Құжат мәтініне өту

Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета

Қаулы · № 1394 · қабылданған 30.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61835/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета Күшін жойған Қаулы ·№ 1394 ·30.11.2011
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета

Күшін жойған Қаулы ·№ 1394 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета
Атауы (қаз.)
Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1394
Қабылданған күні
30.11.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI61835_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001394
ЭКБ идентификаторы
61835
Редакция идентификаторы
AI61835_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:01

0 Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) фитосанитариялық нормативтер;

2 2) фитосанитариялық есепке алу нысандары;

3 3) Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Фитосанитариялық нормативтер:

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Фитосанитариялық нормативтер:

1 1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері

Аса қа­уіп­ті зи­ян­ды ор­га­низ­мнің ата­уы
Бо­лжан­ған ал­қап­тың за­пас пай­ы­зы, дей­ін
Обыр ше­гірт­ке тұқым­дастар
30
Астық­тың сұр кө­бе­ле­гі
30
Қан­да­ла-зи­ян­ды ба­қа­шық
30
Гес­сен шы­бы­ны
30
Жү­ге­рі­де­гі мақ­та кө­бе­ле­гі
30
Астық қо­ңы­зда­ры
30
Мақ­та­да­ғы мақ­та кө­бе­ле­гі
30
Мақ­та­да­ғы өр­мек­ші кене
30
Қы­тай­бұр­шақ­та­ғы өр­мек­ші кене
30
Дән­ді да­қыл­дар ау­ру­ла­ры (тат пен сеп­то­ри­оз)
30
Са­ры­шұ­нақ­тар мен тыш­қан тұқым­дас ке­мір­гіш­тер
30
Ко­ло­ра­до кар­топ қо­ңы­зы
30

2 2. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер

Ата­уы
Эко­но­ми­ка­лық зи­ян­ды­лық ше­гі, шар­шы метр­ге да­на
Бір­жыл­дық бір­жар­нақ­ты
Қа­ра сұ­лы
15-20
Түк­ті та­ры
25-50
Күр­мек та­ры
40-50
Көк­шіл және жа­сыл мысық­құй­рық
60-80
Бір­жыл­дық қо­сжар­нақ­ты
Егі­стік қы­ша
12
Шыр­мауық та­ран
19
Та­тар қа­ра­құ­мы­ғы
7-11
Кә­дім­гі қы­зыл­құй­рық
10
Егі­стік қа­нат­же­міс
18
Кө­п­жыл­дық бір­жар­нақ­ты
Жа­у­қи­яқ
3-6
Жа­та­ған би­дай­ық
3-6
Кө­п­жыл­дық қо­сжар­нақ­ты
Егі­стік са­ры­қа­лу­е­ні
2-3
Да­ла шыр­мауы­ғы
4-5
Та­тар сүт­ті­ге­ні
3-4
Тал­шық сүт­ті­ге­ні
3-6
Да­ла­лық қа­лу­ен
3-4

