Құжат мәтініне өту

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации жилых и других помещений, общественных зданий"

Қаулы · № 1431 · қабылданған 01.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61839/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации жилых и других помещений, общественных зданий" Күшін жойған Қаулы ·№ 1431 ·01.12.2011
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации жилых и других помещений, общественных зданий"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1431 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации жилых и других помещений, общественных зданий"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1431
Қабылданған күні
01.12.2011
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI61839_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001431
ЭКБ идентификаторы
61839
Редакция идентификаторы
AI61839_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:59

0 "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырылған «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1431 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тұрғын үй ғимараттарына, әкімшілік мақсаттағы ғимараттарға, мәдени-ойын-сауық және спорттық-дене шынықтыру мекемелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1 1) тұрғын үй – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;

2 2) тұрғын емес үй-жай – орта мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсат үшін пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);

3 3) жерүсті қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде жердің жоспарлы белгісінен төмен емес қабаты;

4 4) жертөле қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан астамы жердің жобаланған белгісінен төмен қабат;

5 5) цоколь қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан кемі жердің жобаланған белгісінен төмен қабат;

6 6) шудың рұқсат етілген деңгейі – бұл шуға сезімтал, адамның айтарлықтай мазасыздануын және жүйелер мен анализаторлардың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеруін болдырмайтын фактор деңгейі;

7 7) әкімшілік ғимарат – мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің, оның ішінде кеңселердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыстар;

8 8) мәдени-ойын-сауық мекемелері – конструкциясы мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін бейімделген әртүрлі сәулеттік талғамдағы құрылыстар;

9

9) халықтың жаппай демалыс орындары – қалалар құрылысының бас жоспарларында, аудандық жоспарлау және қала маңындағы аймақты дамыту схемаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды, туризм базаларын, халықтың ұйымдастырылған демалыс орындарын орналастыру аймақтарында бөлінген аумақтар (қалалық жағажайлар, саябақтар, спорттық базалар және олардың ашық құрылыстары).

2 2. Тұрғын үй ғимараттарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

2.1 2.1. Тұрғын үй ғимараттарының учаскесіне және аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3 3. Тұрғын үй ғимаратына іргелес аумақ абаттандырылады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және қоршалады, кіру жолдары мен жаяу жүретін жолдарының қатты жабыны болуы тиіс.

4 4. Қоқысты жинау үшін асфальтталған алаңға орнатылатын металл контейнерлер пайдаланылады.

5 5. Контейнерлер тұрғын үй ғимараттарынан 25 метрден (бұдан әрі - м) жақын емес және 100 м алыс емес қашықтықта орналастырылады. Мұндай контейнерлерге арналған алаң үш жағынан биіктігі 1,5 м қоршаумен қоршалады.

6 6. Жақын жерде орналасқан объектілер мен құрылыстарда санитариялық-қорғаныш аймағы көзделеді.

2.2 2.2. Тұрғын үй ғимараттарын жобалауға және салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

7 7. Тұрғын үй ғимараттарын жобалау және салу осы санитариялық қағидалардың талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

8 8. Құрылыс және әрлеу материалдарына Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.

9 9. Тұрғын үй ғимараттарында пандустар көзделеді.

10 10. Тұрғын үй ғимараттарында шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, сондай-ақ кәріздеу және суағарлар көзделеді.

11 11. Баспалдаққа көтерілу жолы мен алаңында тұтқалары бар қоршаулары, тұрғын үй ғимараттарында қарт және мүгедек адамдар үшін қосымша қабырғалық тұтқалар болады.

12 12. Баспалдақ торлары мен лифт холлдары кез келген мақсаттағы басқа үй-жайлардан және қабатаралық дәліздерден есіктермен бөлектенеді, лифт шахталарын шахталардың сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларының дыбыс оқшаулағышы болған жағдайда, тұрғын бөлмелермен аралас орналастыруға жол беріледі.

13 13. Кіреберістерге кіру есігінің алдындағы едендерде және баспалдақ алаңдарда төменге ойықтар, тайғақ болмауы тиіс.

14 14. Тұрғын үй ғимаратының цоколь қабатында мектепке дейінгі жастағы балалардың аз уақыт болатын топтарына арналған үй-жайларды орналастыруға тыйым салынады.

15 15. Мыналарға:

1 1) тұрғын үй-жайларды цоколь және/немесе жертөле қабаттарда орналастыруға;

2 2) гипсокартондарды пәтераралық қалқалар ретінде орнатуға; мектепке дейінгі жастағы балалардың аз уақыт болатын топтарына арналған үй-жайларды орналастыруға тыйым салынады.

16 16. Тұрғын үй ғимараттарының бірінші, екінші қабаттарында:

1 1) жалпы ауданы 700 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) астам байланыс бөлімшелерін;

2 2) жалпы ауданы 150 м2 астам дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарына арналған объектілерді;

3 3) орын саны 50-ден астам (жатақханадан басқа) қоғамдық тамақтану объектілерін және күніне 500-ден астам түскі ас дайындайтын ас үйлерді;

4 4) ыдыс-аяқты қабылдау пункттерін, сондай-ақ жалпы сауда ауданы 1000 м2 астам болатын дүкендерді;

5 5) пайдалануы тұрғын құрылыс аумағы мен ауасының ластануына әкеп соқтыратын мамандандырылған дүкендерді, құрылыс, химиялық және басқа да тауарларды, оларда жарылғыш заттар мен материалдары болатын дүкендерді, мамандандырылған балық және көкөніс дүкендерін;

6 6) тез тұтанатын заттар қолданылатын тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін (ауданы 250 м2 дейінгі шаштараздарды, нормаланатын ауданы 100 м2 дейінгі сағат жөндеу шеберханаларын қоспағанда);

7 7) нормаланатын ауданы 100 м2 астам тұрмыстық машиналар мен құралдарды жөндеу, аяқ киім жөндеу шеберханаларын;

8 8) моншаларды, сауналарды (инфрақызыл кабиналардан басқа), бассейндерді, кәдеге жарату-шикізаттарын қабылдау пункттерін, кір жуу мен химиялық тазарту орындарын (қабылдау пункттерінен және ауысымда 75 килограмм киім-кешекке дейін өздігінен қызмет көрсететін кір жуу орындарынан басқа);

9 9) жалпы ауданы 100 м2 астам болатын тұрғын үй ғимараттарына телефон жүргізуге арналған автоматты телефон станцияларын;

10 10) қоғамдық дәретханаларды;

11 11) жерлеу бюросын (кеңселерді), жерлеуге қызмет көрсететін бюро-дүкендерді орналастыруға тыйым салынады.

