Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил аттестации лабораторий по экспертизе качества семян

Қаулы · № 1364 · қабылданған 21.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61474/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил аттестации лабораторий по экспертизе качества семян Күшін жойған Қаулы ·№ 1364 ·21.11.2011
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил аттестации лабораторий по экспертизе качества семян

Күшін жойған Қаулы ·№ 1364 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил аттестации лабораторий по экспертизе качества семян
Атауы (қаз.)
Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1364
Қабылданған күні
21.11.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI61474_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001364
ЭКБ идентификаторы
61474
Редакция идентификаторы
AI61474_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:06

0 Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

3 Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 1364 қаулысымен
бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:

1 1) аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);

2 2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген құжат;

3 3) тұқымдардың егу сапалары – тұқымдардың егу (отырғызу) үшiн жарамдылық дәрежесін сипаттайтын олардың сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;

4 4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;

5 5) тұқымдардың сорттық сапалары – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы.

3

3. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана мәртебесiн беру тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, сондай-ақ (бар болса) оның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелерді (бұдан әрі – құрылымдық бөлiмше) тексеру негiзiнде уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау құзыретін өзінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi – Комитет) бере алады.

4 4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау меншiк нысанына қарамастан, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі барлық зертханалар үшін міндетті болып табылады.

2 2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар

5 5. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға:

1 1) мыналармен:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықпен және өлшем құралдарымен;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-сайманмен;
тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелермен жарақталған (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) меншік құқығындағы немесе басқа заттай құқықтағы ғимараттың (үй-жайдың);

2 2) кемінде бір тұқым сарапшысының;

3 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың, бланктердің (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) болуы кіреді.

3 3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау

6 6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын құрамында кемiнде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) жүзеге асырады.

Комиссияның құрамына Комитеттiң, аграрлық саладағы ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің облыстық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) бұйрығымен құрамында кемiнде бес адам бар (сараптамалық комиссияның төрағасы және төрт мүшесі), тиiстi облыс аумағында орналасқан заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлiмшелерге тексеру жүргізу бойынша облыста тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия (бұдан әрi - сараптамалық комиссия) құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына облыстық аумақтық инспекцияның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Облыстық аумақтық инспекция сараптамалық комиссия құрылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін комиссияға жолдайды.
Облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлiмшесі сараптамалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

7 7. Аттестаттау жүргізу үшін заңды тұлға комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесін (бар болса), пошталық және электрондық мекенжайын, байланыс телефондарын қоса бере отырып);

2 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;

ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3 3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшiрмесi;

4 4) өлшем құралдарының жай-күйiне жауапты маманның тағайындалуы туралы құжаттың көшірмесі;

5 5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға заңды тұлғаның сәйкестiгiн растайтын құжаттар.

8

8. Комиссия заңды тұлғаның осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген аттестаттауға арналған құжаттары түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға өтінішін қараудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

9 9. Комиссияның жұмыс органы заңды тұлғадан құжаттар түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияны хабардар етеді (хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын тәсілмен).

Сараптамалық комиссия комиссиядан хабарлама түскен күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның немесе тұқым сапасына сараптама жасайтын құрылымдық бөлiмшенің осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді.

10

10. Сараптамалық комиссия заңды тұлғаны және құрылымдық бөлiмшені (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) үш данада жасайды: сараптамалық комиссия бiр данасын комиссияға жібереді, екіншісі облыстық аумақтық инспекцияға сақтауға беріледі, үшіншісі заңды тұлғада немесе құрылымдық бөлiмшеде (бар болса) қалады.

11

11. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлiмшелерін (бар болса) тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

12 12. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі аттестаттауға өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.

13 13. Комиссияның оң шешімін алған заңды тұлғаларға уәкілетті органның бұйрығымен тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі беріледі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылу мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.

14 14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген заңды тұлғаларға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

15

15. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіне байланысты аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы комиссияның терiс шешiмi қабылданған күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң заңды тұлға аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартуға әкеп соққан себептерді жойған кезде аттестаттаудан қайта өтуге құжаттарын тапсыра алады.

16 16. Аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің (бар болса) саны азайған жағдайда заңды тұлға құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы бұйрықтың көшірмесін заңды тұлға басшысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссияға тапсырады.

Құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы заңды тұлға басшысы бұйрығының көшірмесі келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті органның бұйрығымен құрылымдық бөлiмше аттестатталған заңды тұлға құрамына кіретін аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің тізбесінен алынып тасталады.

