О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-4/2
- Қабылданған күні
- 07.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2012 AI61379_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VK000142
- ЭКБ идентификаторы
- 61379
- Редакция идентификаторы
- AI61379_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:30
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт
ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. Зайсан аудандық мәслихатының «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/5 (нормативтік құқық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-121 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.