Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил открытия и функционирования штемпельно-граверных предприятий

Қаулы · № 1333 · қабылданған 12.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61355/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил открытия и функционирования штемпельно-граверных предприятий Күшін жойған Қаулы ·№ 1333 ·12.11.2011
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил открытия и функционирования штемпельно-граверных предприятий

Күшін жойған Қаулы ·№ 1333 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил открытия и функционирования штемпельно-граверных предприятий
Атауы (қаз.)
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1333
Қабылданған күні
12.11.2011
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI61355_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001333
ЭКБ идентификаторы
61355
Редакция идентификаторы
AI61355_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:11

0 Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 қарашадағы
№ 1333 қаулысымен
бекітілген
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

2 2. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі

2 2. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау бойынша штемпель-граверлік кәсіпорындарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары берген рұқсаттар бойынша заңды және жеке тұлғалар ашады.

3 3. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар:

1 1) қарамағында штемпель-граверлік кәсіпорын бар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы қол қойған, сақтау шарттары қысқаша сипатталған рұқсат берілгені туралы қолдаухат;

2 2) штемпель-граверлік өндіріске жауапты және жұмысқа рұқсаты бар адамға сауалнама;

3

3) қысқаша түсіндірме жазбасы бар штемпель-граверлік кәсіпорынның цехтары мен қызметтерінің орналасу, оның ішінде үй-жайдың техникалық нығайтылуы, күзет сигнализациясының болуы, өткізу режимінің жүзеге асырылуы, полиграфтық жабдықты, баспа машиналары үшін қаріп пен матрицаларды есепке алу және сақтау жағдайлары туралы жоспарды ұсынады.

4 4. Ішкі істер органдары:

1 1) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін олардан өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап етпегенде - күнтізбелік он бес күн;

2 2) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап еткенде - күнтізбелік отыз күн ішінде рұқсат береді.

Штемпель-граверлік кәсіпорынның мекенжайы ауысқан, жауапты адамы ауысқан, өндіріс қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда штемпель-граверлік кәсіпорынның жұмыс істеуіне рұқсат берген ішкі істер органына бір тәулік ішінде хабарланады.

5 5. Егер осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса, рұқсат беруден бас тартылады.

6 6. Штемпель-граверлік кәсіпорындар жабдықтың, шикізаттың, штемпель-граверлік өндірістің дайын бұйымдарының сақталуын қамтамасыз ететін және өндірістік цехтарға бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейтін күзетілетін, оқшауланған үй-жайларда орналасуы тиіс.

Жұмыс күні аяқталған соң өндірістік цехтар, қоймалар, тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайлар жабылады және мөрленеді. Цокольдық және бірінші қабаттардың терезелері темір торлармен жабдықталады.

7

7. Штемпель-граверлік кәсіпорындар мөрлері мен мөртабандары қолдан жасаудан міндетті түрде қорғауға жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, азаматтардың қатынас қағазына немесе өтінішіне үлгілерді (эскиздерді) міндетті түрде қоса бере отырып, мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан тапсырыстар қабылдайды.

8

8. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ал жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін куәландыратын құжат негіз болып табылады. Мөрлер мен мөртабандардың эскиздері таза және анық орындалуы тиіс. Түзетулер енгізілген мөрлер мен мөртабандардың эскиздері қабылданбайды.

9

9. Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға арналған тапсырыстар тапсырыстарды қабылдау және дайын бұйымдарды беру жөніндегі қызметкерге тапсырылады, қызметкерлер тапсырыс берушілер ұсынған құжаттарды мұқият тексереді. Қабылданған тапсырыстар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабында (бұдан әрі – Кітап) тіркеледі.

10 10. Цехтардан қабылданған дайын мөрлер мен мөртабандар Кітапта тіркеледі.

11

11. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар тапсырыс берушілерге немесе тапсырыс берушілердің өкілдеріне жеке куәлігін ұсынған кезде сенімхат бойынша беріледі. Тапсырыс беруші немесе тапсырыс берушінің өкілі Кітапта қол қояды және жеке куәлігінің сериясын, нөмірін, кім және қашан бергенін көрсетеді. Содан кейін мөрлер мен мөртабандарды бақылау бедерін түсіру жүргізіледі.