3 3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер

Аса қа­уіп­ті зи­ян­ды ор­га­низмдер­дің ата­уы
Аса қа­уіп­ті зи­ян­ды ор­га­низ­мнің да­му са­ты­сы
Да­қыл және (неме­се) жер­лер
Да­қыл­дың да­му ке­зе­ңі
Эко­но­ми­ка­лық зи­ян­ды­лық ше­гі (ЭЗШ)
Үй­ір­лі обыр ше­гірт­ке тұқым­дастар
ита­льян­дық прус
дер­нә­сіл­дер
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жер­ле­рі
өсу ке­зе­ңі
1 шар­шы метр­ге 5 және одан көп да­на
ма­рок­ка­лық ше­гірт­ке
дер­нә­сіл­дер
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жер­ле­рі
өсу ке­зе­ңі
1 шар­шы метр­ге 5 және одан көп да­на
ази­я­лық ше­гірт­ке
дер­нә­сіл­дер
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жер­ле­рі
өсу ке­зе­ңі
1 шар­шы метр­ге 5 және одан көп да­на
Астық­тың сұр кө­бе­ле­гі
жұл­дыз­құрт­тар
жа­з­дық би­дай (та­у­ар­лық егі­стер)
сүт­те­ніп пі­су
100 ма­с­ақ­қа 15 жұл­дыз­құрт­тан ар­тық – сал­қын ауа-рай­ын­да, 20-дан ар­тық – ор­та­ша­да және 30-дан ар­тық – құр­ғақ­шы­лық­та
жұл­дыз­құрт­тар
жа­з­дық би­дай (тұқым­дық егі­стер)
сүт­те­ніп пі­су
жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген өл­шем­дер 2 есе тө­мен
Қан­да­ла-зи­ян­ды ба­қа­шық
қы­с­та­ған қан­да­ла­лар
күз­дік (жа­з­дық) би­дай
түп­те­ну
1 шар­шы метр­ге 1-2 қы­с­та­ған қан­да­ла, құр­ғақ­шы­лық жыл­да­ры бұл көр­сет­кіш 2 есе тө­мен­дей­ді (0,5-1,0)
дер­нә­сіл­дер
жа­з­дық би­дай
гүл­деу-дән то­лы­су­дың ба­сы
1 шар­шы метр­ге 5 дер­нә­сіл
дер­нә­сіл­дер
жа­з­дық би­дай
сүт­те­ніп пі­су
1 шар­шы метр­ге 2 дер­нә­сіл
Астық қо­ңы­зда­ры: кузь­ка қо­ңы­зы, әде­мі қо­ңыз, ай­қы­шты қо­ңыз
има­го
жа­з­дық би­дай
гүл­деу-дән то­лы­су­дың ба­сы
1 шар­шы метр­ге 3 қо­ңы­здан ар­тық
Гес­сен шы­бы­ны
пу­па­рий
би­дай болған та­нап­тар (аңыз)
егіс­ке дей­ін
1 шар­шы метр­ге 5-10 және одан ар­тық тір­ші­лік­ке икем­ді пу­па­рий
жұ­мырт­қа
жа­з­дық би­дай
то­лық өс­кін- түп­те­ну
30 %-дан астам жұ­мырт­қа­ла­у­мен жай­лан­ған өсім­дік­тер
Дән­ді да­қыл­дар­дың ау­ру­ла­ры: сеп­то­ри­оз, қо­ңыр тат
уре­до­ке­зең
би­дай (күз­дік, жа­з­дық)
өсу­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
ор­та қа­бат­та­ғы жа­пы­рақ­тар­дың сеп­то­ри­оз­бен 10-25, жо­ға­ры­да­ғы – 1-5-тен көп емес, қо­ңыр тат­пен, ти­ісін­ше 5-10 және 1 % за­лал­дан­ған жағ­дай­да. Ау­ру­лар одан ер­те пай­да бол­са (тү­тікте­ну­ге дей­ін) және қо­лай­лы ауа-райы жағ­дай­ын­да бұл көр­сет­кіш­тер­ді 2-3 есе тү­сі­ру­ге, ал кеш пай­да бол­са (сүт­те­ніп пі­су) – ке­рі­сін­ше, кө­те­ру­ге бо­ла­ды. ау­ру­дың 30 % да­муы
са­ры тат
уре­до­ке­зең
би­дай (күз­дік)
гүл­деу
Мақ­та­да­ғы өр­мек­ші кене
Со­яда­ғы өр­мек­ші кене
жұ­мырт­қа, дер­нә­сіл­дер, има­го
мақ­та
ша­нақ­та­ну­дың ба­сы-пі­су­дің ба­сы
та­нап­та өсім­дік­тер­дің за­лал­да­нуы 10 %-дан ар­тық, бір жа­пы­р­ақ­қа 1,5 кене (100 жа­пы­р­ақ­қа 150 да­рақ)
жұ­мырт­қа, дер­нә­сіл­дер, има­го
соя
өсу ке­зе­ңі
өсім­дік­тер­дің ке­не­мен за­лал­да­нуы 10 %-дан жо­ға­ры, оның са­ны 1 жа­пы­р­ақ­қа 10 да­рақ­тан ар­тық
Мақ­та­да­ғы мақ­та кө­бе­ле­гі
Жү­ге­рі­де­гі мақ­та кө­бе­ле­гі
жұ­мырт­қа, жұл­дыз­құрт
мақ­та
ша­нақ­та­ну­дың ба­сы-пі­су­дің ба­сы
100 өсім­дік­ке 8-12 жұ­мырт­қа мен жұл­дыз­құрт
кө­бе­лек, жұл­дыз­құрт
жү­ге­рі
өсу ке­зе­ңі
бір тор­ға тәу­лі­гіне 8-10 кө­бе­лек, бұл зи­ян­кест­ің егі­стікте­гі са­ны­ның өте көп­ті­гіне сәй­кес
Са­ры­шұ­нақ­тар
дән­ді да­қыл­дар, кө­п­жыл­дық шө­птер
өсу ке­зе­ңі
егі­стер­де және егі­стен 300 метр­лік ай­мақ­та – 1 гек­тар­ға 5 аң, ал 2 км ай­мақ­та – 1 гек­тар­ға 15-20 аң­нан ар­тық
Тыш­қан тұқым­дастар
дән­ді да­қыл­дар, кө­п­жыл­дық шө­птер
өсу ке­зе­ңі
25 тұ­з­ақ­қа 3 ке­мір­гіш ұстау (100 тұ­з­ақ­қа шақ­қан­да – 12 %), сон­дай-ақ учас­ке­де жа­па­лақ­тар­дың топ­та­луы, ал сол­тү­стік ай­мақ­та – сұр­тыш­қан­дар­дың қы­сқы қа­рас­ты ұя­ла­ры­ның бо­луы
Ко­ло­ра­до кар­топ қо­ңы­зы
қо­ңы­здар
кар­топ
өсім­дік­тің өсу ке­зе­ңін­де­гі би­ік­ті­гі 15-25 см дей­ін
кар­топ түп­те­рі­нің 0,5-2 %-ына қо­ны­стан­ған
қы­стап шық­қан қо­ңы­здар мен дер­нә­сіл­дер
кар­топ
ша­нақ­та­ну ке­зе­ңі – гүл­де­ну
түп­тер­дің 5-8 %-на қо­ны­стан­ған, 1 өсім­дік­ке 20 дер­нә­сіл­ден ке­ле­ді

