Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Кербулакском районе
Күшін жойған
Қаулы
·№ 355
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Кербулакском районе
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 03.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2013 61746_193975.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DM000143
- ЭКБ идентификаторы
- 61746
- Редакция идентификаторы
- 61746_193975
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:18
0 Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және 9-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.