Об утверждении Правил информационного обмена информационной системы центров обслуживания населения с государственными информационными системами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил информационного обмена информационной системы центров обслуживания населения с государственными информационными системами
- Атауы (қаз.)
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1336
- Қабылданған күні
- 14.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2015 AI61357_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001336
- ЭКБ идентификаторы
- 61357
- Редакция идентификаторы
- AI61357_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:11
0 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 1336 қаулысымен
бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) ақпараттық жүйесінің ХҚО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған мемлекеттік органдардың және/немесе ХҚО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге құжаттарды қабылдайтын кезде пайдаланылатын деректерді иеленуші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ақпарат алмасу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер ақпараттық алмасуға жатпайды.
3 3. Ақпараттық алмасу үрдісінде пайдаланылатын мәліметтердің қағаз тасығыштағы құжаттардың мәліметтерімен мәні бірдей болады.
4 4. Ақпараттық алмасу ХҚО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағаз құжат айналымын болдырмауды (азайтуды) және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға заңдық мәні бар фактілерді растайтын құжаттардың аз санын ұсынатын азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
5 5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1 1) ақпараттық өзара іс-қимыл – «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің арасында ақпараттық алмасуды және деректер беруді ұйымдастыру үшін желіаралық байланыстыру үрдісі;
2
2) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (деректерді тұтынушы) – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
3
3) мемлекеттік ақпараттық жүйе (деректерді жеткізуші) – бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсынуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4 4) хабарлама – ақпаратты ХҚО ақпараттық жүйесінен мемлекеттік ақпараттық жүйеге және одан кері ұсыну нысаны;
5 5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
6
6) ҚР ҰКО (Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы) – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын («электрондық үкіметке» қатысушыларға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін) заңды тұлға.
2 2. ХҚО ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібі
6 6. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мақсатында ХҚО-ға жүгінеді.
7 7. Өтініш беру үдерісінде ХҚО операторы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салу арқылы өтінішті алдын ала толтыруды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін электрондық өтінімге салуды жүзеге асырады.
8 8. Мемлекеттік қызмет алуға және өтініш беруші ұсынатын құжаттарды және көрсетілген деректерді тиісінше тексеруге келісімді өтініш беруші жазбаша не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы растайды.
9
9. Электрондық өтінімді қалыптастыру үдерісі аяқталғаннан кейін ХҚО операторы ХҚО ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаны қалыптастырады, «электрондық үкімет» шлюзі арқылы сұрау салумен электрондық байланыс арнасы бойынша аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйесіне хабарлама береді.
«Сұрау салу» түріндегі хабарлама мемлекеттік ақпараттық жүйе үшін қалыптастырылады және мемлекеттік органдардың қызмет ұсынуы мен мемлекеттік ақпараттық жүйеден шығыс деректерін алу үшін қажет бастапқы деректерді беруге арналған.
Мемлекеттік ақпараттық жүйе сұрау салуды қабылдайды және өңдейді, сұрау салуды өңдеу нәтижесімен «жауап» хабарламасын қалыптастырады және ХҚО ақпараттық жүйесіне береді.
Хабарламаларды жөнелту және алу фактілері ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жөнелтуге кедергі келтіретін басқа да жағдайлар туындаған кезде жеткізілмеген хабарламалар кезекте жинақталады. Бұл оқиға туралы ақпарат қатенің тиісті кодымен ақпараттық жүйелерде жазылады. Авариялық жағдай жойылғаннан кейін жеткізілмеген хабарламалардың кезекпен жөнелтілуі қайта жаңартылады.