О корректировке базовых налоговых ставок по Ордабасинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых налоговых ставок по Ордабасинскому району
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданы бойынша базалық салық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50/2
- Қабылданған күні
- 11.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2014 AI61635_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UH000115
- ЭКБ идентификаторы
- 61635
- Редакция идентификаторы
- AI61635_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:12
0 Ордабасы ауданы бойынша базалық салық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 32/7 "Ордабасы ауданының жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) туралы" шешіміне сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. "Жер салығының базалық ставкалары туралы" Ордабасы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 15/10 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-8-66-нөмiрмен тiркелген, "Ордабасы оттары" газетiнiң 19-нөмiрiнде 2009 жылғы 26 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.