ың
Та­лап етіл­мей­ді
Ал­дын ала 2 тәу­лік бойы жі­бі­тіп ала­ды неме­се құр­ғақ күй­ін­де се­бе­ді
Қар­ға ау­на­тып ала­ды неме­се тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­да (00С-қа жуык) ал­дын ала жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 30 күн бойы стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Ал­дын ала жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды бре­зент­ке үйіп, жа­быс­қақ күй­ге дей­ін жет­кі­зе­ді. ТМТД-мен неме­се фен­ти­урам­мен дә­рі­лей­ді.
7
Шы­ғыс био­та­сы
Тәу­лік бойы жі­бі­тіп ала­ды
Тәу­лік бойы жі­бі­тіп ала­ды
8
Кә­дім­гі қы­на­а­ғаш
Қыр­күй­ек­тен ке­шік­тір­мей се­біл­се дай­ын­да­май­ды; одан кеш се­біл­се 30 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
80-90 күн бойы 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды 500С тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы су­да 2 тәу­лік бойы жі­бі­те­ді
9
Ті­кен­ді (кә­дім­гі) до­ла­на
Сеп­пей­ді
12-24 са­ғат бойы 45 % кү­кірт қыш­қы­лы ері­т­ін­ді­сін­де жі­бі­те­ді, жуып-ша­я­ды және тем­пе­ра­ту­ра­сы 20-250 С үй-жай­лар­да 180-240 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
10
Ал­қы­зыл до­ла­на
Сеп­пей­ді
Жи­нап ал­ған­нан кей­ін бір­ден 5-100С тем­пе­ра­ту­ра­да 160-260 күн бойы үне­мі ылғал­дан­ды­ра және ара­ла­сты­ра оты­рып стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
11
Бір ана­лық до­ла­на
Жи­на­ған соң 1 жыл ішін­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лап, ке­ле­сі күз­де се­бе­ді. Стра­ти­фи­ка­ция ал­дын­да 3-4 күн жі­бі­те­ді
Сеп­пей­ді
12
Кә­дім­гі шие және да­ла ши­е­сі
Жи­нал­ған сәт­тен ба­стап се­бу­ге дей­ін жа­ңа жи­нал­ған, кеп­ті­ріл­ме­ген тұқым­дар­ды жаз­ғы тран­ше­я­лар­да неме­се сал­кын үй ішін­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Жи­на­ған сәт­тен ба­стап 180 күн ішін­де (да­ла ши­е­сі үшін - 120-180 күн) үй­жай­да неме­се то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
13
Жы­л­тыр ше­гір­шін
Жи­на­ған­нан кей­ін бір­ден құр­ғақ күй­ін­де се­бе­ді неме­се 2 са­ғат су­ға жі­бі­тіп, кеп­ті­ріп ала­ды
14
Үш ті­ке­нек­ті (кә­дім­гі) қа­ра­ма­ла
Тұқым­ды жи­на­ған сәт­тен ба­стап се­бу­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да неме­се құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Құр­ғақ тұқым­ды ер­те көк­тем­де се­бу­ге бо­ла­ды
Тұқым­ға қай­на­ған ыстық су (900С) құ­я­ды, со­дан соң сал­қын­да­ған су­да 10 са­ғат қал­ды­ра­ды. Су мен тұқым­ның ара­қа­ты­на­сы 3:1. Іс­ін­бе­ген тұқым­ды қай­та өң­дей­ді.
Ыстык су құ­ю­ды 2 са­ғат бойы кү­кірт қыш­қы­лы­ның кон­цен­тра­ты­мен өң­де­умен ал­ма­сты­ру­ға бо­ла­ды
15
Кә­дім­гі ал­мұрт
Аяз­ға 1,5 ай қал­ған­да се­бер бол­са дай­ын­да­май­ды, одан кеш се­бе­тін бол­са жи­на­ған сәт­тен ба­стап жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Ал­дын ала 2 тәу­лік бойы жі­бі­ті­л­ген тұкым­ды қы­ста то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да неме­се үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Стра­ти­фи­ка­ция мер­зі­мі - құм­да 90 күн, шым­те­зек Ұн­та­ғын­да 75 күн
Стра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ба­ған тұқым­ды гиб­бе­рел­лин­нің 0,002% ері­т­ін­ді­сін­де 3 тәу­лік бойы жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін дым­қыл құм­мен ара­ла­сты­ра­ды. Тұқым 6-7 күн­нен кей­ін өсіп-өне­ді. ТМТД-мен неме­се фен­те­урам­мен дә­рі­лей­ді
16.
Ақ де­рен ал­қы­зыл де­рен (сви­ди­на)
Жи­на­удан се­бу­ге дей­ін бір­ден жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Жи­на­ған соң дай­ын­дық­сыз бір­ден се­бу­ге бо­ла­ды.