17 17. Құрылымдық бөлімшелердің саны көбейген жағдайда аттестатталған заңды тұлға сараптамалық комиссияға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа құрылымдық бөлiмшеге тексеру жүргізу туралы жазбаша түрде өтініш береді.

Комиссия сараптамалық комиссия ұсынған құрылымдық бөлiмшені тексеру актісі негізінде жаңа құрылымдық бөлiмшені аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссияның оң шешімін алған құрылымдық бөлiмше уәкілетті органның бұйрығымен аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізіледі.
Жаңа құрылымдық бөлiмше осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғаға аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне құрылымдық бөлiмшені енгізуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

18 18. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен үш жылда бiр рет жүргiзiледi.

19 19. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қайта аттестаттауға өтініш аттестаттау туралы куәлiктің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей беріледі.

20 20. Аттестаттау туралы куәлiк:

1 1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

2 2) аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.

42 Зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының тiзбесі

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
Зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының тiзбесі

1 1. Зертханалық таразы

2 2. Ылғал өлшегiштер

3 3. Термометрлер

4 4. Сағаттар (1, 3 минуттық, сигналдық құмсағаттар)

5 5. Зертханалық електер жиынтықтары, оның ішінде:

а а) қақпағы және тұғыры бар № 1, 2 елек;

б б) шөпке арналған қақпағы және тұғыры бар шағын габариттi елеуiштер

6 6. Оптикалық құралдар (микроскоптар, лупалар)

7 7. +50-ден +150 С-ға дейінгі реттеу диапазоны бар кептіргiш шкафтар

8 8. Тұқым өсiруге арналған термостаттар (жылытқыш және суытқыш)

9 9. Зертханалық диірмен

10 10. Cынама алуға арналған сүңгілер

11 11. Секундомер

12 12. Механикалық тұқым бөлгiш

13 13. Саңылауларының диаметрi 1; 1,5; 2,5 миллиметрлік електер

14 14. Тоңазытқыш (суытқыш термостат болмаған кезде)

15 15. Құмды қыздыруға арналған пеш

16 16. Тұқым есептегіш-тарқатқыш

17 17. Топырақ електері жиыны (мақта тұқымы үшін)

18 18. Люминесценттік шам

63 Химиялық реактивтер, материалдар және құрал-саймандар тiзбесі

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
Химиялық реактивтер, материалдар және құрал-саймандар тiзбесі
Реактивтер

1 1. Натрий гидрототығы немесе Калий гидрототығы

2 2. Күкiрт қышқылы (мақта тұқымының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшiн)

