Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан к призывному участку Карабалыкского района

Өзге акт · № 14 · қабылданған 01.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61700/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан к призывному участку Карабалыкского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·01.11.2011
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан к призывному участку Карабалыкского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан к призывному участку Карабалыкского района
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қарабалық ауданы шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
01.11.2011
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI61700_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NL000170
ЭКБ идентификаторы
61700
Редакция идентификаторы
AI61700_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:19

0 Қазақстан Республикасы азаматтарының Қарабалық ауданы шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:

1

1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу бойынша іс–шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.

3 3. Селолық округтер, Тоғызақ селосы және Қарабалық кентінің әкімдері:

1 1) тіркеуге жататын азаматтарды хабар ету және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуі қамтамасыз етілсін;

2 2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін шығарып салатын тұлғалар бөлінсін, тасу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қабылдансын.

4 4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер Департаментінің Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" және "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:

1 1) аудан оқу орындарына әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге наряд жеткізсін.

2 2) бастауыш әскери даярлаудың ұйымдастырушы–оқытушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;

3 3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы ақпарат берсін;

4 4) әскери-оқу орнына түсуге әрбір әскерге дейінгі шақырушылармен әскери кәсіптік бағыты мақсатымен жеке әңгімелесуді өткізсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер министрлігі Қостанай облысы
Ішкі істер Департаментінің
Қарабалық аудандық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндет атқарушы
_______________ М.Ералиев
"Қостанай облысы Қарабалық
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ В. Гавриш
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Қарабалық орталық аудандық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігерінің
міндетін атқарушы
______________ Л. Панченко

Қолданыстағы