17 17. Жоғарғы қабаттарда суретшілер мен сәулетшілердің шығармашылық шеберханаларын орналастыруға жол беріледі, бұл ретте баспалдақ торының қабатпен қабысуы тамбур арқылы көзделуі тиіс.

18 18. Жертөле үй-жайлары таза ұсталады, құрғақ және жарық болуы тиіс.

2.3 2.3. Тұрғын үй ғимараттарының жылыту және желдету жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

19 19. Тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

20 20. Жылыту радиаторлары жинау үшін жеңіл қолжетімді болуы тиіс.

21 21. Үй-жайлар фрамугалар, терезе желдеткіштері немесе басқа да құрылғылар арқылы желдетумен қамтамасыз етіледі.

22 22. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайларда жылыту және желдету көзделеді.

23 23. Қатты отынмен жанатын қайнату және жылыту пештерін (плиталар) биіктігі екі қабаттан аспайтын пәтерлік тұрғын үй ғимараттарында, жатақханаларда (цоколь қабаты жоқ) орнатуға жол беріледі.

24 24. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың, тұрғын бөлмелердің, асүйлердің табиғи жарығы болуы тиіс.

25 25. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларында және тұрғын үй құрылысының аумағында инфрадыбыстың және төменгі жиіліктегі шудың рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.

26 26. Ауыспалы токтың электр берілуінің ауа желісінен және басқа да объектілерден берілетін тұрғын үй құрылысы аумағындағы өндірістік жиілігі 50 Гц электрлік өрісінің кернеуі жер бетінен 1,8 м биіктікте 1 кВт/м аспауы тиіс.

27 27. Селолық елді мекендерде орталықтанған сумен жабдықтау болмаған жағдайда, орталықтанбаған сумен жабдықтау көзделеді.

28 28. Ауыз сумен және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған сумен жанасатын құбырлар және өзге де жабдық қолданылады.

29 29. Ауыз су құбыры желілерін ауыз су емес сападағы суға келіп түсетін су құбыры желісімен қосуға жол берілмейді.

30 30. Орталықтанған сумен жабдықтауы және кәрізі жоқ аудандарда бір, екі қабатты тұрғын үй ғимараттарын ауладағы дәретханасымен және қазылған шұңқырларымен жобалауға және салуға жол беріледі.

3 3. Әкімшілік мақсаттағы ғимараттарға (бұдан әрі – әкімшілік ғимараттар) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

31 31. Әкімшілік ғимараттар елді мекеннің аумағындағы құрылыс жоспарына сәйкес орналастырылады.

32 32. Әкімшілік ғимараттарда арбалармен қозғалатын адамдарға арналған пандустар көзделеді.

33 33. Әкімшілік ғимаратқа кіреберісте аяқ киімді тазартуға арналған торлар және қоқысқа арналған урналар орнатылады.

34 34. Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін ғимаратқа 25 метрден (бұдан әрі – м) жақын емес және 100 м алыс емес қашықтықта контейнер алаңы көзделеді.

35 35. Әкімшілік ғимараттар жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Ыстық және салқын сумен жабдықтаудың резервтік немесе дербес жүйелері көзделеді.

36 36. Кәріз жүргізілмеген аудандарда ғимаратқа 25 м жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана көзделеді.

37 37. Желдеткіш құрылғылары мен электр қозғалтқыштар шу-дірілден қорғаныш талаптары мен есептеулері ескеріле отырып, орнатылады.

38 38. Жылумен жабдықтау жүйелері қосымша шуды болдырмауы тиіс және ағымдық жөндеу және қызмет көрсету үшін қолжетімді болуы тиіс.

39 39. Әкімшілік ғимараттарда фрамугалар, терезе желдеткіштері көзделеді.

40 40. Әкімшілік ғимараттарда жинау мүкаммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтау үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді.

Жұмыскерлер үшін, жеке және арнайы киімді сақтау үшін демалу және тамақ ішу бөлмелері (орындар), себезгі, дәретхана бөлінеді.

41 41. Инженерлік және технологиялық жабдықты пайдалану кезінде шу деңгейін шекті рұқсат етілген нормалардан арттыруға жол берілмейді.

42 42. Әкімшілік ғимараттардың үй-жайларында (кеңселерінде) жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде жұмыс орнының ауданы, үй-жайды желдету және жарықтандыру жағдайлары есептеледі.

43 43. Үй-жайлардың ауданы бір жұмыскерге 6 м2, кресло-арбаларды пайдаланып жұмыс істейтін мүгедектер үшін тиісінше 5,65 және 7,65 м2 есебімен қабылданады.

Сұйық кристаллдық және плазмалық мониторы бар компьютерлерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнының ауданы кемінде 4,5 м2, электрондық-сәулелік түтік базасындағы мониторымен – кемінде 6 м2 болуы тиіс.
Мониторлары бар жұмыс үстелдердің арасындағы қашықтық (бір монитордың артқы беті мен екіншісінің экраны бағытында) кемінде 2 м болуы тиіс, мониторлардың бүйір беттері арасындағы қашықтығы – кемінде 1,2 м.