12 12. Орындалған және тапсырылған тапсырыстарға жататын барлық құжаттар тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайларда хронологиялық тәртіппен арнайы істе екі жыл бойы сақталады, содан кейін акт толтырыла отырып, ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен жойылады.

13 13. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар штемпель-граверлік кәсіпорында темір жәшіктерде (шкафтарда) сақталады.

14 14. Ақауы бар мөрлер мен мөртабандар (өндірістік ақау) ақау анықталған күннен бастап бір апта мерзімде ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен комиссиялық түрде жойылады.

Каучуктан жасалған ақауы бар бұйымдар кішкентай бөліктерге бөлінеді немесе өртеп жіберіледі, металдан жасалған бұйымдар ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен екі қиылысқан сызықпен арамен кесіледі. Ақаудың жойылғаны туралы жойылған мөрлер мен мөртабандардың үлгісімен бірге акт толтырылады, ол штемпель-граверлік кәсіпорында сақталады.

15 15. Тапсырыс беруші алмаған мөрлер мен мөртабандар дайындалған күннен бастап үш ай бойы сақталады, содан кейін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәртіппен жойылады.

26 Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу

және олардың жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
___________________________________
№___ рұқ­сат тү­бір­те­гі
20 __ жы­л­ғы «____»_____________
________________________________
(кә­сі­по­рын бас­шы­сы­ның неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі,
________________________________а­ты-жө­ні, ме­кен­жайы және қыз­мет­тік неме­се үй те­ле­фо­ны)
________________________________
(объ­ект, заттар­дың, ап­па­рат­тар­дың са­ны, сақ­та­у­ға рұқ­сат еті­ле­тін
________________________________
жаб­дық­тар­дың бір­лі­гі көр­се­ті­ле­ді)
________________________________
ашу, жұ­мыс іс­теу, сақ­тау құқы­ғы­на________________________________________________________
жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жө­ні, қыз­мет­тік те­ле­фо­ны,
________________________________
жа­у­ап­ты адам ре­т­ін­де та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың №, кү­ні
______­дер­бес жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­мен бе­ріл­ді
20__ ж. «__»____ дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ_________________________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Жаб­дық­тар ата­уы­ның са­ны көп болған жағ­дай­да қо­сым­ша қо­са бе­рі­ле­ді, ол осы рұқ­сат­тың ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды.
№___ рұқ­сат
20 __ жы­л­ғы «____»_____________
_____________________________
(кә­сі­по­рын бас­шы­сы­ның неме­се же­ке тұл­ға­ның
_______________________________
те­гі, аты-жө­ні, ме­кен­жайы және қыз­мет­тік неме­се үй те­ле­фо­ны)
_____________________________
(объ­ект, нәр­се­лер­дің, ап­па­рат­тар­дың са­ны, сақ­та­у­ға рұқ­сат еті­ле­тін
_____________________________
жаб­дық­тар­дың бір­лі­гі көр­се­ті­ле­ді)
_____________________________
ашу, жұ­мыс іс­теу, сақ­тау құқы­ғы­на
_______________________________
жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жө­ні, қыз­мет­тік те­ле­фо­ны,
_____________________________
жа­у­ап­ты адам ре­т­ін­де та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың №, кү­ні
___ дер­бес жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­мен бе­ріл­ді
20__ ж. «__»____ дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ___________________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Жаб­дық­тар ата­уы­ның са­ны көп болған жағ­дай­да қо­сым­ша қо­са бе­рі­ле­ді, ол осы рұқ­сат­тың ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды.

27 Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабы

Штемпель-граверлік кәсіпорындарды
ашу және олардың жұмыс істеу
қағидаларына
2-қосымша
Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабы
Р/С

Тап­сы­ры­стың қа­был­дан­ған кү­ні
Тап­сы­рыс бе­ру­ші ұй­ым­ның ата­уы
Бұй­ым­дар са­ны
Тап­сы­ры­сты орын­дау мер­зі­мі
Дай­ын өнім­ді ал­ға­ны ту­ра­лы тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің қо­лы, же­ке ку­ә­лі­гі­нің, се­нім­хат­тың нө­мір­ле­рі
мөр
мөр­та­бан
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы