О предоставлении помещений для встреч с избирателями, определении мест для размещения агитационных печатных материалов в период избирательных кампаний
Күшін жойған
Қаулы
·№ 49/14
·
24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении помещений для встреч с избирателями, определении мест для размещения агитационных печатных материалов в период избирательных кампаний
- Атауы (қаз.)
- Сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49/14
- Қабылданған күні
- 08.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2016 61933_173853.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KC000130
- ЭКБ идентификаторы
- 61933
- Редакция идентификаторы
- 61933_173853
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:54
0 Сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға 2-қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
N 49/14 қаулысына
1-қосымша
Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар тізімі
1 1. Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 136 мекенжайдағы "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы.
2 2. Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5 мекенжайдағы Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы.
8 Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
N 49/14 қаулысына
2-қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары