Құжат мәтініне өту

Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров, выполнения работ, оказания услуг на рынках города Алматы, а также за право осуществления деятельности, носящей эпизодический характер

Өзге акт · № 475 · қабылданған 20.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61808/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров, выполнения работ, оказания услуг на рынках города Алматы, а также за право осуществления деятельности, носящей эпизодический характер Күшін жойған Өзге акт ·№ 475 ·20.10.2011
12.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров, выполнения работ, оказания услуг на рынках города Алматы, а также за право осуществления деятельности, носящей эпизодический характер

Күшін жойған Өзге акт ·№ 475 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров, выполнения работ, оказания услуг на рынках города Алматы, а также за право осуществления деятельности, носящей эпизодический характер
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының базарларында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, сонымен қатар, кезеңдік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
475
Қабылданған күні
20.10.2011
Көрсетілген редакция
12.12.2012 61808_152960.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11R0000904
ЭКБ идентификаторы
61808
Редакция идентификаторы
61808_152960
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:26

0 Алматы қаласының базарларында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, сонымен қатар, кезеңдік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Алматы қаласының базарларында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, сонымен қатар, кезеңдік сипаттағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерлемесі ұсынылған қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 418 рет санымен тіркелген, 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы ақшамы» газетінің № 6 (28155) санында, 2002 жылғы 22 қаңтардағы № 8 (28157) санында және 2002 жылғы 16 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 4 (9505) санында, 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 5 (9506) санында, 2002 жылғы 9 ақпандағы № 11 санында жарияланған), ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2002 жылғы 13 ақпандағы XVI сессиясы «ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 438 рет санымен тіркелген, 2002 жылғы 2 наурыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 24 (28173) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2002 жылғы 2 наурыздағы № 18 (9519) санында жарияланған), ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясы «ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 555 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 9 қазандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 113 (3209) санында және 2003 жылғы 11 қазандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 158-160 (9760-9762) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін (келісім бойынша).

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 IV сайланған Алматы қаласының

мәслихатының XXXXVІІІ сессиясының
2011 жылғы «20» қазандағы № 475
шешіміне қосымша
Алматы қаласының базарларында
тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету, сонымен қатар,
кезеңдік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы
талондардың құны

п/п
Базардың мамандандырылуы
(сауда түрі)
Күн сайынғы талон құны  (теңге)
1.
Азық-түліктік және азық-түліктік емес
1.1
Сөрелерді қоспағанда контейнерлерден, дүңгіршіктерден, павильондардан және басқа уақытша құрылыстардан саудалау
6.0 ш.м-ден төмен көлемдегі
360
6.0 ш.м-ден 14.0 ш.м-ден төмен көлемдегі
450
14.0 ш.м-ден және одан жоғары көлемдегі
540
1.2
Сатушы сөресінен және қызметі кезеңдік сипат алатын тұлғалар саудасынан (әр сауда жасайтын тұлғадан)
160
2.
Автомобилдік
2.1
Автомотокөліктің 1 бірлігін сату
360
2.2
Автоқосалқы бөлшектерді сату (әр сатушыдан)
340
3.
Гүлдерді саудалау
180
4.
Машинадан саудалау
540
5.
Коммуналдық базарлар
50

Қолданыстағы