Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления отчетов производителями и импортерами табака и табачных изделий

Қаулы · № 1368 · қабылданған 22.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61552/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления отчетов производителями и импортерами табака и табачных изделий Күшін жойған Қаулы ·№ 1368 ·22.11.2011
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления отчетов производителями и импортерами табака и табачных изделий

Күшін жойған Қаулы ·№ 1368 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления отчетов производителями и импортерами табака и табачных изделий
Атауы (қаз.)
Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1368
Қабылданған күні
22.11.2011
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI61552_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001368
ЭКБ идентификаторы
61552
Редакция идентификаторы
AI61552_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:05

0 Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 1368 қаулысымен
бекітілген
Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары

1 1. Осы Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидалар темекі және темекі бұйымдарын өндіру және импорттау бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

3

3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекі бұйымдарын өндіруші,  импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға табыс  етуге тиіс.

4 4. Ұсынылатын есептер мынадай екі бөліктен тұрады:

1 1) зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп;

2 2) темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есеп.

5

5. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдістердің негізінде зерттеулер жүргізген зертхананы көрсете отырып, темекі және темекі бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннің шекті рұқсат етілген деңгейінен тұруы тиіс.

6 6. Ингредиенттер туралы есепте мыналар болуы тиіс:

1 1) өндірілетін және импортталатын темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі. Тізімде әрбір ингредиенттің темекі массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесі көрсетіледі;

2

2) темекі өнімдерінің әрбір атауы бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының тізімі, егер мұндай ингредиенттердің үлесі темекі бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспаса. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде «хош иістендіргіштер» деген сөзбен белгіленеді;

3 3) темекі емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тізімі. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамына кіретін ингредиенттер олардың құрамындағы темекі емес материалдардың санаттары бойынша көрсетіледі.

7

7. Темекі бұйымы массасының ингредиенттері туралы есепті дайындау кезінде, бір дана темекі бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бір бірлігінің (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетін жіңішкелеп кесілген темекінің 750 миллиграмы, өзге темекі бұйымдарының (кальянға арналған темекі, түтік темекісі, шекпейтін темекі бұйымдары) 1 граммы есептеледі. Темекі бұйымындағы ингредиенттің үлесі рецептураға (өзіндік ерекшелікке) сәйкес есептеледі.

8 8. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы және темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептер қағаз және/немесе электрондық нұсқаларда ұсынылады.

17 Есепті күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілер немесе импорттаушылар сатқан темекі мен темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттер туралы есептің нысаны

Темекі мен темекі
бұйымдарын өндірушілердің
және импорттаушылардың есеп
беру қағидаларына
қосымша
Есепті күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілер немесе импорттаушылар сатқан темекі мен темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттер туралы есептің нысаны

1 1. Темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі.

Темекі бұйымы түрінің атауы
Р/с

Ин­гре­ди­ент­тің ата­уы
Ин­гре­ди­ент­тің те­ме­кі сал­ма­ғы­на қа­ты­сы бой­ын­ша ең көп пай­ы­здық үле­сі (%)
1
2
3

2

2. Темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының тізімі, темекі өнімінің әрбір атауы бойынша, егер мұндай ингредиенттердің үлесі темекі бұйымының салмағына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының басқа түрлері үшін 0,5 пайыздан аспаса.
Темекі бұйымының атауы
Р/с

Ин­гре­ди­ент­тің ата­уы
1
2
📌 Ескертпе. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының басқа түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде «хош иістендірушілер» деген сөздермен белгіленеді.
Р/с

Те­ме­кі емес ма­те­ри­ал­дар­дың са­на­ты
Ин­гре­ди­ент­тің ата­уы
1
2
3

3 3. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамындағы ингредиенттер атауларының тізімі бойынша көрсетіледі.

📌 Ескертпе. Темекі емес материалдар мынадай санаттарға бөлінеді: папиростық, сигареттік, жиектік және мүштік қағаз, сүзгіштер (фицелпа) үшін орау қағазы, сүзгіш материал, желім, сия, соратын темекі (снюс) өлшемі үшін орау материалы.

4 4. Темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргізу туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген темекі бұйымын өндіруші немесе импорттаушы және/немесе олардың тапсырысы бойынша есепті кезеңде осы есепте көрсетілген ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргізілді ме?
_      _
|_| ИӘ |_| ЖОҚ
Қазақстан Республикасының
аумағында өткізілетін темекі өнімін
өндіруші немесе импорттаушы ____________ ______ ___________
(лауазымы) (Т.А.Ә.)  (қолы)
М.О.
20___ ж. «___» ______________

Қолданыстағы