Үй-жай­лар­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 180 күн бойы неме­се жи­на­ған соң бір­ден жаз­ғы, со­дан кей­ін қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да 240-270 күн бойы стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды 15 күн бойы қар­ға ау­на­тып ала­ды, со­дан кей­ін оны үй­жай­лар­да 90 күн бойы 5-60С тем­пе­ра­ту­ра­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
17
Өте әде­мі емен
Дай­ын­да­май­ды
Қы­ста тран­ше­я­лар­да неме­се құм са­лын­ған жә­шік­тер­де сақ­тал­ған соң дай­ын­дық­ты қа­жет ет­пей­ді
18
Кә­дім­гі шыр­ша және сі­бір шыр­ша­сы
Дай­ын­да­май­ды
9-12 са­ғат су­ға жі­бі­те­ді
Жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды се­бу ал­дын­да 60-90 күн бойы қар­ға ау­на­тып ала­ды. Мар­га­нец қыш­кыл­ды ка­лий­дің 0,5 % ері­т­ін­ді­сін­де 2 са­ғат жі­бі­те­ді. ТМТД-мен, фен­ти­урам­мен, БМК-мен неме­се фун­да­золмен дә­рі­лей­ді. Мы­на­дай мик­ро­эле­мент­тер­дің су ері­т­ін­ді­ле­рін­де 12-18 са­ғат жі­бі­те­ді: кү­кірт қыш­қыл­ды ко­бальт (0,03 %), кү­кірт қыш­қыл­ды мыс (0,03 %) неме­се мар­га­нец қыш­қыл­ды ка­лий­дің, бор қыш­кы­лы­ның, кү­кірт қыш­қыл­ды мыстың, мы­ры­штың және ко­бальт­тің (0,002 %-тен) қо­спа­сы
19
Шренк (тянь-шань) шыр­ша­сы
Сеп­пей­ді
Ал­дын ала бір тәу­лік су­ға жі­бі­ті­л­ген тұқым қар­ға ау­на­ты­ла­ды. Қар­ға ау­на­ту мер­зі­мі 1-1,5 ай. Қар­ға ау­на­тқан­нан кей­ін 0,5% КМn04 ері­т­ін­ді­сін­де 30 ми­нут дә­рі­лей­ді
Тұқым­ды тем­пе­ра­ту­ра­сы 35-40 С су­ға са­лып, 24 са­ғат ұстай­ды. Со­дан соң оны 0,5% КМn04 ері­т­ін­ді­сін­де 30 ми­нут дә­рі­леп, кө­лең­ке­де әб­ден кеп­ті­ріп алып се­бе­ді.
20
Кә­дім­гі ұш­қат
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да неме­се үй­жай­лар­да 2-50С тем­пе­ра­ту­ра­да 60-90 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
21
Та­тар ұш­қа­ты
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Қы­сқы суық тран­ше­я­лар­да неме­се үй-жай­лар­да 2-5 С тем­пе­ра­ту­ра­да 50-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Се­бу ал­дын­да ша­ғын қап­тар­ға са­лып 1,5 ай бойы қар үстіне қой­ып қо­яды неме­се 5-8 С тем­пе­ра­ту­ра­да ап­та­сы­на 2 рет ылғал­дан­ды­ра және ара­ла­сты­ра оты­рып ағаш үгін­ді­ле­рін­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. 18-20 күн­нен кей­ін тұқым өне­ді
22
Кә­дім­гі шәң­гіш
Жа­ңа жи­нал­ған тұқым­ды жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған­да өс­кін­дер бір жыл­дан кей­ін пай­да бо­ла­ды.
Жи­на­ған соң ал­ды­мен жаз­ғы, одан кей­ін қы­ста то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да неме­се ал­ды­мен үй-жай­лар­да 15-180С тем­пе­ра­ту­ра­да, со­дан соң қы­ста 50С дей­ін тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
23
Ағаш тә­р­із­дес қа­ра­ған (са­ры­қа­ра­ған )
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Бөл­ме тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы су­да 5 са­ғат жі­бі­те­ді
45 күн бойы қар­ға ау­на­та­ды неме­се 00С мұз­да 30 күн бойы ұстай­ды
24
Ат тал­шын
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да сақ­тау ке­зін­де дай­ын­дай­ды
Сақ­та­удан кей­ін жы­лы жер­де бір­не­ше күн ұстап, өн­ген­ше, ара­ла­сты­рып және ылғал­дан­ды­рып тұ­ра­ды
25
Ақ үй­ең­кі
