Об утверждении порядка оплаты труда безработных, занятых в общественных работах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка оплаты труда безработных, занятых в общественных работах
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тартылғаң жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 05.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2000 6153_258041.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- S000000004_
- ЭКБ идентификаторы
- 6153
- Редакция идентификаторы
- 6153_258041
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:30
0 Қоғамдық жұмыстарға тартылғаң жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 05.01.2002 № 8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 341-1 «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1242 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережелерді орындауда, 2000 жылғы 27 наурыздағы № 433 енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып ШЕШТІМ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Киколенко О.А.) қоғамдық жұмысты ұйымдастырғанда осы тәртіпті басшылыққа алсын.
3 З. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
4 Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібі
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 6 мамырдағы
№ 104 шешімімен бекітілген
Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1242 қаулысымен бекітілген Қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережеге, 2000 жылдың 27 наурызындағы № 443 енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 341-1 “Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы” Заңына сәйкес жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібін реттейді.
2. Қоғамдық жұмыс уақытша жұмыспен қамтуды және жұмыссыз азаматтардың уақытша табыс табуын қамтамасыз етуге икемделген, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып есептеледі.
3. Қоғамдық жұмыс коммуналдық меншік мекемелерінде ұйымдастырылады.
2. Жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібі
4. Жұмыссыздарды қогамдық жұмысқа жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа тек олардың келісімімен жіберіледі.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімгері коммуналдық меншіктегі мекемелермен қоғамдық жұмыс жүргізу үшін жұмыс орындарына шарт жасасады.
7. Қоғамдық жұмысқа қатысқан жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларға енбек ақыға төлеген шығыны жергілікті бюджеттен облыс әкімінің шешімімен белгіленген мөлшерде өтеледі.
8. Кәсіпорын жұмыссыздарға еңбек ақыға төлеген шығынның бөлігін жергілікті бюджеттен қайтару үшін ай сайын бюджеттік бағдарламаның әкімгеріне жұмыс уақытының есеп табелін, істелген жұмыстардың актісін, жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшірмесін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
9. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Заңының 76 бабына сәйкес айына бір рет беріледі.
10. Қоғамдық жұмыс жүргізу үшін жұмыс орындарын беру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасасқан кәсіпорын жергілікті бюджеттен түскен қаржыны жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуге мақсатты түрде пайдалануға міндетті.
11. Жұмыссызды қоғамдық жұмысқа жіберген жағдайда материалдық көмек көрсету жұмыс басталған күннен тоқтатылады, жұмыссыз есептен шығарылмайды.
12. Жұмыссыздардың еңбек ақысына Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 24 сәуіріндегі № 2235 “Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңына сәйкес салық салынады.