44

44. Жұмыс орындарын ірі көлемдегі құрал жабдықпен жарақтандыру және ұжымдық пайдалану жабдықтарын жұмыс үй-жайларында орналастыру кезінде (электронды есептегіш машиналар терминалдарын, микрофильмдер көру аспаптарын және тағы басқалар) үй-жайлардың ауданы жабдықты пайдалануға арналған техникалық құжаттамаға сәйкес кеңейтіледі.

4 4. Мәдени-ойын-сауық және спорттық-сауықтыру мекемелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

45 45. Мәдени-ойын-сауық мекемелерінің көп салалы ғимараттарын төменгі жерүсті және жерасты деңгейлерінде жобалау кезінде келушілердің автотұрақтарын орналастыруға арналған орын көзделеді.

46 46. Үй-жайлардың (кеңселердің) және әкімшілік ғимараттардың аудандарының есептелген нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.

47 47. Спорттық-сауықтыру мекемелері жеке тұрған, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған және жапсарлас салынған үй-жайларға орналастырылады.

48 48. Спорттық-сауықтыру мекемелерінде жеңіл ылғалды өңделетін, шаңнан жеңіл тазартылатын спорт мүкаммалы пайдаланылады.

Былғарыдан жасалғаннан басқа маттардың материалдан тігілген тысы болуы тиіс, олар ластануына байланысты, бірақ аптасына кемінде бір рет жуылуы тиіс.
Жаттығу қапшықтары, тұлып және тасымалданатын спорттық мүкаммал күніне кемінде 1-2 рет ылғал шүберекпен, ал спорттық мүкаммалдың металл бөліктері құрғақ шүберекпен сүртілуі тиіс.

49 49. Жыл бойы жұмыс істейтін спорттық-сауықтыру мекемелерінде тұрғын бөлмелердегі ауа температурасының плюс (бұдан әрі – +) 18-20 градусынан Цельсий (бұдан әрі – 0С) төмен болмауы, вестибюльде, фойеде, холлдарда +16-+18 0С-тан төмен болмауы қамтамасыз етіледі.

82 Тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі

«Тұрғын үйді және басқа
да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі
1-кесте
Р/с

Үй-жай
Жыл­дың сал­қын мез­гі­лін­де­гі ауа­ның есеп­тік тем­пе­ра­ту­ра­сы,0С
Ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі неме­се үй-жай­дан шы­ға­ры­ла­тын ауа­ның кө­ле­мі
Үру
Со­ру
1
2
3
4
5
1
Пәтер­де­гі неме­се жа­тақ­ха­на­да­ғы тұр­ғын бөл­ме
20
Тұр­ғын үй-жай­лар­дың 1 шар­шы мет­ріне (бұ­дан әрі - м2) са­ға­ты­на 3 тек­ше метр (бұ­дан әрі - м3/сағ)
2
Пәтер және жа­тақ­ха­на ас үй­ле­рі, тек­ше элек­тр­лі пли­та­ла­ры­мен
16
-
2-кон­фо­ра­лық пли­та­лар­да ке­мін­де 60 м3/сағ
3
газ пли­та­ла­ры­мен
16
"75" болған­да ке­мін­де 60 м3/сағ 3-кон­фо­ра­лық пли­та­лар " " 90 " " 4-кон­фо­ра­лық пли­та­лар
4
Пәтер­лер­де­гі ки­ім және аяқ ки­ім кеп­ті­ре­тін шкаф
-
-
30 м3/сағ
5
Ван­на
25
-
25 "
6
Же­ке дә­рет­ха­на
18
-
25 "
7
Дә­рет­ха­на мен жуы­на­тын бөл­ме бі­рік­ті­рі­л­ген үй-жай
25
-
50 "
8
Жа­тақ­ха­на­да­ғы ки­ім та­зар­та­тын және үтіктей­тін ки­ім іл­гіш бөл­ме, қол жу­а­тын орын
18
-
1.5
9
Пәтер­лік тұр­ғын үй ғи­ма­ра­тын­да­ғы неме­се жа­тақ­ха­на­да­ғы бас­пал­дақ­тың тор­ла­ры, ве­сти­бюль, ор­тақ дә­ліз, ал­дың­ғы бө­лі­гі
16
-
-
10
Кір жу­а­тын орын
15
Есеп бой­ын­ша, бі­рақ ке­мін­де 4
7
11
Жа­тақ­ха­на­лар­да­ғы ки­ім үтіктей­тін және кеп­ті­ре­тін орын
15
Есеп бой­ын­ша, бі­рақ ке­мін­де 2
3
12
Жа­тақ­ха­на­лар­да­ғы же­ке заттар­ды, спорт­тық құ­рал- жаб­дық­тар­ды сақ­тай­тын және ша­ру­а­шы­лық, ки­ім-ке­шек сақ­тай­тын қой­ма­лар
12
-
0.5
13
Лиф­ті­лер­де­гі ма­ши­на үй-жайы
5
-
Есеп бой­ын­ша, бі­рақ ке­мін­де 0,5
14
Қо­қыс жи­на­ғыш ка­ме­ра
5
-
1 (қо­қыс сал­ғыш дің­ге­гі ар­қы­лы)
Ескертпе:

1 1. Пәтерлердің және жатақханалардың бұрыштық үй-жайларында ауаның есептік температурасы көрсетілген кестеден 20С жоғары қабылдануы тиіс.

2 2. Жылы мезгілде лифтілердің машина үй-жайының ауа температурасы 40 0С аспауы тиіс.

Салыстырмалы ылғалдылық параметрлері және ауа қозғалысының жылдамдығы
2-кесте
Р/с

Жыл мез­гі­лі
Үй-жай­лар ата­уы
Са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық %
Ауа­ның қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы, се­кун­ды­на метр
Қо­лай­лы
Рұқ­сат еті­л­ген ар­тық емес
Қо­лай­лы
ар­тық емес
Рұқ­сат еті­л­ген ар­тық емес
1
2
3
4
5
6
7
1
Суық
Тұр­ғын бөл­ме
45-30
60
0,15
0,2
Дем алу­ға және оқу ғи­ма­рат­та­ры­на ар­нал­ған үй жай­лар
45-30
60
0,15
0,2
Пәте­ра­ра­лық дә­ліз
45-30
60
0,15
0,2
Дә­рет­ха­на
0,15
0,2
Жуы­ну бөл­ме­сі
0,15
0,2
2
Жы­лы
Тұр­ғын бөл­ме
60-30
65
0,2
0,3

85 Тұрғын үй-жайлардағы және қоғамдық ғимараттардағы және тұрғын құрылыс аумағындағы инфрадыбыстың және төмен жиіліктегі шудың рұқсат етілген деңгейлері

«Тұрғын үйді және басқа
да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Тұрғын үй-жайлардағы және қоғамдық ғимараттардағы және тұрғын құрылыс аумағындағы инфрадыбыстың және төмен жиіліктегі шудың рұқсат етілген деңгейлері
Р/с

Үй-жай­лар­дың неме­се аумақ­тар­дың қол­да­ны­лу мақ­са­ты
Тәу­лік мер­зі­мі
Ды­быс қы­сы­мы­ның дең­гейі, дБ
Ор­та­ша гео­мет­ри­я­лық жи­і­лік­пен ок­та­ва­лық бел­де­уде, герц (Гц)
«лин» си­патта­ма­сын­да­ғы ды­быст­ық қы­сым­ның жи­і­лік бой­ын­ша тү­зе­ті­л­ген дең­гейі L, дБ
2
4
8
16
31,5
63
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Ау­ру­ха­на­лар­дың және са­на­то­рий­лер­дің па­ла­та­ла­ры, ау­ру­ха­на­лар­дың опе­ра­ци­я­лық бөл­ме­сі
Тәу­лік бойы
86
81
76
71
66
51
51
2.
Пәтер­лер­дің тұр­ғын бөл­ме­ле­рі, де­ма­лыс үй­ле­рі­нің, пан­си­о­нат­тар­дың, қарт­тар мен мү­ге­дек­тер­ге ар­нал­ған ин­тер­нат-үй­ле­рі­нің тұр­ғын үй-жай­ла­ры, мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар ұй­ым­да­рын­да және мек­теп- ин­тер­нат­тар­да­ғы жа­тын бөл­ме­лер
Тәу­лік бойы
90
85
80
75
70
55
70
3.
Ау­ру­ха­на­лар мен са­на­то­рий­лер­дің ғи­ма­рат­та­ры­на ті­ке­лей ір­ге­лес аумақ­тар
Тәу­лік бойы
90
85
80
75
70
55
70
4.
Ау­ру­ха­на­лар мен са­на­то­рий­лер­дің ау­ма­ғын­да­ғы алаң­дар
Са­ғат 7-ден 23-ке дей­ін
94
89
84
79
74
59
74
5.
Тұр­ғын үй­лер­ге, де­ма­лу үй­ле­ріне, пан­си­о­нат­тар­ға, қарт­тар мен мү­ге­дек­тер­ге ар­нал­ған ин­тер­нат-үй­ле­ріне, де­ма­лу үй­ле­ріне, ем­ха­на­лар­ға, ам­бу­ла­то­ри­я­лар­ға, дис­пан­сер­лер­ге, мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға, мек­теп­тер­ге және бас­қа оқу ұй­ым­да­ры­на, кі­та­п­ха­на­лар­ға ті­ке­лей ір­ге­лес аумақ­тар
Тәу­лік бойы
96
89
86
79
74
59
74
6.
Ша­ғын аудан және тұр­ғын үй­лер топ­та­ры­ның, де­ма­лу үй­ле­рі­нің, пан­си­о­нат­тар­дың, қарт­тар мен мү­ге­дек­тер­ге ар­нал­ған ин­тер­нат-үй­ле­рі­нің де­ма­лыс алаң­да­ры, мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­дың және бас­қа ем­деу ме­ке­ме­ле­рі­нің алаң­да­ры
Са­ғат 7-ден 23-ке дей­ін
102
97
92
87
82
67
82
Жұмыс режимдеріне байланысты медициналық техниканың жеке түрлерінен шығатын шудың рұқсат етілген деңгейі (жабдықтан 1 метр қашықтықтағы шудың сипаттамасы)
2-кесте
Р/с
Бұй­ым­дар­дың ата­уы
Ды­быст­ың рұқ­сат еті­л­ген дең­гейі LA, дБА
Жұ­мыс ре­жи­мі
1
2
3
4
1
Хи­рур­ги­я­лық ап­па­ра­ту­ра, өк­пе­ні, нар­коз­дық-ты­ныс алу­ды жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ту­ра­сы
45
Үз­дік­сіз
2
Зерт­ха­на­лық жаб­дық (кли­ни­ка­лық, био­хи­ми­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық және бас­қа да зерт­те­улер үшін)
50
Үз­дік­сіз
3
Сте­риль­деу-дез­ин­фек­ци­я­лау жабды­ғы
55
Үз­дік­сіз
4
Фи­зио­те­ра­пев­ти­ка­лық, рент­ге­но­ло­ги­я­лық жаб­дық, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған ас­пап, осы­ған ұқсас жаб­дық
50
қай­та­ла­ма
қы­сқа уа­қыт
5
Сто­ма­то­ло­ги­я­лық және зерт­ха­на­лық жаб­дық (цен­три­фу­га, тер­мо­стат­тар, осы­ған ұқсас құ­рал-жаб­дық)
55
қай­та­ла­ма
қы­сқа уа­қыт
6
Жу­ғыш жаб­дық
60
қай­та­ла­ма
қы­сқа уа­қыт

86 Әкімшілік ғимараттар үй-жайлары (кеңселер) ауданының есептік нормативтері

«Тұрғын үйді және басқа
да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік ғимараттар үй-жайлары (кеңселер) ауданының есептік нормативтері
1-кесте
Р/с