Ер­те күз­де се­бу­ді дай­ын­дық­сыз жүр­гі­зе­ді, ал кеш се­бі­ле­т­ін­де­рін жи­нал­ған сәт­тен се­бу­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Ал­ды­мен үй-жай­да 0-30С тем­пе­ра­ту­ра­да 45 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды, со­дан кей­ін 45 күн бойы қар астын­да ұстай­ды. Тұқым­ды 3 тәу­лік бойы жі­бі­те­ді, со­дан соң ал­ды­мен 5-100С тем­пе­ра­ту­ра­да үй-жай­да 60 күн, одан кей­ін 00С-та 60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Қар­да 45-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Мо­либ­ден ам­мо­ний­дің 3% ері­т­ін­ді­сін­де 24 са­ғат жі­бі­те­ді, со­дан соң 8 күн бойы кү­ніне 3 рет 4 ми­нут­ка жы­лы су­ға (35-38Т) және суық су­ға (00С) са­ла­ды
26
Сүй­ір жа­пы­рақ­ты үй­ең­кі (пла­тан тә­р­із­ді үй­ең­кі)
Ер­те күз­де се­бу­ді дай­ын­дық­сыз жүр­гі­зе­ді, ал кеш се­бі­ле­т­ін­де­рін жи­нал­ған сәт­тен се­бу­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Үй-жай­лар­да неме­се қы­скы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Стра­ти­фи­ка­ци­я­лау мер­зі­мі 45-60 күн.
Қар ара­ла­сты­ра оты­рып 45-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Тұқым­ға жы­лы (40оС) су құй­ып, бре­зент­пен жа­уып, 3 тәу­лік ұстай­ды. Со­дан кей­ін 300С жуық тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы үй-жай­лар­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де ұстап, күн сай­ын ара­ла­сты­рып және ылғал­дан­ды­рып тұ­ра­ды. Тұқым­дар 7-ші кү­ні өне­ді. ТМТД-мен неме­се фен­ти­урам­мен дә­рі­лей­ді
27
Да­ла үй­ең­кі­сі
Жи­нал­ған­нан кей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да се­бу­ге дей­ін ке­мін­де 45 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Жи­на­ған­нан кей­ін ал­ды­мен жаз­ғы, со­дан кей­ін қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да 150-180 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұкым­ды 3 күн жі­бі­тіп, ал­ды­мен үй­жай­лар­да 10-150С тем­пе­ра­ту­ра­да 60 күн, со­дан кей­ін 00С тем­пе­ра­ту­ра­да 30-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
28
Кү­міс үй­ең­кі
Сеп­пей­ді
Жи­на­ған соң дай­ын­дық­сыз бір­ден се­бі­ле­ді (ма­мыр­дың ая­ғы - мау­сым­ның ба­сы)
Құр­ғақ ауа рай­ын­да ек­пе­лер­ді су­а­ру мін­дет­ті
29
Та­тар үй­ең­кі­сі
Жи­нал­ған­нан се­бу­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Күз­ден ба­стап қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 0-30С тем­пе­ра­ту­ра­да әр­бір 2-3 күн сай­ын ылғал­дан­ды­ра және ара­ла­сты­ра оты­рып стра­фи­ка­ци­я­лай­ды. 30 күн­нен соң ылғал­дан­ды­ру­ды тоқ­та­та­ды, тем­пе­ра­ту­ра­ны 00С дей­ін тө­мен­де­те­ді. 2-ші кү­ні тұқым­ды қай­та ылғал­дан­ды­рып, тем­пе­ра­ту­ра­ны 50С дей­ін кө­те­ре­ді. Бұ­дан кей­ін тұқым 18-20-шы кү­ні өне­ді. Дай­ын­дық­тың жал­пы ұз­ақ­тығы 50 күн
30
Ша­ған жа­пы­рақ­ты үй­ең­кі
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай ішін­де 30 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды неме­се 1 ай қар астын­да ұстай­ды
31
Ірі жа­пы­рақ­ты жө­ке
Тұқым­ды жи­нал­ған­нан ба­стап жаз­ғы тран­ше­я­лар­да неме­се құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 90 күн бойы стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Ал­ды­мен жаз­ғы Тран­ше­я­лар­да неме­се үй-жай­лар­да, ал со­дан кей­ін 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Стра­ти­фи­ка­ция ұз­ақ­тығы - 180 күн­ге дей­ін
32
Ұсақ жа­пы­рақ­ты жө­ке
Тұқым­ды жи­на­ған­нан соң се­бу­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды жаз­ғы, со­дан соң қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды ауық-ауық ауы­сты­ры­лып тұ­ра­тын су­да 10 күн жі­бі­те­ді, со­дан соң 30 күн 15-250 С тем­пе­ра­ту­ра­да және 90-120 күн 00С тем­пе­ра­ту­ра­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
