Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями в период проведения выборов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями в период проведения выборов
- Атауы (қаз.)
- Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 389
- Қабылданған күні
- 29.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2019 61750_405187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UC000120
- ЭКБ идентификаторы
- 61750
- Редакция идентификаторы
- 61750_405187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:02
0 Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар тiзбесі 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Т.Сүлейменовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Кентау қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
________________ Кривенцова Маржан Қазыбайқызы
«29» қараша 2011 жыл
5 Кентау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 389 қаулысына 1-қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі
Кентау қаласы бойынша
1
Сейфуллин көшесі бойындағы мемлекеттік автомобиль инспекциясы бекетінің қасындағы тақта
2
Сейфуллин көшесі бойындағы қала төлқұжатының қарама қарсы бетіндегі тақта
3
Сейфуллин көшесі «Рахым-Ата» жанармай құю бекетінің қасындағы тақта
4
Сейфуллин көшесі мен Яссауи даңғылы қиылысында, «Транзит Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасындағы тақта
5
Абай даңғылы, қала әкімдігінің ғимаратының қасындағы тақта
6
Яссауи даңғылы, «Кентау» қонақ үйінің қасындағы тақта
7
«Ынтымақ» алаңындағы 2 тақта
8
Б.Момышұлы көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы тақта
9
Абылайхан мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы тақта
10
Абылайхан мен Логинов көшелерінің қиылысындағы тақта
Ащысай ауылы бойынша
11
Құлымбетов көшесі бойындағы тақта
12
Торлан көшесі бойындағы тақта
Байылдыр ауылы бойынша
13
Чехов көшесіндегі тақта
14
Орталық алаңдағы тақта
Қарнақ ауылы бойынша
15
Ш. Қанайұлы көшесіндегі тақта
16
Орталық алаңдағы тақта
17
Жәнібек көшесіндегі тақта
Хантағы ауылы бойынша
18
«Сарбас» аялдамасы мен «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның аралығында орналасқан 2 тақта
19
Орталық саябақтағы тақта
20
Ауыл клубының аумағындағы тақта
6 Кентау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 389 қаулысына 2-қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлардың тiзбесі
р/с
Мекеменің атауы
Орналасқан жері
1
«Ы.Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 90
2
«Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, Абылайхан көшесі, № 15
3
«№ 7 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы
Кентау қаласы, С.Ерубаев көшесі, № 15
4
«Әл-Фараби атындағы № 14 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, Құралбаев көшесі, нөмірсіз
5
«Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, Панфилов көшесі, № 50
6
«А.Молдағұлова атындағы № 19 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, № 168
7
«Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Кентау қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, № 15
8
«Ш. Қалдаяков атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Кентау қаласы, «Ынтымақ» алаңы, нөмірсіз
9
«Кентау оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы
Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, № 51
10
«Ж.Жабаев атындағы № 7 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі, № 45
11
«С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Байылдыр ауылы, Чехов көшесі, № 19
12
«А.С.Пушкин атындағы № 6 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Хантағы ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, № 3
13
«Махмуд Қашқари атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы
Қарнақ ауылы, М.Қашқари көшесі, нөмірсіз