Об установлении единых ставок фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 335
- Қабылданған күні
- 28.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 61403_338519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NE000132
- ЭКБ идентификаторы
- 61403
- Редакция идентификаторы
- 61403_338519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:21
0 Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Алтынсарин ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Алтынсарин ауданы
әкімінің орынбасары
________ Л. Перова
"Алтынсарин ауданы
бойынша салық басқармасы"
ММ бастығы
__________ П. Үстенов
3 Мәслихаттың
2011 жылғы 28 қазандағы
335 шешіміне
қосымша
Алтынсарин ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын
барлық салық салушылар үшін айына тіркелген
салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері
№
р/с
Салық салу
объектісінің атауы
Айына тіркелген
салықтың бірыңғай
ставкаларының
мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған ұтыссыз
ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық
ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін
пайдаланылатын дербес
компьютер
1
4.
Ойын жолы (боулинг)
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3