33
Сі­бір бал­қа­ра­ғайы
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
9-12 са­ғат су­ға жі­бі­те­ді және 1-1,5 ай қар­ға ау­на­та­ды; КМn04 0,5% ері­т­ін­ді­сін­де 30 ми­нут дә­рі­лей­ді
Тұқым­ды 3 тәу­лік мар­га­нец қыш­кыл­ды ка­лий­дің 0,004 % ері­т­ін­ді­сін­де +260С тем­пе­ра­ту­ра­да жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін дә­ке дор­ба­лар­ға са­лып, дым­қыл ағаш үгін­ді­ле­рі­мен (1,5-2 см қа­бат­пен) кө­міп, 2 тәу­лік ұстай­ды. Тұқым­ды 24 са­ғат бром ка­лий­і­нің 0,5 % ері­т­ін­ді­сін­де неме­се 0,05 % кол­хи­цин ері­т­ін­ді­сін­де жі­бі­те­ді. Тұқым­ды се­бу­ге 30 са­ғат қал­ған­да әл­сіз әк ері­т­ін­ді­сін­де (10 л су­ға 200-250гр әк) жі­бі­те­ді.
34
Жі­ңіш­ке жа­пы­рақ­ты жи­де
Ер­те күз­де сеп­кен­де жи­на­удан кей­ін дай­ын­да­май­ды; кеш се­біл­се, жи­нал­ған кез­ден ба­стап сеп­кен­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Ал­дын ала 4 тәу­лік жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да неме­се 16-200С тем­пе­ра­ту­ра­да үй-жай­лар ішін­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Стра­ти­фи­ка­ци­я­лау ұз­ақ­тығы - 90-120 күн
Тұқым­ға ыстық су (50-600С) құй­ып, бір тәу­лік жі­бі­те­ді. Со­дан кей­ін тем­пе­ра­ту­ра­сы 16-20 С үй-жай­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. 15-20-шы кү­ні өне ба­стай­ды.
35
Кә­дім­гі ба­дам
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай­лар­да неме­се тран­ше­я­лар­да 30-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
36
Вир­ги­ния ар­ша­сы
То­пы­рақ­тың қа­туы­на 1,5-2 ай қал­ған­да се­бі­ле­тін бол­са, дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай ішін­де 20-300С тем­пе­ра­ту­ра­да 30 күн, 150С тем­пра­ту­ра­да 120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды 30-50 мин. мөл­ше­рін­де кү­кірт қыш­қы­лы кон­цен­тра­ты­мен өң­дей­ді, су­мен ша­я­ды, со­дан кей­ін 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да 90-120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
37
Кә­дім­гі ар­ша
То­пы­рақ­тың қа­туы­на 1,5-2 ай қал­ған­да Се­бі­ле­тін бол­са, дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай ішін­де 20-300С тем­пе­ра­ту­ра­да 30 күн, 150С тем­пе­ра­ту­ра­да 120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
38
Түр­кі­стан ар­ша­сы
Жа­ңа жи­нал­ған Тұқым­ды дай­ын­да­май сол күй­ін­де та­мыз айы ішін­де се­бе­ді
Өт­кен жы­л­ғы те­рең ты­ны­штық­та­ғы тұқым­ды жа­з­да шіл­де­де - та­мы­здың бас ке­зін­де се­бе­ді.
39
Жар­ты шар тә­р­із­ді ар­ша
Бұл да қыр­күй­ек­тің бі­рін­ші жар­ты­сын­да се­бі­ле­ді
Бұл да со­лай
40
Шыр­ға­нақ май­мы­л­жи­де
То­пы­рақ қат­пай тұ­рып 1 ай­дан ке­шік­тір­мей се­біл­се, дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 90 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­ла­на­ды
3 тәу­лік су­да жі­бі­тіп алып, үй-жай­да 30 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
41
Грек жаң­ға­ғы
Дай­ын­да­май­ды
Үй-жай­да құм­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да 30-45 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұкым­ды көк­тем­де се­бу­ге 5-7 күн қал­ған­да қап­қа са­лын­ған күй­ін­де тау өзе­ні­нің ағын суы­на ма­ла­ды.
42
Кә­дім­гі шаб­да­лы
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да 100-120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
43
Сі­бір са­мыр­сы­ны
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Ал­дын-ала жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды 30 күн 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Ал­дын-ала жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды 30 күн қар­ға ау­на­та­ды
