О нормативах субсидий на частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О нормативах субсидий на частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда
- Атауы (қаз.)
- Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормативтері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 16.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2012 61685_160546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11Z0003074
- ЭКБ идентификаторы
- 61685
- Редакция идентификаторы
- 61685_160546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:08
0 Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және
өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормативтері туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеу бойынша ағымдағы қаржы жылында облыс бюджетінен субсидиялардың төленуін жүзеге асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
15.11.2011 ж.
5 2011 жылғы 16 қарашадағы № 198
облыс әкімдігінің қаулысына
қосымша
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге
шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған
субсидиялардың нормативтері
теңге/га
Көп жылдық екпелердің сипаттамасы
Тамшылатып суарудың ирригациялық құралдарын сатып алу мен монтаждауға кеткен шығынды есептегендегі отырғызу
Субсидия (40% дейін)
2 жыл өсіп өнуі
Сүйекті бақтар:
тіреуіш бағаналарды орнатпай, орта бойлы және биік өсетін телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда
847 546
339 018
48 385
тіреуіш бағаналарды орнатып, аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда
1 017 055
406 822
48 385
Пістелік бақтар:
тіреуіш бағаналарды орнатпай, орта бойлы және биік өсетін телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда
1 126 294
450 518
66 258
тіреуіш бағаналарды орнатып, аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда
1 407 867
563 147
66 258
Дәстүрлі бақтар
0
0
66 258
Жүзімдіктер:
тіреуіш бағаналарды орнатып отырғызылған
0
0
0
Дәстүрлі жүзімдіктер
0
0
0
кестенің жалғасы
Субсидия (40% дейін)
3 жыл
өсіп өнуі
Субсидия (40% дейін)
4 жыл
өсіп өнуі
Субсидия (40% дейін)
19 354
52 110
20 844
51 531
20 612
19 354
52 110
20 844
51 531
20 612
26 503
72 735
29 094
214 743
85 897
26 503
72 735
29 094
214 743
85 897
26 503
72 735
29 094
214 743
85 897
0
0
0
0
0
0
0
0
Аббревиатураның толық жазылуы:
га - гектар