Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Акима Акмолинской области

Ереже · № 479 · қабылданған 16.04.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6176/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Акима Акмолинской области Күшін жойған 16.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Акима Акмолинской области

Күшін жойған Ереже № 479 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Акима Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
479
Қабылданған күні
16.04.2000
Көрсетілген редакция
16.04.2000 6176_215424.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000889_
ЭКБ идентификаторы
6176
Редакция идентификаторы
6176_215424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 09.04.2001 № 66 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі №1408 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 ақпандағы №230 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі №1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларын жүзеге асыру мақсатында:
2000 жылға арналған Ақмола облысы әкімінің сақтық қорында қаражатты пайдалану ережесі 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілсін.

1 Ақмола облысының әкімінің

шешіміне 1 қосымша
2000 ж. 17 сәуір № 479
Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережесі

1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13 бабына сәйкес облыстық бюджеттің құрамына болжанбаған шығындарды қаржыландыруға сақтық қоры енгізіледі.

2. 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" заңының 13 бабының 3 тармағына сәйкес сақтық қорының мөлшері облыстық бюджеттің 2 пайызынан аспауы тиіс.

3. Ақмола облыстық қаржы басқармасы сақтық қорынан қаржыландыруды ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджетте осы мақсатқа, шығыстар мен несиелендіруге бекітілген мөлшердің шегінде іске асырады. Қазіргі заңдылықтарға сәйкес қаржыландыру, бөлінген қаржының мөлшері, алушысы, қаржыны пайдалану мақсаты көрсетілген Ақмола облысы әкімінің шешімінің негізінде орындалады. Қайтарылуға тиіс болса, онда қайтару мерзімі көрсетіледі.

4. Сақтық қорының қаражаты осы ережемен және облыс әкімінің шешімімен қамтылмаған басқа мақсаттарға пайдаланылмайды. Ақмола облысы әкімінің шешімі қаржы жылының аяқталуына байланысты өз күшін жояды. Пайдаланылмаған қаржы мөлшері қайтарылады.

5. Облыс әкімінің сақтық қорынан қаражат бөлу туралы Ақмола облысы әкімінің шешімі қабылданғанда мына шарттар ескеріледі:

1). Облыстық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржының бөлінбеуі.

2). Қаржы қажеттілігінің ағымдағы қаржы жылында туындауы және сот шешімі негізінде өтелуге тиіс міндеттемелер болмаса, бұрынғы басқа міндеттемелерге қатысы жоқтығы.

6. Сақтық қорынан заңды тұлғаларға қаржы болу туралы өтініш облыстық қаржы басқармасымен тек дәлелді есебі мен қызығушылық танытып отырған жергілікті бағдарламардың әкімгерлерімен келісімі болған жағдайда ғана қаралады.

7. Сақтық қорынан қаражат мына жағдайларға бөлінеді:

- төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге;
- жергілікті жердегі табиғат және басқа да жайлармен байланысты төтенше ахуалдардың зардаптарының шығындарын жоюға;
- қысқа дайындыққа (ғимараттарды, жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарына т.б.)
- сот шешімімен атқарушы органдардың міндеттемелерінің өтелуіне;
- облыста спортпен жаппай шұғылдануды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарға;
- Ақмола облысы әкімінің шешімімен қамтылған басқа да көлденең шығындарға;

8. Төтенше ахуал зардаптарын жоюға кететін қаражатты үнемді пайдалану үшін, Ақмола облысы әкімінің сақтық қорынан жылдың әр тоқсанында көлденең шығындарға жұмсалатын қаражат мөлшері облыстық бюджеттегі төтенше жағдайлар шығындарын жоюға арналған қаражаттың жылдық мөлшерінің 25 пайызынан аспауы керек.

9. Шараларды шұғыл түрде қаржыландыру міндеттемелері туындаған жағдайда, қаражат бөлу Үкімет бекіткен, облыстық бюджетте қамтылған, шығыстарды қаржыландыру Ережесіне сай орындалады.

10. Егер бюджеттің атқарылу үдерісінде шығыс түсетін кірістен асып кететін болса немесе бюджетке түсетін табыс өте азайып кетсе, онда Ақмола облысы әкімі сақтық, қорының шығыстарын шектеуге құқылы.

11. Сақтық қорынан қаражат алған заңды тұлғалар қаржының қайда жұмсалғаны туралы, орындалған жұмыстың көлемі мен құны жөнінде есеп беруі тиіс.

12. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілік қаржыны алушыға жүктеледі.