10 Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)
литр

Пе­сти­цид­тің (улы хи­ми­кат­тың), био­пре­па­рат­тың және эн­то­мо­фаг­тың ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сы­на қал­ған қал­дық
Есеп­ті ке­зең­де өн­ді­рі­л­ге­ні
Есеп­ті ке­зең­де са­тып алын­ға­ны
Есеп­ті ке­зең­де өт­кі­зі­л­ге­ні
Пе­сти­цид­тер (улы хи­ми­кат­тар), био­пре­па­рат­тар және эн­то­мо­фаг­тар өт­кі­зі­л­ген субъ­ек­ті­нің ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңы­на қал­ған қал­дық
бар­лы­ғы
оның ішін­де
им­порт бой­ын­ша
ел­дің ішін­де
М.О.
Басшы ______________________              ________________________
(қолы)                                (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________           ________________________
(қолы)                                (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)
литр

Пе­сти­цид­тің (улы хи­ми­кат­тың), био­пре­па­рат­тың,эн­то­мо­фаг­тың ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы са­ны
Есеп­ті ке­зең­де түс­ке­ні
Есеп­ті ке­зең­де жұм­сал­ға­ны
Өт­кі­зіл­ді (өзге об­лы­стар­ға бе­рі­л­ге­ні)
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
М.О.
Басшы ______________________            ________________________
(қолы)                           (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________         ________________________
(қолы)                         (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)
литр

Пе­сти­цид­тің (улы хи­ми­кат­тың), био­пре­па­рат­тың, эн­то­мо­фаг­тың ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы са­ны
Есеп­ті ке­зең­де түс­ке­ні
Есеп­ті ке­зең­де жі­бе­рі­л­ге­ні
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
М.О.
Басшы ______________________           ________________________
(қолы)                              (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________        ________________________
(қолы)                            (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – жылдық
Кім тапсырады ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылға бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)
дана (бірлік)