44
Ақ қа­ра­ған
Сеп­пей­ді
Тұқым­ды стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды неме­се тем­пе­ра­ту­ра­сы 80-850С су құй­ып, ал­ғаш­кы 15-20 ми­нут ара­ла­сты­рып, суы­ған­ша қал­ды­ра­ды. Қа­жет бол­са іс­ін­бе­ген тұқым­дар­ды елек­тен өт­кі­зіп алып, олар­ды өң­де­уді қай­та­лай­ды
45
Ит­мұ­рын ит­си­ген
Ша­ла піс­кен же­мі­стер тұқы­мын сеп­кен­де дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Ша­ла піс­кен же­мі­стер тұқы­мын үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 210-240 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
46
Кә­дім­гі ше­тен
Жи­нап ал­ған­нан ба­стап сеп­кен­ге дей­ін жаз­ғы тран­ше­я­лар­да неме­се үй-жай­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тем­пе­ра­ту­ра­сы 0-50С үй-жай­да дым­кыл құм­да 90-120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды, со­дан кей­ін қар­мен кө­ме­ді Стра­ти­фи­ка­ци­я­ның жал­пы ұз­ақ­тығы -150-180 күн
Стра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ба­ған тұқым­ды гиб­бе­рел­лин­нің 0,002% ері­т­ін­ді­сін­де 3 тәу­лік жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін дым­қыл құм­мен ара­ла­сты­ра­ды. 7 күн­нен кей­ін өне­ді
47
Ақ сек­се­уіл және қа­ра сек­се­уіл
Қы­ста сеп­кен­де дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
48
Кә­дім­гі ма­мыр­гүл
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм са­лын­ған жә­шік­тер­де 45 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
10-15 са­ғат су­да жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін дым­қыл ағаш үгін­ді­сін­де неме­се шым­те­зек­те 2-8 күн ұстай­ды
49
Үй қа­ра өрі­гі
Жаз­ғы тран­ше­я­лар­да 90 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Қы­скы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да ке­мін­де 150 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
50
Ті­кен­ді қа­ра­өрік (шо­мырт)
Ер­те жа­з­да, та­мы­зда се­бі­ле­тін бол­са, дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді, кеш се­бі­ле­тін бол­са, жи­нал­ған­нан ба­стап се­бу­ге дей­ін (2 ай бойы) жаз­ғы тран­ше­я­лар­да, өт­кен жыл­дың тұқы­мын - 80 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Жи­на­ла са­лы­сы­мен үй-жай­да 150-180 күн неме­се қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да 180-210 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
51
Ал­хо­ры өрік (ал­ша)
Жи­на­ла са­лы­сы­мен се­бу­ге дей­ін жаз­ғы Тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Өт­кен жы­л­ғы тұқым­ды 60-90 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Жи­на­ла са­лы­сы­мен жаз­ғы тран­ше­я­лар­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды, ал со­дан кей­ін қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да 120-170 күн неме­се тем­пе­ра­ту­ра­сы 3-50С үй-жай­да 150 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
52
Қы­зыл кү­рең қа­ра­кат
Жаз­ғы тран­ше­я­лар­да 45-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Үй-жай­да 90-120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұкым­ды ба­стап­қы тем­пе­ра­ту­ра­сы 50 С су­да 24 са­ғат жі­бі­те­ді. Со­дан кей­ін 12-150С тем­пе­ра­ту­ра­да күн сай­ын ара­ла­сты­рып, ылғал­дан­ды­рып 30 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Ауы­спа­лы тем­пе­ра­ту­ра­да (жы­лы және суық) стра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған­да тұқым­ды 30 күн дай­ын­дай­ды.
53
Қа­ра ка­ра­кат