Үй-жай­лар­дың қол­да­ны­лу мақ­са­ты
Ме­ке­ме­де­гі қыз­мет­ші­лер са­ны­на бай­ла­ны­сты аудан кө­ле­мі, м2, адам са­ны
100-300
300-600
600-1000
1000-нан жо­ға­ры
1
2
3
4
5
6
1
Ме­ке­ме бас­шы­сы­ның ка­би­не­ті
27-36
36-45
45-54
54
2
Бас­шы­ның бі­рін­ші орын­ба­са­ры­ның ка­би­не­ті
18-24
24-36
24-36
36-45
3
Бас­шы­ның орын­ба­са­ры­ның ка­би­не­ті
12-18
18-24
18-24
18-36
4
Бас­шы­ның кө­мек­ші­сі­нің ка­би­не­ті (ре­фе­рент)
12
12
12
12-18
5
Ме­ке­ме бас­шы­сы­ның қа­был­дау бөл­ме­сі
12
18
24
36
6
Бас­шы орын­ба­са­ры­ның қа­был­дау бө­лі­мі
12
12
18
24
Ес­керт­пе: бас­шы­ның және оның орын­ба­са­ры­ның ка­би­нет­те­рі­нің жа­нын­да ор­тақ қа­был­дау бө­лі­мін ор­на­ла­сты­ру­ға жол бе­рі­ле­ді
Кабинеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қабылдау бөлмелерінің алаңы
2-кесте
Р/с

Үй-жай­лар­дың қол­да­ны­лу мақ­са­ты
Қыз­мет­ші­лер са­ны 1 адам болған­да­ғы аудан, м2
1
2
3
4
5
6
1
Бас­қар­ма ба­стығы
18 (24)
24(36)
36(54)
Жақ­ша ішін­де жұ­мыс­шы­лар са­ны 500 адам­нан жо­ға­ры болған кез­де­гі ғи­ма­рат­тар мен ме­ке­ме­лер­де­гі ка­би­нет­тер ауда­ны
2
Ба­стық орын­ба­са­ры
12(18)
18(24)
24(36)
3
Қа­был­дау бөл­ме­сі
12(18)
12(18)
18(24)
4
Қыз­мет­ші­лер са­ны, адам
Бө­лім­де­гі қыз­мет­ші­лер са­ны 5-ке дей­ін болған жағ­дай­да ба­стық­тың жұ­мыс ор­ны бө­лім үй-жай­ын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­ды
5-10
10-20
20-дан жо­ға­ры
5
Бө­лім, зерт­ха­на, есеп­тік ор­та­лық ба­стығы және т.б.
9
12
18
Үй-жайлардың ұсынылған есептік нормативтері: жұмысшылардың, жиналыс үй-жайларының, ақпараттық-техникалық қолданылу мақсаттағы, кіреберіс топтағы үй-жайлар және санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету
3-кесте
Р/с

Үй-жай­лар­дың қол­да­ны­лу мақ­са­ты
Есеп­тік бір­лік неме­се аудан­ды есеп­теу прин­ци­пі
Есеп­тік бір­лік­ке аудан, м2
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
Жұ­мыс үй-жай­ла­ры және жи­на­лы­стар­ға ар­нал­ған үй-жай­лар
1
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің жұ­мыс үй-жай­ла­ры
Бір жұ­мыс ор­ны­на:
Ар­найы үстел­дер­ді қа­жет ете­тін тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­мен жұ­мыс орын­да­рын жаб­дық­тау ке­зін­де, олар­дың ауда­ны­ның нор­ма­тив­те­рі оның іс­ке қо­су тех­ни­ка­лық шар­тта­ры­на сәй­кес жо­ға­ры­лай­ды
бө­лім бас­шы­сы, бас ма­ман, бас бух­гал­тер
9,0
2
бө­лім бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры (бас бух­гал­тер), бас ин­спек­тор және т.б.
7,5
3
ин­же­нер, эко­но­мист, бух­гал­тер, ин­спек­тор
6,5
4
ма­ши­нист­ка­лар, іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші­лер
5,0
5
ке­лу­ші­лер­ді же­ке қа­был­дау жүр­гі­зе­тін қыз­мет­кер (заң­гер­лер, әкім­ші­лер, әле­умет­тік қор­ғау ор­ган­да­ры­ның жұ­мыс­кер­ле­рі және т.б.)
9,0 (12,0)
Жақ­ша­ның ішін­де әр қыз­мет­кер­дің же­ке бөл­ме­сі­нің ауда­ны көр­се­ті­л­ген. Құ­жат­тар­ды жұ­мыс бөл­ме­ле­рін­де сақ­та­ған жағ­дай­да бір қыз­мет­кер­ге 0,3 м2есе­бі­нен жап­сар­лас шкаф­тар құ­ру­ға жол бе­рі­ле­ді
6
Ма­кет ше­бер­ха­на­сы
Бір ма­кет­ші­ге
12
Жо­ба­лау ин­сти­тут­та­рын­да тап­сыр­ма­ға сәй­кес
7
Жи­на­лыс за­лы
Зал­да­ғы бір орын
0,9
Ин­же­нер-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­кер­лер 300 адам­нан жо­ға­ры болған­да зал жұ­мыс­кер­лер­дің 30 %-не есеп­те­ле­ді
8
Жи­на­лыс за­лы жа­нын­да­ғы ку­лу­ар­лар
Зал­да­ғы бір орын
0,3
Ку­лу­ар­лар ауда­ны­на жи­на­лыс за­лы­на жап­сар­лас дә­л­із­дің ауда­ны қо­сы­ла­ды
9
Жи­на­лы­стар­ға ар­нал­ған үй-жай (бас­шы­лар ка­би­нет­те­рі­нің бі­рі)
Бір орын
0,8
Ин­же­нер-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­шы­лар 300-ге дей­ін­гі ме­ке­ме­лер­де
10
Мә­жі­ліс за­лы (эст­ра­да­сыз)
Пю­питр­мен бір орын
0,8
Қыз­мет­кер­лер са­ны 200 адам­нан жо­ға­ры болған­да қа­рас­ты­ры­ла­ды
Сон­дай, пю­питр­сіз
0,7
Орын са­ны - қыз­мет­кер­лер­дің 50 %, бі­рақ 800-ден ар­тық емес
11
Мә­жі­ліс за­лы жа­нын­да­ғы ку­лу­ар­лар неме­се фойе
Мә­жі­ліс за­лын­да­ғы бір орын
0,3
0,6
12
Мә­жі­ліс за­лы жа­нын­да­ғы ки­но ап­па­рат жайы
Жо­ба­ла­у­ға тап­сы­рыс бой­ын­ша
13
Пре­зи­ди­у­м­ға ар­нал­ған үй жай
350 орын­ға дей­ін­гі за­л­ға
12
сон­дай 350 орын­нан жо­ға­ры
18
14
Жи­һаз­ға және құ­рал-жаб­дық­тар­ға ар­нал­ған үй-жай
Мә­жі­ліс за­лын­да­ғы бір орын
0,03
ке­мін­де 8 м2
15
Те­ме­кі ше­ге­тін
Сон­дай
0,06
500 орын­нан жо­ға­ры зал­дар үшін
16
Мә­жі­ліс зал эст­ра­да­сы
Те­рең­дік, м, зал­да­ғы орын са­ны:
17
350-ге дей­ін
5
18
350-ден-500-ге дей­ін
7
19
500-ден жо­ға­ры
9
Ақ­па­рат­тық-тех­ни­ка­лық мақ­сат­та­ғы үй-жай­лар
20
Бар­лық ақ­па­рат қа­ға­з­да ор­на­лас­қан тех­ни­ка­лық кі­та­п­ха­на, оның ішін­де
21
Оқу за­лы
Бір орын
2,7(3)
Жақ­ша­да ҒЗИ-ға ар­нал­ған нор­ма­тив­тер кел­ті­рі­л­ген
22
Кі­тап қой­ма­сы
сақ­тау 1000 бір­лі­гі
2,5(2,7)
23
Қыз­мет бөл­ме­сі
Бір жұ­мыс ор­ны
4
24
Әде­би­ет­тер­ді қа­был­дау және бе­ру ай­ма­ғы
Бұл да
5
Тех­ни­ка­лық кі­та­п­ха­на жал­пы ауда­ны 90 м2 ас­қан жағ­дай­да көр­се­ті­л­ген бөл­ме­лер және жос­пар­лы ай­мақ­тар бір бөл­ме­ге бі­рі­ге­ді
Ка­та­лог және жа­ңа тү­сі­рі­лім­дер көр­ме­сі ай­ма­ғы
сақ­тау 1000 бір­лі­гі
0,6
25
Мұ­ра­ғат, со­ның ішін­де
Жақ­ша­да ғы­лы­ми зерт­теу ин­сти­ту­ты­на ар­нал­ған нор­ма­тив­тер кел­ті­рі­л­ген
26
Оқу за­лы
Бір орын
2,7(3)
27
Жұ­мыс үй-жайы
Бір жұ­мыс ор­ны
4(6)
Егер жо­ба­ла­у­ға тап­сы­рыс бой­ын­ша өзге­ше қа­рас­ты­рыл­ма­са, ауда­ны 54 м2 ас­пай­тын мұ­ра­ғат бір бөл­ме­де ор­на­ла­са­ды.
28
Есеп­те­уіш тех­ни­ка бө­лім­ше­ле­рі үй- жай­ла­ры, оның ішін­де:
Жо­ба­ла­у­ға тап­сы­рыс бой­ын­ша
29
Өн­ді­рі­стік –дис­пет­чер­лік бю­ро
Жұ­мыс ор­ны
4,5
30
Бағ­дар­ла­мау бю­ро­сы
Жұ­мыс ор­ны
4,5
31
ЕО бас­шы­сы­ның үй-жайы
ЕО-да­ғы жұ­мыс­шы­лар са­ны: 20 адам­ға дей­ін
12
32
20 адам­нан ар­тық
18
33
Экс­пе­ди­ция
Бір жұ­мыс ор­ны
6
12 м2 ке­мін­де Бас­қар­ма ме­ке­ме­ле­рін­де құ­жат ай­на­лы­мы жы­лы­на 30 мың құ­жат­тан көп болған­да, жо­ба­лау-құ­ры­лыс ме­ке­ме­ле­рін­де қыз­мет­кер­лер са­ны 1000 адам­нан жо­ға­ры болған жағ­дай­да - 24 м2 кем емес
34
Кө­шір­ме–кө­бейт­кіш қыз­мет, со­ны­мен қа­тар:
тап­сы­ры­стар­ды қа­был­дай­тын және бе­ре­тін үй-жай
Бір жұ­мыс ор­ны
6
35
АТС, ра­дио­то­рап
Жо­ба­ла­у­ға тап­сы­рыс бой­ын­ша
36
Те­ле­тайп үй-жайы
Жұ­мыс ор­ны
4,5
Үй-жай­лар­дың кі­ре­бе­ріс то­бы
37
Ве­сти­бюль
Бір қыз­мет­кер­ге
0,2
Сырт ки­ім ше­ше­тін орын­ды есеп­ке ал­ма­ған­да ке­мін­де 18м2
38
0,25
Сол­тү­стік құ­ры­лыс- кли­мат­тық ай­мақ­та
39
Ве­сти­бюль жа­нын­да­ғы сырт ки­ім ше­ше­тін орын
Ки­ім іл­гіш­тің бір іл­ме­гіне
0,1
Бас­қар­ма­лар ғи­ма­рат­та­рын­да іл­мек­тер са­ны мы­на­дай есеп бой­ын­ша құ­ры­ла­ды: қыз­мет­кер­лер са­ны плюс 10-20 %-ке­ліп ке­ту­ші­лер үшін, қо­су 80 % мә­жі­ліс за­лын­да­ғы орын­дар са­ны, егер жа­нын­да ар­найы сырт ки­ім ше­ше­тін ар­найы орын бол­ма­са. Егер жұ­мыс бөл­ме­ле­рін­де сырт ки­ім­ге ар­нал­ған ар­найы жи­һаз бол­са, іл­мек­тер са­ны тек ке­лу­ші­лер­ге ға­на есеп­те­ле­ді
40
Мә­жі­ліс за­лы жа­нын­да­ғы сырт ки­ім ше­ше­тін орын
Бұл да
0,1
Іл­мек са­ны зал­да­ғы орын са­ны­на тең
41
Аван­ве­сти­бюль
12 м2 және 0,05 м2 әр­бір қыз­мет­ші­ге қо­сым­ша
Өт­кі­зу тәр­ті­бі ке­зін­де
42
Кү­зет бе­ке­ті
Бір кү­зет­ші ор­ны­на
3
43
Өт­кі­зу бю­ро­сы
Бір жұ­мыс ор­ны­на
4,5
Өт­кі­зу тәр­ті­бі ке­зін­де
44
Өт­кі­зу бю­ро­сы жа­нын­да­ғы кү­ту үй-жайы неме­се ай­ма­ғы
Бір те­ре­зе­ге
6
Те­ре­зе­лер са­ны (жұ­мыс ор­ны) жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бой­ын­ша анық­та­ла­ды
45
Қа­уіп­сіз­дік және кү­зет қыз­ме­ті үй жайы
Же­ке тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­мен бел­гі­ле­не­ді
46
Анық­та­ма- ақ­па­рат­тық қыз­мет үй-жайы
Бір үй жай
12
Ве­сти­бюль жа­нын­да
47
Ке­лу­ші­лер­дің кү­ту үй-жайы
Бір адам­ға
1,5 м2 ке­ліп ке­ту­ші­лер 20 адам­ға дей­ін бол­са және 1 м2 қал­ған әр ке­ліп ке­ту­ші­ге
Кү­ту бөл­ме­ле­рін қа­был­дау жү­ріп жа­тқан бөл­ме­лер­мен жа­на­сқан холл­дар­мен және дә­л­із­дер­мен бі­рік­ті­ру­ге бо­ла­ды
Са­ни­та­ри­я­лық-тұр­мыстық үй-жай­лар
48
Та­мақ­та­на­тын үй-жай
бір қыз­мет­кер
0,8 - 1
Қыз­мет­кер­лер са­ны 50-ге дей­ін және 10-нан аз болған­да - жұ­мыс бөл­ме­сін­де 6 м2 қо­сым­ша аудан
49
Бу­фет
Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру орын­да­рын жо­ба­лау нор­ма­тив­тік-әді­сте­ме­лік құ­жат­та­ры­на сәй­кес
Қыз­мет­кер­лер са­ны 50-250 адам болған­да
50
Ас­ха­на
Бұл да
Қыз­мет­кер­лер са­ны 250 адам­нан жо­ға­ры болған­да
51
Қыз­мет көр­се­те­тін және іс­ке қо­са­тын қыз­мет­ші­лер­дің үй және жұ­мыс ки­і­мі тұ­ра­тын үй-жай
1 адам
1,4
52
Қыз­мет көр­се­те­тін және іс­ке қо­са­тын қыз­мет­кер­лер­дің де­ма­лу үй-жайы
1 адам
0,3
9 м2 кем емес
53
Ме­ди­ци­на­лық пункт
Сан­дық ті­зім бой­ын­ша:
50 – 150
12
151-300
18
54
Дә­рі­гер­лік ден­са­улық пунк­ті
Жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бой­ын­ша
Қыз­мет­кер­лер са­ны 300 адам­нан ар­тық бол­ма­ған жағ­дай­да
55
Қыз­мет­кер­лер дә­рет­ха­на­сы
45 ер адам­ға және 30 әй­ел­ге 1 уни­таз
45 ер адам­ға 1 пис­су­ар
40 ер адам­ға және 27 әй­ел­ге 1 қол жу­ғыш
56
Әй­ел­дер­дің же­ке бас ги­ги­е­на­сы үй- жайы
75 әй­ел­ге 1 қон­дыр­ғы
Дә­рет­ха­на­лар­да ор­на­ла­стыр­ған жағ­дай­да
57
Те­ме­кі ше­ге­тін
1 қыз­мет­кер
0,02
Ке­мін­де 8 м2. Қыз­мет­кер­лер са­ны 200 адам­нан ар­тық болған жағ­дай­да құ­ры­ла­ды
58
Жуып-жи­нау құ­рал-жаб­дық­тар үй жайы
100 м2 қа­бат­қа неме­се 1000 м2 ғи­ма­рат ауда­ны­на
0,8
Қа­бат ауда­ны 400 м2 кем бол­ма­ған жағ­дай­да - екі шек­тес қа­бат­қа бір үй жай
59
Сау­на
Жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бой­ын­ша
Атал­ған құ­жат­тың 6-шы бө­лі­мі­нің та­лап­та­рын ес­ке­ре оты­рып
60
Пси­хо­ло­ги­я­лық де­ма­лу неме­се де­ма­лу үй-жайы
Бұл да
61
Бел­сен­ді де­ма­лыс, оның ішін­де спорт­қа ар­нал­ған үй-жай­лар
Мекемелер ғимараттарындағы техникалық қызмет көрсету үй-жайларының ауданы
4-кесте
Р/с

