Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев социально значимых услуг

Қаулы · № 1334 · қабылданған 14.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61356/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении критериев социально значимых услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 1334 ·14.11.2011
06.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев социально значимых услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 1334 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев социально значимых услуг
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1334
Қабылданған күні
14.11.2011
Көрсетілген редакция
06.08.2013 AI61356_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001334
ЭКБ идентификаторы
61356
Редакция идентификаторы
AI61356_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:11

0 Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 1-бабының 2-10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 1334 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жатқызу үшін әзірленген.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) әлеуметтік маңызы бар қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету;

2 2) есепті кезең – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл.

3 3. Мемлекеттік қызмет сапалық және сандық өлшемдерге сәйкес келген жағдайда әлеуметтік маңызы бар қызмет болып танылады.

2 2. Сапалық өлшем

4 4. Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапалық өлшемі мынадай салалардың бірінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады:

1 1) Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету және қорғау;

2 2) Қазақстан Республикасының халқын жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту;

3 3) денсаулық сақтау;

4 4) білім беру;

5 5) тұрғын үй қатынастары;

6 6) кәсіпкерлік қызмет.

3 3. Сандық өлшем

5 5. Есепті кезең ішіндегі мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштер саны әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сандық өлшемі болып табылады:

1 1) жеке тұлғалар үшін – 350 мың және одан көп өтініш;

2 2) заңды тұлғалар үшін – 10 мың және одан көп өтініш.

Қолданыстағы