Жаз­ғы тран­ше­я­лар­да 45-60 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Үй-жай­да 90-120 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
54
Сі­бір са­мыр­сын қа­ра­ғайы
Дай­ын­да­май­ды, тек мар­га­нец қыш­қыл­ды ка­лий­дің 0,5 % ері­т­ін­ді­сін­де жі­бі­те­ді
Тұқым­ды ал­дын-ала 3 тәу­лік жі­бі­те­ді, дым­қыл құм­мен, ағаш үгін­ді­сі­мен неме­се шым­те­зек ұн­та­ғы­мен ара­ла­сты­рып, жә­шік­тер­мен қар асты­на неме­се сал­қын 00С үй-жай­ға се­бу­ге дей­ін 2-3 ай қой­ып қо­яды. Қы­сқы то­ңа­зы­май­тын тран­ше­я­лар­да сақ­та­ған­да да дай­ын­да­ла­ды
Құм­мен ара­ла­сты­ры­л­ған тұқым­ды (2:1) қа­лыңды­ғы 20 см, 50% дей­ін то­лық ылғал сақ­та­ған­ша су­лап, 30-400С тем­пе­ра­ту­ра­да 12 са­ғат бүр­кеп­тір­гіш­ке қо­яды, со­дан кей­ін қар­ға кө­ме­ді. Бұ­дан кей­ін қай­та су­лап, бүр­кеп­тір­гіш­тер­ге қо­яды, со­дан соң қар асты­на қо­яды. Екі мәр­те өң­де­уден өт­кен тұқым­ды 10-11 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. ТМТД неме­се фен­ти­урам­мен дә­рі­лей­ді.
55
Қы­рым қа­ра­ғайы
Се­біл­мей­ді
Тұқым­ды 9-12 са­ғат су­ға жі­бі­те­ді
56
Кә­дім­гі қа­ра­ғай
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді
Тұқым­ды 9-12 са­ғат су­ға жі­бі­те­ді. Дор­ба­лар­ға са­лын­ған құр­ғақ неме­се жі­бі­ті­л­ген тұкым­ды 1-2 ай қар­ға қо­яды.
Тұқым­ды жі­бі­тіп, өн­ген­ше ылғал­ды күй­ін­де ұстай­ды және 1-2 ай­ға қар асты­на шы­ға­рып қо­яды. Ми­ко­риз құ­рай­тын май­құ­лақ са­ңы­ра­у­құ­ла­ғы­ның та­за да­қы­лы­мен тұқым ми­ко­ри­за­ци­я­сын жүр­гі­зе­ді. 24 са­ғат 0,02 % дей­ін кү­кірт қыш­қыл­ды мы­рыш, кү­кірт қыш­қыл­ды мар­га­нец (0,1 % және одан тө­мен), бор қыш­қы­лы (0,025%) және ге­те­ро­аук­син (0,01 % және одан тө­мен) ері­т­ін­ді­сін­де жі­бі­те­ді. Жи­і­лі­гі 22,5к­Гц және қу­а­ты 15 Вт ульр­та­ды­быспен 10 ми­нут өн­дей­ді.
57
Aқ те­рек
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді (жи­нал­ған соң бір­ден се­бі­ле­ді)
58
Қа­ра те­рек
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді (жи­нал­ған соң бір­ден се­бі­ле­ді)
59
Ба­тыс боз ар­ша­сы
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді.
Жі­бі­ті­л­ген тұқым­ды бір ай бойы қар­ға ау­на­та­ды
60
На­ғыз пі­сте
Се­біл­мей­ді.
Тұқым­ды 12-15 са­ғат жы­лы су­да (400С) жі­бі­тіп, құм са­лын­ған жә­шік­тер­де (1:3) неме­се тран­ше­я­лар­да 30-40 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Тұқым­ды 12-15 са­ғат жы­лы су­да (400С) жі­бі­тіп, қап­пен жы­лы жер­ге іліп қо­яды және өне ба­с­та­ған­ша 9-12 күн ан­да-сан­да су­лап тұ­ра­ды
61
Кә­дім­гі мой­ыл
Дай­ын­да­уды қа­жет ет­пей­ді.
Үй-жай­да 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да 150-180 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
62
Жа­байы ор­ман ал­ма­сы
Су­да 2 тәу­лік жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін 0-50С тем­пе­ра­ту­ра­да құм­да, шым­те­зек­те неме­се ағаш үгін­ді­сін­де 75-105 күн стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Стра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ба­ған тұқым­ды гиб­бе­рел­лин­нің 0,002% ері­т­ін­ді­сін­де 3 тәу­лік жі­бі­те­ді, со­дан кей­ін дым­қыл құм­мен ара­ла­сты­ра­ды. Тұқым 6-7-ші кү­ні өне­ді.
63
Кә­дім­гі ша­ған
Он­ша то­лы­спа­ған тұқым­ды жаз­ғы тран­ше­я­лар­да мау­сым ай­ы­нан ба­стап се­бу­ге дей­ін стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды
Үй-жай­да ал­ды­мен 18-200С тем­пе­ра­ту­ра­да 2-3 ай, со­дан кей­ін 5-110С тем­пе­ра­ту­ра­да стра­ти­фи­ка­ци­я­лай­ды. Стра­ти­фи­ка­ци­я­ла­удың жал­пы ұз­ақ­тығы 180-200 күн (ша­ла піс­кен тұқым­дар)
Ескертпе:

1 1. Тұқымдарды себуге стратификациялау ар-жайларда үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі.

2 2. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.

42 Отырғызу материалдарына № ___ паспорт

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
2-қосымша
Отырғызу материалдарына № ___ паспорт
"___"___________ 20__ жыл
_____________________________________________________________________
(тұқымбақ, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
_____________________________________________________________________
заңды пошталық мекен-жайы)
өсірілген____________________________________________________________
(отырғызу материалдардың түрі: екпе көшеттер, тікпе көшеттері,
_____________________________________________________________________
соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

1 1. Сапа көрсеткіштері

Лек нө­мі­рі
Ек­пе­лер­дің (ті­кек­пе­лер­дің) стан­дарт та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
Жа­сы
Сор­ты
Мөл­ше­рі, да­на
Қазылған уақыты _____ Қаттау уақыты _____ Жіберілген уақыты _____
Пайдалану мақсаты _______________________________________________
(дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)
Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген
құжаты __________________________________________________________
(отырғызу материалы карантин ауданынан басқа жерге
_________________________________________________________________
әкетілгенде толтырылады)

2 2. Тұқым материалдардың шығу тегі

Тұқым жиналған жер _______________________________________________
(облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
__________________________________________________________________
орманшылық, орам)
Тұқымның сапасы туралы куәлік ____________________________________
(№, қашан және кім берген)
Тұқымның селекциялық санаты ______________________________________
(сортты, жақсартылған, қалыпты)

3 3. Өсіру шарттары

Өсіру тәсілі _____________________________________________________
(ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)
Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат ________________________
Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар __________________
(атауы, доза,
__________________________________________________________________
кезеңділігі, т.б.)
Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралар _____________________________________________
(препараттың түрі, атауы, өңдеу мерзімі мен
__________________________________________________________________

кезеңділігі кезеңділігі)

Орман иеленуші, орман пайдаланушы ________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
__________________________________________________________ тіркелді
(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
__________________________________________________________________
және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)
№ ____ «____» 20 __ж.

47 Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалына қойылатын талаптар

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
3-қосымша
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалына қойылатын талаптар
Р/с №
Тұқым­дар­дың ата­уы
Жа­сы, жыл
Та­мыр мой­нын­да­ғы дін­нің жу­анды­ғы, (кем емес), мм
1.
Қыл­қан жа­пы­рақ­ты тұқым­дар:
1.1.
Шыр­ша, са­мыр­сын, ар­ша
3-5
2,0
1.2.
Қа­ра­ғай, қы­зыл­қа­ра­ғай
2-3
2,5
2.
Жа­пы­рақ­ты тұқым­дар (бұ­та­лар­дан бас­қа)
1-3
3,5
3.
Бұ­та­лар
1-3
2,5
Ескертпе:

1 1. Кестеде көрсетілген талаптар тамыр жүйесі ашық көшеттерге қатысты.

2 2. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты отырғызу материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты отырғызу материалдарының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:

1 1) дала аймағы - 15-20 см;

2 2) орманды дала аймағы - 20-30 см.

3 3. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған сау тамыр жүйесі бар екпе көшеттер мен тікпе көшеттер пайдаланылады.

