Об утверждении Инструкции о возмещении затрат на обучение военнослужащим Внутренних войск, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин) и прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, в высших учебных заведениях Республики Казахстан на платной основе в размере пятидесяти процентов от стоимости обучения за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции о возмещении затрат на обучение военнослужащим Внутренних войск, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин) и прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, в высших учебных заведениях Республики Казахстан на платной основе в размере пятидесяти процентов от стоимости обучения за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 07.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2015 AI61732_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007318
- ЭКБ идентификаторы
- 61732
- Редакция идентификаторы
- AI61732_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:16
0
Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті (Р.Ф. Жақсылықов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми жариялануын;
2 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3 Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулық
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 585 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулық Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.