Об образовании и обеспечении на территории Аккайынского района приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет и старших возрастов, не прошедших приписку к призывному участку ранее
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании и обеспечении на территории Аккайынского района приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет и старших возрастов, не прошедших приписку к призывному участку ранее
- Атауы (қаз.)
- Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 10.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2012 61705_177536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SB000141
- ЭКБ идентификаторы
- 61705
- Редакция идентификаторы
- 61705_177536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:13
0 Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37-бабының 8-тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою үшін, аудан әкімі ШЕШТІ:
1 1. Аққайың ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасы ер азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2
2. «Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Аққайың ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2010 ж.05. 01 № 13-2-111 тіркелді және 2010 ж.01. 07 № 1 «Колос» және № 1-2 «Аққайың» газеттерінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 54 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекемттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2010 ж.12. 21 № 13-2-124 тіркелді және 2010 ж.12. 23 № 52 «Колос» газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік және шұғыл мәселелер жөніндігі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы шешім Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Аққайың ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В.В. Гриб