Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах налогообложения на территории Шахтинского региона

Өзге акт · № 739/37 · қабылданған 26.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61695/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах налогообложения на территории Шахтинского региона Күшін жойған Өзге акт ·№ 739/37 ·26.10.2011
10.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах налогообложения на территории Шахтинского региона

Күшін жойған Өзге акт ·№ 739/37 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах налогообложения на территории Шахтинского региона
Атауы (қаз.)
Шахтинск аймағында салынатын салықтың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
739/37
Қабылданған күні
26.10.2011
Көрсетілген редакция
10.05.2018 61695_324409.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KH000099
ЭКБ идентификаторы
61695
Редакция идентификаторы
61695_324409
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:22

0 Шахтинск аймағында салынатын салықтың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.

3 3. Шахтинск аймағына жататын автотұрақтар (паркингтер), автомомобилге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Шахтинск қаласы белгіленсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

КЕЛІСІЛДІ

5 Қалалық мәслихаттың

2011 жылғы 26 қазандағы
XXXVII сессиясының
N 739/37 шешіміне
1 қосымша
Шахтинск аймағы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаты
Р/с N
Автотұрақтардың түрлерi
Санаттары
1
Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар.
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар.
1 санат
2
Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар
2 санат

6 Қалалық мәслихаттың

2011 жылғы 26 қазандағы
XXXVII сессиясының
N 739/37 шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерi
Р/с N
Автотұрақтардың санаты
Мөлшерлемелер
1
1 санат
10 есе
2
2 санат
9 есе

Қолданыстағы