Ата­уы
Аудан, м2 қыз­мет­кер­лер са­ны­на бай­ла­ны­сты
Ес­керт­пе
100-ге дей­ін
100 – 200
200 - 500
500 –ден астам
1
2
3
4
5
6
7
1
Жөн­деу ше­бер­ха­на­сы
-
-
36
54
Бас­қар­ма ме­ке­ме­ле­рін­де, әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар­да
2
Ме­ха­ни­ка­лық ше­бер­ха­на
-
-
-
54
Жо­ба­лау-құ­ры­лыс ме­ке­ме­ле­рін­де
3
Бал­та­шы ше­бер­ха­на­сы
-
-
-
Жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бой­ын­ша
4
Кең­се бұй­ым­да­ры­ның қой­ма­сы
12
12
18
24
Қыз­мет­кер­лер са­ны 100 адам­нан тө­мен болған­да қой­ма­лар бір бөл­ме­де ор­на­ла­са­ды
5
Құ­рал-жаб­дық­тар мен мү­кам­мал­ды сақ­тау қой­ма­сы
12
12
18
24
6
Ма­ку­ла­ту­ра­лар­ды орау және өң­деу үй-жайы
-
-
-
24
Бас­қар­ма ме­ке­ме­ле­рін­де
7
Жо­ба­лау объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша көр­не­кі ма­те­ри­ал­дар­ды, мо­дель­дер­ді және мү­сін­дер­ді сақ­тау қой­ма­сы
Жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бой­ын­ша, бі­рақ 6-дан кем емес
Жо­ба­лау-құ­ры­лыс ме­ке­ме­ле­рін­де, сәу­лет ше­бер­ха­на­ла­рын­да
5-кесте
Р/с

