Құжат мәтініне өту

О создании специальной экономической зоны "Сарыарқа"

Жарлық · № 181 · қабылданған 24.11.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61774/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании специальной экономической зоны "Сарыарқа" Қолданыста Жарлық ·№ 181 ·24.11.2011
25.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании специальной экономической зоны "Сарыарқа"

Қолданыста Жарлық ·№ 181 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании специальной экономической зоны "Сарыарқа"
Атауы (қаз.)
"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
181
Қабылданған күні
24.11.2011
Көрсетілген редакция
25.11.2016 AI61774_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1100000181
ЭКБ идентификаторы
61774
Редакция идентификаторы
AI61774_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:04

0 "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) АЭА туралы ереже;

2 2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1 1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;

2 2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жерінде орналасқан.

АЭА-ның аумағы 595,01 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына алаңы 534,9 гектар «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі және алаңы 60,11 гектар № 1 «Кремний жазығы» қосалқы аймағы кіреді.

2 2. АЭА:

1 1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

2 2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу саласын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

3 3) өндірілетін өнім түрлерін кеңейту және сапасын жақсарту;

4 4) қазақстандық өнімнің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау;

5 5) тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістерді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, жаңа өнім түрлерін шығаруды игеру;

6 6) шикізатты тереңдете өңдеу жөніндегі өндірістерді және технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

7 7) қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

8 8) құрылысқа инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде металлургия өнеркәсібін кешенді дамыту;

9 9) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне енуін жандардыру үшін өңірді жедел дамыту;

10 10) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

11 11) әлеуметтік проблемаларды шешу және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.

3 3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

4 4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

1 1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2 2. АЭА-ны басқару

5 5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. АЭА-ны басқаруды басқару органы — АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын басқарушы компания жүзеге асырады.

3 3. АЭА-ның аумағында салық салу

7 7. АЭА-ның қатысушыларына салық салу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Кедендік реттеу

8 8. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

10 10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

11 11. АЭА аумағында Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгіленген тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

12 12. ЕЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

13 13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

14 14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5 5. Қоршаған ортаны қорғау

15 15. АЭА аумағындағы қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің және халықаралық табиғат қорғау және экологиялық стандарттардың талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

6 6. АЭА-тың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері

16

16. АЭА қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.

7 7. АЭА-ны тарату тәртібі және мерзімдері

17 17. АЭА оның құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.

АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таратылады.

18 18. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Қорытынды ережелер

19 19. Осы ережеде реттелмеген АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

51 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен бекітілген
«Сарыарқа» арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

52 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі
р/с

Мақ­сат­та­ры, мін­дет­те­рі және көр­сет­кіш­те­рі
(ата­уы)
Өл­шем бір­лі­гі
Негіз­гі ке­зең
(2012 жыл)
2015 жы­л­ға қол жет­кі­зу,
оның ішін­де
2020 жы­л­ға қол жет­кі­зу,
оның ішін­де
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
млрд. тең­ге
-
7
3,5
80
40
1.1
Ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
4,9
2,45
56
28
1.2.
Отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
2,1
1,05
24
12
2
Та­у­ар­лар мен қыз­мет­тер (жұ­мыстар) өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
5,84
2,92
210,6
105,3
3
Қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны
ком­па­ни­я­лар
-
8
4
14
7
4
Қо­сал­қы қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың са­ны
адам
-
150
75
250
125
5
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
адам
-
500
250
1 720
860
6
Өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту­дың үле­сі
%
-
18
9
40
20
кестенің жалғасы
2025 жы­л­ға қол жет­кі­зу,
оның ішін­де
2030 жы­л­ға қол жет­кі­зу,
оның ішін­де
2037 жы­л­ға қол жет­кі­зу,
оның ішін­де
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
9
10
11
12
13
14
210
105
345
172,5
372
186
147
73,5
214,5
120,4
260,4
130,2
63
31,5
103,5
52,1
111,6
55,8
895,1
447,55
1 904,0
952
4 212,6
2 106,3
19
10
24
12
30
15
300
150
325
162
400
200
4 000
2 000
6 000
3 000
10 000
5 000
50
20
60
30
70
35
Ескертпе:
индикатор көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;
есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған.

Қолданыстағы