Об определении мест для размещения агитационно-пропагандных печатных материалов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационно-пропагандных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 608
- Қабылданған күні
- 22.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2012 AI61641_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VM000101
- ЭКБ идентификаторы
- 61641
- Редакция идентификаторы
- AI61641_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:05
0 Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Д. Алдажаровқа жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Келiсiлдi:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
М. Тлеубаев
2011 жыл 22 қараша
5 Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Катонқарағай аудандық әкiмдiгінiң
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 608 қаулысына қосымша
Үгiт-насихат баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар
1 1. Үлкен Нарын ауылдық округi бойынша:
Үлкен Нарын ауылы – Астана көшесiндегi 22-кәсiптiк лицейдiң жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Шабдан Тумашинов көшесi бойындағы ашық базардың жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Слямов көшесiндегi май зауытының жанында;
Жұлдыз ауылы - Амангелдi көшесi, фельдшерлiк пункттiң жанында;
Көктерек ауылы - Құсметов көшесi 39 үй, фельдшерлiк пункттiң жанында;
Балғын ауылы - Омаров көшесi, «777» дүкенiнiң жанында;
Юбилейное ауылы - Гагарин көшесi, «Эльвира» дүкенiнiң жанында;
Свинчатка ауылы - Морской көшесi, «Сұңқар» дүкенiнiң жанында.
2 2. Ново-Хайрузовка ауылдық округi бойынша:
Алыбай ауылы - Абай көшесi 13 үй, фельдшерлiк пункт ғимаратының жанында;
Ново-Хайрузовка ауылы - Школьный көшесi 15 үй, ауыл орталығында;
Приморск ауылы - фельдшерлiк пункттiң жанында;
Кұңдызды ауылы - фельдшерлiк пункттiң жанында.
3 3. Солдатово ауылдық округi бойынша:
Солдатово ауылы - Совет көшесi, спорт кешенiнiң жанында.
4 4. Новоберезовка ауылдық округi бойынша:
Новоберезовка ауылы - ауыл орталығындағы «Бекет» дүкенiнiң жанында;
Майемер ауылы – ауыл орталығындағы «Майемер» дүкенiнiң жанында;
Үштөбе ауылы – ауыл орталығында;
Яры ауылы - ауыл орталығында.
5 5. Новополяковка ауылдық округi бойынша:
Новополяковка ауылы - Сельская көшесi, ауыл орталығындағы «Диляра» дүкенiнiң жанында;
Бесүй ауылы - Қ. Рысқұлбеков көшесi, ауыл орталығындағы дүкеннiң жанында;
Огнева ауылы - Қазақстан көшесi, ауыл орталығындағы «Сабина» дүкенiнiң жанында;
Сенное ауылы - Тәуелсiздiк көшесi, ауыл орталығындағы «Тополек» дүкенiнiң жанында;
Ульян ауылы - Достық көшесi, ауыл орталығында.
6 6. Аққайнар ауылдық округi бойынша:
Аққайнар ауылы - Абай көшесi, «Қайнар» дүкенiнiң жанында;
Қызыл-Жұлдыз ауылы - Абай көшесi, мектептiң жанында;
Қайыңды ауылы - Ә. Молдағұлова көшесi, «Шұғыла» дүкенiнiң жанында;
Ақмарал ауылы - Маралды көшесi, мектептiң жанында.
7 7. Ақсу ауылдық округi бойынша:
Ақсу ауылы – Ақсу ауылының клубы, пошта ғимаратының жанында;
Жазаба ауылы – Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Жазаба учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында;
Бекалқа ауылы - Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Бекалқа учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында;
Ақшарбақ ауылы - Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Ақшарбақ учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында.
8 8. Коробиха ауылдық округi бойынша:
Коробиха ауылы – Новосельская көшесiнiң бойында;
Барлық ауылы – Абай көшесiнiң бойында;
Үшбұлақ ауылы - Үшбұлақ көшесiнiң бойында.
9 9. Өрел ауылдық округi бойынша:
Өрел ауылы – Өрел орта мектебi, балалар бақшасының ғимараты жанында, Қабанбай, Орталық көшелерiнде;
Еңбек ауылы – орта мектептiң жанында, орталықтағы дүкеннiң алдында;
Аршаты ауылы – орта мектептiң жанында, орталықтағы дүкеннiң алдында.
10 10. Жамбыл ауылдық округi бойынша:
Жамбыл ауылы – Жамбыл орта мектебiнiң ғимараты жанында, «Маралды» шаруа қожалығы ғимаратының жанында;
Берел ауылы – Берел орта мектебiнiң ғимаратының жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында, Берел орманшылығы ғимаратының жанында;
Маралды ауылы – бастауыш мектеп ғимараты жанында, Маралды шаруа қожалығы кеңсесінің жанында;
Рахман қайнары ауылы – «Рахмановские ключи» ЖШС-нiң ғимаратының жанында.
11 11. Белқарағай ауылдық округi бойынша:
Белқарағай ауылы – Белқарағай ауылының орталық көшесiнде «Елтай» дүкенiнiң қатарында;
Топқайың ауылы – «Алтынай» дүкенi көше беттегi қабырғасында;
Өрнек ауылы – «Ауылым» дүкенi көше беттегi қабырғасында;
Согорное ауылы – «Жадыра» дүкенi көше беттегi қабырғасында.
12 12. Катонқарағай ауылдық округi бойынша:
Катонқарағай ауылы – Абай көшесi 80 үй, мәдениет үйiнiң маңында, Абай көшесi 94 үй, «Қаратай» спорт кешенiнiң маңында;
Қабырға ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Жаңаүлгi ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Шыңғыстай ауылы – Баекин көшесi, пошта бөлiмшесiнiң маңында;
Мойылды ауылы – мектеп ғимаратының жанында.
13 13. Солоновка ауылдық округi бойынша:
Солоновка ауылы – Совет көшесi, ауылдық клуб ғимаратының маңында;
Малонарымка ауылы – Совет көшесi, «Жас қанат» шаруа қожалығы ғимаратының жанында.