Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями
- Атауы (қаз.)
- Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 544
- Қабылданған күні
- 07.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2015 AI61901_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UB000119
- ЭКБ идентификаторы
- 61901
- Редакция идентификаторы
- AI61901_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:56
0 Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды
және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Арыс қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), Арыс қаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Арыс қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________________ Ағыбаев Талғат Құдайбергенұлы
7 желтоқсан 2011 жыл
6 Арыс қаласы әкімдігінің
7 желтоқсан 2011 жылғы
№ 544 қаулысына 1-қосымша
Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
р/с
Қала, ауылдық округтер атауы
Белгіленген орындар
Түрі
1
Арыс қаласы
Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысы
тақта
Төле би және Майлы қожа көшелерінің қиылысы
тақта
Ергөбек көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алды
тақта
2
Ақдала ауылдық округі
Ақдала ауылының Амангелді көшесінің Арыс-Дермене тасжолымен қиылысы
тақта
3
Байырқұм ауылдық округі
Байырқұм ауылының Жұмабеков көшесіндегі аялдамасының жаны
тақта
4
Дермене ауылдық округі
Дермене ауылының кіре берісіндегі аялдаманың жаны
тақта
5
Жиделі ауылдық округі
Жиделі ауылының орталық көшесі
тақта
6
Задария ауылдық округі
Задария ауылының Б.Шүкірбеков және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысы
тақта
7
Монтайтас ауылдық округі
Монтайтас ауылының Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысы
тақта
7 Арыс қаласы әкімдігінің
7 желтоқсан 2011 жылғы
№ 544 қаулысына 2-қосымша
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі
р/с
Қала, ауылдық округтер атауы
Өткізілетін орны
Мекен жайы
1
Арыс қаласы
«Теміржолсу-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залы
Привокзальная көшесі
2
Байырқұм ауылдық округі
Ауылдық клуб
Тұрғынбаев көшесі
3
Дермене ауылдық округі
Ауылдық клуб
С.Сейфуллин көшесі
4
Жиделі ауылдық округі
Ауылдық клуб
Нартай көшесі
5
Монтайтас ауылдық округі
Ауылдық клуб
Б.Онтаев көшесі