Үй-жай­лар ата­уы
Жай­лық дең­гей­ін­де кө­ру за­лын­да­ғы 1 орын­ға бөл­ме ауда­ны
Ес­керт­пе
1
2
3
1
2
3
4
5
6
1
Кас­са­лық ве­сти­бюль
0,06
0,05
0,05
Рұқ­сат еті­л­ген бі­рі­гу
2
Кі­ру ве­сти­бюлі
0,15
0,10
0,10
3
Үле­сті­ру ве­сти­бюлі
0,35
0,30
0,25
4
Ки­ім іле­тін орын
0,12
0,10
0,10
5
Сө­мке­лер мен порт­фель­дер­ді сақ­тай­тын жүк сақ­тау ка­ме­ра­сы 2
0,06
0,05
0,04
Ки­ім іле­тін оры­н­мен қа­тар ор­на­ла­са­ды
6
Қыз­мет көр­се­ту бю­ро­сы
0,03
0,03
-
Кі­ру неме­се үле­сті­ру ве­сти­бюль­де­рі­мен қа­тар ор­на­ла­сты­ру ұсы­ны­ла­ды
7
Са­ни­та­ри­я­лық то­рап­тар
0,20
0,15
0,10
6-кесте
Р/с

Үй-жай­лар ата­уы
Жай­лық дең­гей­ін­де кө­ру за­лын­да­ғы 1 орын­ға үй-жай ауда­ны
Ес­керт­пе­лер
1
2
3
1
2
3
4
5
6
1
Фойе, ку­лу­ар­лар, қо­нақ жай­лар
1,50
1,00
0,80
Ку­лу­ар­лар ені 2,4 м кем емес
Еден ыл­диы 1:12 кем емес
2
Те­ме­кі ше­ге­тін
0,10
0,08
0,06
3
Фой­е­де­гі қой­ма
0,03
0,03
0,03
4
Бу­фет
0,50
0,40
0,30
Медициналық-қалыпқа келтіру орталығының үй-жайлары мен ұсынылатын ауданының құрамы
7-кесте
Р/с

Үй-жай­лар­дың ата­уы:
Аудан (шар­шы м)
1
2
3
1
Дә­рі­гер бөл­ме­сі*
14-16
2
Кү­ту бөл­ме­сі
9-12
3
Ем-ша­ра бөл­ме­сі*
12
4
Элек­трос­әу­ле­мен ем­деу бөл­ме­сі*
7-8 бір ке­ре­ует­ке
5
Тө­се­ніш­тер­ді өң­деу бөл­ме­сі
8
6
Ре­флек­со­те­ра­пия бөл­ме­сі*
7-8 бір ем-ша­ра ор­ны­на
7
Ме­ха­но­те­ра­пия бөл­ме­сі*
56
8
Фи­зи­ка­лық жүк­те­ме­мен тест өт­кі­зу
20
9
Аз топ­тық және же­ке са­бақ­тар­ға ар­нал­ған ем­дік дене шы­нық­ты­ру бөл­ме­сі*
36-56
- құ­рал-жаб­дық­тар қой­ма­сы­мен
6-9
10
Пси­хо­ло­ги­я­лық де­ма­лу бөл­ме­сі*
18-25
11
Се­без­гі за­лы:
5 се­без­гі қон­дыр­ғы­сы­на мін­бе*
25-30
зал­да­ғы киіп-ше­ші­ну ор­ны*
12-14
мін­бе сор­ғы­сы
18
12
Су асты уқа­лау се­без­гі­сі:
жуы­ну бөл­ме­сі*
20-22 бір ем-ша­ра ор­ны­на
киіп ше­ші­ну ка­би­на­сы*
4,0 бір ем-ша­ра ор­ны­на
13
Дә­рет­ха­на­лар:
Кә­дім­гі
6
та­я­на­тын мү­ге­дік­тер­ге ар­нал­ған бі­рік­ті­рі­л­ген*
4-5
14
Қыз­мет көр­се­ту­ші пер­со­нал бөл­ме­сі
12-15
15
Лас ки­ім-ке­шек­ке және жи­нау мү­кам­ма­лы­на ар­нал­ған бөл­ме
4
* Үй-жай­лар­дың ала­ңы ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын мү­ге­дек­тер­дің пай­да­ла­нуын ес­ке­ре оты­рып бе­рі­ле­ді.
Ес­керт­пе: элек­трос­әу­ле­мен ем­деу ка­би­не­т­ін­де­гі ке­ре­ует са­ны, ре­флек­со­те­ра­пия, су асты се­без­гі­сі, сы­лау ка­би­нет­те­рін­де­гі ем ша­ра ор­ны жо­ба­ла­у­ға тап­сыр­ма бе­рі­л­ген кез­де ай­қын­да­ла­ды.

Қолданыстағы