3 3. Тұз қышқылы

4 4. Хлорлы калий

5 5. Хлорлы тетразол немесе фуксин немесе индигокармин

6 6. Фосфор қышқылды калий, бiр орны ауысқан

7 7. Фосфор қышқылды натрий, екі орны ауысқан

8 8. Йодты калий

9 9. Кристалды иод

10 10. Азот қышқылды калий

11 11. Марганец қышқылды калий

12 12. Техникалық күйдіргіш натрий

13 13. Техникалық калий тотығының гидраты

14 Материалдар

14. Техникалық этил спирті
Материалдар

1 1. Индикатор қағазы

2 2. Тұқым коллекциясы

3 3. Құм

4 4. Қалқалар мен қалдықтарға арналған қағаз пакеттер

5 5. Респираторлар

6 6. Сүзгiш қағаз

7 7. Қара қағаз

8 8. Парафин

9 9. Техникалық вазелин

10 10. Орта сынамалар үшін сыйымдылығы әртүрлі матадан жасалған дорбалар

11 Құрал-саймандар

11. Дистиллизацияланған су
Құрал-саймандар

1 1. Сыйымдылығы әртүрлi шыны ыдыс

2 2. Құрастырмалы тақтайшалар

3 3. Зертханалық қалақтар

4 4. Препаральды инелер

5 5. Торлы түбі бар метал цилиндр, цилиндрлер

6 6. Тұқым өсіретін ыдыстар

7 7. Өлшеуіш колбалар

8 8. Эксикатор

9 9. Өлшеуіш цилиндрлер

10 10. Бюкстер

11 11. Зертханалық скальпель немесе пышақ

12 12. Тигельдік қысқаштар

13 13. Петри шыныаяғы

102 Тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі

Тұқым сапасына сараптама жөніндегі
зертхананы аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
р/с №
Ата­уы
Cтан­дарт
Са­па­ны анық­тау әді­сте­рі
1
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Қа­был­дау қа­ғи­да­ла­ры және сы­на­ма­лар­ды ірік­теу әдiсте­рі
ГОСТ 12036-85
2
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Тұқым­ның та­за­лы­ғын және қал­ды­ғын анық­тау әдiстерi
ГОСТ 12037-81
3
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Өн­гіш­ті­гін анық­тау әдiсте­рі
ГОСТ 12038-84
4
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Тір­ші­лік­ке бей­ім­ді­лік­ті анық­тау әдiсте­рі
ГОСТ 12039-82
5
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Ылғал­ды­лық­ты анық­тау әдi­сі
ГОСТ 12041-82
6
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
1000 дән­нің сал­ма­ғын анық­тау әдiсте­рі
ГОСТ 12042-80
7
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Түп­нұс­қа­лы­лы­ғын анық­тау әдiстерi
ГОСТ 12043-88
8
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Ау­ру­лар­мен за­лал­да­нуын анық­тау әдiстерi
ГОСТ 12044-93
9
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Зи­ян­кестер жай­ла­у­ын анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 12045-97
10
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Са­па ту­ра­лы құ­жат­тар
ГОСТ 12046-85
11
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы.
Қа­был­дау қа­ғи­да­ла­ры және сы­на­ма­лар­ды ірік­теу әдiсте­рі
ГОСТ 22617.0-77
12
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы. Тұқым­ның та­за­лы­ғын және қал­ды­ғын, кө­ле­мі бой­ын­ша те­гі­сті­гін, бір­тұқымды­ғын анық­тау әдiстерi
ГОСТ 22617.1-77
13
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы.
Өн­гіш­ті­гін және бі­рөс­кін­ді­гін анық­тау әдiстерi
ГОСТ 22617.2-94
14
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы. Ылғал­ды­лық­ты анық­тау әдi­сі
ГОСТ 22617.3-77
15
Қы­зы­л­ша тұқы­мы. 1000 тұқым­ның сал­ма­ғын және бiр егi­стік бiр­лiк­тiң сал­ма­ғын анық­тау әдiсте­рі
ГОСТ 22617.4-91
16
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы.
Зи­ян­кестер­мен за­лал­да­нуын анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 22617.5-77
17
Қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы. Са­па ту­ра­лы құ­жат­тар
ГОСТ 22617.6-77
18
Гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы.
Қа­был­дау қа­ғи­да­ла­ры және сы­на­ма­лар­ды ірік­теу әдiсте­рі
ГОСТ 24933.0-81
19
Гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы.
Тұқым­ның та­за­лы­ғын және қал­ды­ғын анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 24933.1-81
20
Гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы.
Өн­гіш­ті­гі мен өсу қу­а­тын анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 24933.2-81
21
Гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы. Ылғал­ды­лық­ты анық­тау әдiсте­рі
ГОСТ 24933.3-81
22
Тұқым­дық шит­ті-мақ­та және мақ­та тұқы­мы.
Сы­на­ма­лар­ды ірік­теу әдiсте­рі
ГОСТ 21820.0-76
23
Мақ­та тұқы­мы. Өн­гіш­ті­гін анық­тау әдi­сі
ГОСТ 21820.1-76
24
Мақ­та тұқы­мы. Ылғал­ды­лық­ты анық­тау әдi­сі
ГОСТ 21820.2-76
25
Мақ­та тұқы­мы. Ла­ста­ну­ды, ме­ха­ни­ка­лық за­қым­да­ну­ды, тал­шық­тың қал­ды­ғын, тү­біт­тің қал­ды­ғын және күй­ген­дік­ті анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 21820.3-76
26
Мақ­та тұқы­мы. Cе­бі­л­ген дә­рі­лей­тін қо­с­па­лар­дың бар­лы­ғын, кө­ле­мі бой­ын­ша те­гі­сті­гін, қой­ма зи­ян­кесте­рі­мен за­лал­да­нуын анық­тау әді­сте­рі
ГОСТ 21820.4-76
27
Тұқым­дық кар­топ. Қа­был­дау және тал­дау әді­сте­рі
ГОСТ 11856-89
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры
(дән­ді, бұр­шақ­ты дән­ді және азық­тық да­қыл­дар)
28
Ас­бұр­шақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10246-86
29
Қа­ра­құ­мық тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10247-85
30
Но­қат тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10248-85
31
Та­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10249-90
32
Кү­ріш тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10250-80
33
Ло­бия және маш тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10251-85
34
Жа­сы­мық тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10252-84
35
Ат­бұр­шақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10253-85
36
Би­дай және пол­ба тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10467-76
37
Қа­ра би­дай тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10468-76
38
Ар­па тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10469-76
39
Сұ­лы тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10470-76
40