4 4. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе көшеттер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

54 Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарына (қалемшелерге) қойылатын талаптар

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
4-қосымша
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарына (қалемшелерге) қойылатын талаптар
Р/с №
Тұкым­дар­дың ата­уы
Ор­ман өсе­тін ай­мақ­тар
Жа­сы, жыл
Сорт
Та­мыр мой­нын­да­ғы дің­нің жу­анды­ғы (кем емес), мм
Жер­де­гі бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі (кем емес), см
1
2
3
4
5
6
7
1
Сал­пын­шақ қай­ың (қо­тыр қай­ың)
Betula pendula Roth (В.veruco Ehrh.)
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
8
5
50
35
2
Кә­дім­гі қы­на­а­ғаш
Ligustru vulgare L.
та­у­лы аудан­дар
2-3
1
2
9
6
80
60
3
Жер­ба­уыр­лы ше­гір­шін
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.
ор­ман­ды
да­ла,
да­ла
2-3
1
2
8
6
55
40
4
Кә­дім­гі ал­мұрт
Pirus communis L.
бар­лық ай­мақ
2-3
1
2
7
5
45
30
5
Өте әде­мі емен
Quercus robur L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
9
6
45
30
6
Кә­дім­гі (еуро­па­лық) шыр­ша
Picea abies (L.) Karst.
бар­лық ай­мақ
5-6
1
2
5
4
20
15
7
Сі­бір шыр­ша­сы
Picea obovata Lebed.
ор­ман­ды
да­ла
5-6
1
2
6
4
30
20
8
Шренк шыр­ша­сы
Picea Schrenki na Fischet Meg.
та­у­лы аудан­дар
5-6
1
2
6
4
25
15
9
Ағаш тә­р­із­дес қа­ра­ған (са­ры қа­ра­ған)
Caragana arborescens Lam.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
6
4
35
25
10
Еуро­па­лық ек­пе тал­шы­ны
Castanea sativa Mill.
бар­лық ай­мақ
2-3
1
2
15
10
60
45
11
Ақ үй­ең­кі
Acer pseudoplatan sL.
бар­лық ай­мақ
2-3
1
2
10
6
55
40
12
Сүй­ір жа­пы­рақ­ты
үй­ең­кі
(пла­тан тә­р­із­ді үй­ең­кі)
Acer platanoides L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
8
6
35
25
13
Aт тал­шы­ны
Aesculus hippocastanum L.
бар­лық ай­мақ
2-3
1
2
15
10
40
25
14
Ұсақ жа­пы­рақ­ты
жө­ке
Tilia cordata Mill.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
9
5
50
30
15
Сі­бір бал­қа­ра­ғайы
Larix sibirica Ledeb.
ор­ман­ды да­ла
3-4
1
2
9
5
40
25
16
Шыр­ға­нақ май­мы­л­жи­де
Hippophae ramnoides L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
9
7
35
25
17
Грек жаң­ға­ғы
Juglans regia L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
20
10
60
40
18
Сі­бір са­мыр­сы­ны
Abies sibirica Ledeb.
та­у­лы аудан­дар
6-8
1
2
6
4
25
15
19
Шы­ғыс био­та­сы
Biota orientalis Endl
бар­лық ай­мақ
4
1
2
12
7
60
40
20
Ақ ка­ра­ған
Robinia pseudoacacia L.
бар­лық ай­мақ
1-2
81
12
8
6
70
50
21
Кә­дім­гі ше­тен
Sorbus aucuparica L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
9
7
35
25
22
Са­мыр­сын, сі­бір қа­ра­ғай
Pinus sibirika Du Tour
бар­лық ай­мақ
6-7
1
2
10
6
30
20
23
Кә­дім­гі қа­ра­ғай
Pinus silvestris L.
ор­ман­ды да­ла
3-4
1
2
8
5
25
20
24
Ақ (кү­міс) те­рек
Populus alba L.
ор­ман­ды да­ла
2-3
1
2
10
7
100
70
25
Қа­ра те­рек
Populus nigra L.
ор­ман­ды да­ла
2
1
2
7
6
80
60
26
Ор­ман ал­ма­сы
Malus silvestris (L.) Mill.
бар­лык ай­мақ
2-3
1
2
8
6
45
30
27
Кә­дім­гі ша­ған
Flaxinus excelsio L.
бар­лық ай­мақ
3-4
1
2
9
7
35
25
Ескертпе:

1 1. Аумағы жағынан орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге енетін әкімшілік аудандар:

1 1) Орманды дала аймағы:

Солтүстік Қазақстан облысы;
Қостанай облысының солтүстік аудандары;
Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.

2 2) Дала аймағы:

Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);
Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары (таулы аудандардан басқа);
Атырау және Ақтөбе облыстары;
Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.

3 3) Таулы аудандар: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

2 2. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер мен аурулар бүлдірген отырғызу материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер өсіру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

3 3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Қолданыстағы