Құжат мәтініне өту

О предоставлении помещений на договорной основе и определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Актау для встреч кандидатов с избирателями

Қаулы · № 1510 · қабылданған 25.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61866/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О предоставлении помещений на договорной основе и определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Актау для встреч кандидатов с избирателями Күшін жойған Қаулы ·№ 1510 ·25.11.2011
11.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении помещений на договорной основе и определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Актау для встреч кандидатов с избирателями

Күшін жойған Қаулы ·№ 1510 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении помещений на договорной основе и определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Актау для встреч кандидатов с избирателями
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласы аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1510
Қабылданған күні
25.11.2011
Көрсетілген редакция
11.12.2017 61866_267088.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11MA000167
ЭКБ идентификаторы
61866
Редакция идентификаторы
61866_267088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:03

0 Ақтау қаласы аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтау қаласы бойынша барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайлар тізбесі 1 қосымшаға сәйкес берілсін.

2 2. Кандидаттардың Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 205 «Ақтау қаласы аумағында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй - жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-150 болып тіркелген, 2011 жылғы 02 наурыздағы № 9 «Ақтау ақпарат» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ақтау қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 1510 қаулысына
1 қосымша
Ақтау қаласы бойынша барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру тізбесі
Қала мен елді мекендердің атауы
Кездесулер өтетін орындар
Ақтау қаласы
1. «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешені, 2. «Астана» алаңы
3. М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы
4. И. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры,
5. Маңғыстау облыстық «Жастар» орталығы

7 Ақтау қаласы әкімдігінің

25 қараша 2011 жылғы
№ 1510 қаулысына
2 қосымша
Кандидаттардың Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындардың тізбесі
Қала және елді мекеннің атауы
Орналасу орны
Ақтау қаласы
14 шағын аудан, «Астана» сауда орталығы жанында орналасқан билборд конструкциясы (№ 27 тақта)
14 шағын аудан, 19-үйге қарама-қарсы (№ 18 тақта)
5 шағын аудан, Ж. Мыңбаев ескерткішіне қарама-қарсы (№ 20 тақта)
4 шағын аудан, «Рибок» дүкенінің жаны (№ 29 тақта)
7 шағын аудан, қалалық емханаға қарама-қарсы аялдаманың жаны (№ 22 тақта)
7 шағын аудан, 12-үйге қарама-қарсы (№ 21 тақта)
11 шағын аудан, «Ынтымақ» алаңы, «Звезда Актау» бизнес орталығына қарама-қарсы (№ 36 тақта)
14 шағын аудан, «Қазақтелеком» ғимаратының жаны (№ 5 тақта)
13 шағын аудан, «Тамшалы» үйіне қарама-қарсы (№ 56 тақта)
27 шағын аудан, мешітке қарама-қарсы (№ 72 тақта)
26 шағын аудан, «Достық» сауда орталығының алдында (№ 46 тақта)
12 шағын аудан, «Ақтау» сауда ойын-сауық кешенінің алдында (№ 40 тақта)
30 шағын аудан, Сары базарға қарама-қарсы (№ 52 тақта)
«Асар-С» базары, «Айби» жанар-жағармай станциясына қарама-қарсы (№ 13 тақта)
8 шағын аудан, 8-үй, «Тұрмыс үйі» ғимаратына қарама-қарсы (№ 7 тақта)
1 шағын аудан, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы ғимаратының алдында (1 тумба)
Маңғыстау гуманитарлық колледжі жанындағы аялдама (1 тумба)
8 шағын аудан, 20-үйдің жанындағы аялдама (1 тумба)
8 шағын аудан, «Каспий құрылыс басқармасы» ғимаратының жанында (1 тумба)
8 шағын аудан «Біраңғай есептеу орталығы» ғимаратының жанында (1 тумба)
11 шағын аудан, «Юность» сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)
26 шағын аудан, «Достық» сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)
12 шағын аудан, «Жас қанат» спорт кешенінің жаны (1 тумба)
5 шағын аудан, облыстық филармония ғимаратының жанында (1 тумба)
Әуежай жолы (№ 28 тақта)
Әуежай жолы (№ 26 тақта)
«Достық» сауда орталығына қарама-қарсы (№ 13-200-027-206 тақта)
11 шағын аудан, 22-үйдің алды (№ 13-200-011-268 тақта)
8 шағын аудан, Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрдың алды (№ 13-200-008-232 тақта)
8 шағын аудан, «Қазақ ғылыми зерттеу және мұнай мен газ жобалау институты» ғимаратының алды (№ 13-200-008-229 тақта)
1 шағын аудан, «Тойота орталығы» жанында (№ 17 тақта)
Өмірзақ селосы
Монтаждық басқарма-3, «Рауан» және «Приморский», Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 орталық көшелеріндегі аялдамалар

Қолданыстағы