Азық­тық бұр­шақ­тар тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 11226-82
41
Бір­жыл­дық бө­рі­бұр­шақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 11227-81
42
Құ­май жү­ге­рі тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 11226-89
43
Сиы­р­жо­ңыш­қа тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 11226-82
44
Кө­п­жыл­дық дән­ді азық­тық шө­птер тұқы­мы. Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 19449-93
45
Кө­п­жыл­дық бұр­шақ­ты азық­тық шө­птер тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 19450-93
46
Бiр жыл­дық азық­тық және бал шы­рын­ды шө­птер тұқым­да­ры. Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 19451-93
47
Жү­ге­рі тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 20555-83
48
Три­ти­ка­ле тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 26763-85
49
Аз та­рал­ған азық­тық да­қыл­дар тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28636-90
Май­лы да­қыл­дар
50
Күн­ба­ғыс тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9576-84
51
Жер­жаң­ғақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9577-87
52
Күн­жіт тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9578-87
53
Май­лы зығ­ыр тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9668-75
54
Қы­тай­бұр­шақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9669-75
55
Қы­ша тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9670-89
56
Арыш тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9671-87
57
Мақ­са­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9672-87
58
Үпілм­ә­лік тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9822-83
59
Май­лы көк­нәр тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9823-61
60
Рапс және қы­ша­бас тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 9824-87
Тех­ни­ка­лық және эфир май­лы да­қыл­дар
61
Те­ме­кі және ма­хор­ка тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­сы. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 2684-77
62
Ди­пло­ид­ты көп­тұқым­ды қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 2890-82
63
Ша­шы­рат­қы тұқы­мы. Егу са­па­ла­ры
ГОСТ 8191-56
64
Ке­наф тұқы­мы. Егу са­па­ла­ры
ГОСТ 10429-63
65
Со­ра тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10430-83
66
Бір­тұқым­ды қант қы­зы­л­ша­сы тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 10882-93
67
Са­ла­лы зығ­ыр тұқы­мы. Егу са­па­ла­ры
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 12388-76
68
Ко­ри­андр тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 20455-93
69
Му­скат­ты сәл­бен тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 20456-95
70
Қант қы­зы­л­ша­сы­ның қа­бық­тал­ған тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 20797-87
71
Зе­ре тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 21031-90
72
Фен­хель тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 21032-90
73
Анис тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 21236-90
74
Мақ­та тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 5895-75
75
Тұқым­дық шит­ті мақ­та. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 23577-98
Кө­кө­ніс және гүл­ді да­қыл­дар
76
Бiр жыл­дық және екi жыл­дық гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 12260-81
77
Кө­п­жыл­дық гүл­ді да­қыл­дар тұқы­мы.
Егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 12420-81
78
Бал­дыр­көк тұқым­дас кө­кө­ніс пен азық­тық та­мы­р­же­мі­стер тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.1-90
79
Ас­қа­бақ тұқым­дас кө­көнiс, бақ­ша­лық және азық­тық да­қыл­дар тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.2-90
80
Ал­қа­лы­лар тұқым­дас кө­кө­ніс да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.3-90
81
Ала­бо­та тұқым­дас кө­кө­ніс да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.4-90
82
Азық­тық қы­зы­л­ша тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.5-90
83
Қы­рық­қа­бат тұқым­дас кө­көнiс да­қыл­да­ры, азық­тық та­мы­р­же­мiстер және азық­тық қы­рық­қа­бат тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.6-90
84
Жы­лы­жай­лық сорт­тар және қи­яр мен қы­зы­нақ бу­дан­да­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.7-90
85
Пи­яз және ла­ла­гүл­дер тұқым­дас кө­көнiс да­қыл­да­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.9-90
86
Кө­бе­лек гүл­ді­лер тұқым­дас кө­көнiс да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.10-90
87
Қант­ты жү­ге­рі тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.11-90
88
Күр­де­лі гүл­ді­лер және ай­ла­у­лық тұқым­дас кө­кө­ніс да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.12-90
89
Ерін­гүл­ді­лер тұқым­дас кө­кө­ніс да­қыл­да­ры тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.13-90
90
Қа­ра­құ­мық және құл­қай­ыр тұқым­дас кө­кө­ніс да­қыл­да­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 28676.14-90
91
Тұқым­дық кар­топ. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ГОСТ 7001-91
92
Рапс тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1360-2005
93
Май­лы зығ­ыр тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар.
ҚР СТ 1361-2005
94
Қы­ша тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар.
ҚР СТ 1363-2005
95
Күн­ба­ғыс тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1359-2005
96
Май­лы да­қыл­дар тұқы­мы. Қы­тай­бұр­шақ тұқы­мы.
Сорт­тық және егу са­па­ла­ры. Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1275-2004
97
Арыш тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1362-2005
98
Мақ­са­ры тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1364-2005
99
Ас­бұр­шақ тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1365-2005
100
Но­қат тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1366-2005
101
Те­ме­кі тұқы­мы. Сорт­тық және егу са­па­ла­ры.
Тех­ни­ка­лық шар­ттар
ҚР СТ 1367-2005