Бү­рік­кіш және дә­рі­ле­гіш тех­ни­ка­ның ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы са­ны
Олар­дан жа­рамдысы
Есеп­ті ке­зең­де ке­ліп түс­ке­ні
Есеп­ті ке­зең­де есеп­тен шы­ға­ры­л­ға­ны
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы са­ны
М.О.
Басшы ______________________               ________________________
(қолы)                                  (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________            ________________________
(қолы)                               (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _________________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылғы ___ айына химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Зи­ян­ды ор­га­низ­мнің ата­уы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның (жер­дің) ата­уы
Өң­деу ал­қа­бы, мың га
Орын­да­у­шы­лар­дың ата­уы (олар­ды тар­тқан жағ­дай­да)
Бү­рік­кіш (дә­рі­ле­гіш) тех­ни­ка­ның ата­уы
Пе­сти­цид­тер­дің (улы хи­ми­кат­тар­дың) жұм­сал­ға­ны
тү­рі
мар­ка­сы
са­ны, да­на
ата­уы
литр
М.О.
Басшы ______________________             ________________________
(қолы)                                (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________          ________________________
(қолы)                            (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылғы ___ айына химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсету туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Зи­ян­ды ор­га­низ­мнің ата­уы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның (жер­дің) ата­уы
Өң­деу ал­қа­бы (кө­ле­мі), мың га, мың тон­на
Қыз­мет көр­се­ті­л­ген же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы
Бү­рік­кіш (дә­рі­ле­гіш) тех­ни­ка­ның ата­уы
тү­рі
мар­ка­сы
са­ны, да­на
М.О.
Басшы ______________________            ________________________
(қолы)                                (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________         ________________________
(қолы)                               (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Тый­ым са­лын­ған және жа­рам­сыз пе­сти­цид­тер мен олар­дың ыдыс­ы­ның ата­уы
Тый­ым са­лын­ған және жа­рам­сыз пе­сти­цид­тер мен олар­дың ыдыс­ын кө­му­ге жет­кіз­ген же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы
Са­ны, тон­на
Көм­ген күн
Бун­кер­дің нө­мі­рі, тұр­ған ор­ны
Ыдыс­тың жағ­дайы
Кө­му­дің жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың ті­зі­мі
М.О.
Басшы ______________________             ________________________
(қолы)                             (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________          ________________________
(қолы)                            (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға қойма жайларының бар-жоғы туралы есеп
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың - қой­ма жай­ла­ры ие­ле­рі­нің ата­уы
Тұр­ған ор­ны
Са­ни­тар­лық пас­порт­тың бо­луы, №, бе­рі­л­ген мер­зі­мі мен кү­ні
Қой­ма­лар­дың ала­ңы, шар­шы метр
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қой­ма­лар­дың бар-жо­ғы, да­на
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қой­ма­лар бар-жо­ғы, да­на
Пе­сти­цид­тер­ді (улы хи­ми­кат­тар­ды) сақ­тау ке­зін­де­гі қал­дық, литр
М.О.
Басшы ______________________              ________________________
(қолы)                                (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________           ________________________
(қолы)                             (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ________________________

11 Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібін айқындайды.

2 2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын:

1 1) қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

2 2) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

3 3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар тапсырады.

2 2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібі

3 3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектілері):

1 1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу;

2 2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы;

3 3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау;

4 4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы;

5 5) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын химиялық өңдеулер жүргізу;

6 6) химиялық өңдеу қызметін көрсету;

7 7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму;

8 8) қойма жайларының бар-жоғы бойынша фитосанитариялық есепті жүргізеді.

4 4. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алу нысандары бойынша уәкілетті орган ведомствосының аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық аумақтық инспекциялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар ұсынады.

5 5. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын субъектілер аудандық аумақтық инспекцияға фитосанитариялық есепке алу нысандарын есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:

1

1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;

2 2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;

3 3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;

4

4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың саны туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері, жыл сайын 20 наурызға дейін;

5 5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншік өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;

6 6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;

7

7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көмуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;

8 8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін ұсынады.

6

6. Аудандық аумақтық инспекция фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитарлық есепке алуды жүргізеді, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) ұсынады.

7 7. Аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық аумақтық инспекциясына келесі есептің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:

1 1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;

2 2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;

3 3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;

4 4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті, жыл сайын жылғы 25 наурызға дейін;

5 5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;

6 6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;

7 7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;

8 8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін ұсынады.

8 8. Облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы ұсынылған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді, кейіннен уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

9 9. Облыстық аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын уәкілетті органның ведомствосына мынадай есептердің түрлері бойынша және мерзімдерде:

1 1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;

2 2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;

3 3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;

4 4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті жыл сайын әр жылдың 1 сәуіріне дейін;

5 5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;

6 6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;

7 7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;

8 8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.

10 10. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есепке алу нысандарын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген есеп түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады.

Қолданыстағы