103 Өтініш

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
__________________________________________________________ ға
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзуді және
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беруді сұраймын
Заңды тұлға туралы мәліметтер:
Мекенжайы:____________________________________________________
______________________________________________________________
(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй нөмірі, телефон)
Қоса берілетiн құжаттар:
______________________________________________________________
(Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау қағидаларының
7-тармағына сәйкес)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесі қоса беріліп отыр.
20__ жылғы « » ______________
Басшы__________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесiнiң аты,)                      (қолы)
Өтініш 20____ жылғы «____» ________________ қарауға қабылданды
________________________________________________ _____________
(өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты)    (қолы)
20 ___жылғы «___» ____________ Өтінішке
қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің тiзбесі (бар болса)
Р/с №
Ата­уы
Тұқым са­па­сы­на са­рап­та­ма жа­са­ла­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өсiм­дiк­терi­нің ата­уы
По­шта­лық ме­кен­жайы
Элек­трон­дық
ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс
те­ле­фон­да­ры
1
2
3
4
5
Басшы _________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесiнiң аты)                    (қолы)

104 Заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлiмшенің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
Заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлiмшенің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі
20__ жылғы       « ___ »___________ № ____
Сараптамалық комиссия_________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жүргiзiлетін ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беру үшiн
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (құрылымдық бөлiмшенің) толық атауы)
тұқымға сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестiгін тексеру нәтижелері туралы осы актіні жасады
Тексеру нәтижесiнде мыналардың:
Көлемі 20 шаршы метрден кем емес (меншік құқығындағы немесе басқа заттық құқықтағы) ғимараттың (үй-жайдың) _____болуы белгіленді
(бар/жоқ)
Мамандар тiзбесі
Р/с

Ма­ман­ның
те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Ла­у­а­зы­мы
Бiлi­мі
Тұқым­дар­дың сорт­тық және егу са­па­сы­на са­рап­та­ма жа­сау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың ба­стал­ға­ны ту­ра­лы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган тұқым са­рап­шы­сы­нан ал­ған ха­бар­ла­ма­ның № және кү­ні
Зертханалық жабдықтармен және өлшем құралдарымен қамтамасыз етілуі
Р/с №
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Қам­та­ма­сыз еті­луі
та­лап еті­ле­ті­ні
нақ­ты­сы
Химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі
Р/с №
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Қам­та­ма­сыз еті­луі
та­лап еті­ле­ті­ні
нақ­ты­сы
Ре­ак­тив­тер
Ма­те­ри­ал­дар
Құ­рал-сай­ман­дар
Тұқым сапасына сараптама жасауда қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
Р/с №
Ата­уы
Стан­дарт­тың нө­мі­рі
Қам­та­ма­сыз еті­луі
та­лап еті­ле­ті­ні
нақ­ты­сы
Cынамаларды сақтауға арналған сөрелердің болуы:
қажеті ______ дана                   қолда бары ______ дана
Комиссия төрағасы_________________________________ __________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)              (қолы)
Комиссия мүшелерi_________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)            (қолы)
_________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)                          (қолы)
____________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)                            (қолы)
____________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)                            (қолы)

105 № ____ Аттестаттау туралы куәлiк

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
6-қосымша
№ ____ Аттестаттау туралы куәлiк
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
20 __ жылғы « » _______________ № _____ бұйрығы негізінде
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі берілді.
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн аттестатталған құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі (бар болса) қоса беріледі.
Басшы ______________________________________   _______________
(тегі, аты, әкесiнiң аты)                        (қолы)
Лауазымы______________________________________________________
Берілген күні 20____жылғы «___» ____________________
Мөр орны
Жарамдылық мерзімі 20____жылғы «____»________________ дейін

106 Заңды тұлғаның құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі

20 __ жылғы «___» _________ № ____
аттестаттау туралы куәлікке
қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі
Р/с

Құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­нің ата­уы
Тұқым са­па­сы­на са­рап­та­ма жа­са­ла­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өсiм­дiк­те­рінiң ата­у­ла­ры
По­шта­лық ме­кен­жайы
1
2
3
4
Басшы _______________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты)                     (қолы)
Мөр орны

Қолданыстағы