Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи
- Атауы (қаз.)
- Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1472
- Қабылданған күні
- 06.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI61973_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001472
- ЭКБ идентификаторы
- 61973
- Редакция идентификаторы
- AI61973_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:57
0 Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1472 қаулысымен
бекітілген
Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
2 2) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
3 3) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету.
3 3. Стационарды алмастыратын көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде, оның ішінде республикалық бюджет қаражатының есебінен ұсынылатын медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен көрсетілетін стационарды алмастыратын көмектің емделіп шыққан жағдайларының (көлемдерінің) жоспарланған санын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі айқындайды.
4 4. Күндізгі стационарлардағы стационарды алмастыратын көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, үйдегі стационарларда - бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар ұсынады.
5 5. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында ұсынылады.
6 6. ТМККК тізбесіне кірмейтін стационарды алмастыратын көмек көрсету қызметтері ақылы негізде көрсетіледі.
2 2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі
7
7. Стационарды алмастыратын көмек жоспарлы және шұғыл түрде көрсетіледі. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек көрсету пациентте күндізгі стационарда емделуге жолдамасы, зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері және осы пациентті емдеу үшін қажетті бейінді мамандардың консультациялары болған кезде жүзеге асырылады. Шұғыл стационарды алмастыратын көмек жолдамасыз көрсетіледі.
8 8. Пациент:
1 1) күндізгі стационарға түскен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен № 003-3/е нысаны бойынша күндізгі стационардағы науқастың картасы;
2 2) үйдегі стационарға түскен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен № 003-2/е нысаны бойынша үйдегі стационардағы науқастың картасы толтырылады.
9 9. Пациент туралы мәліметтер бастапқы медициналық есепке алу құжаттамасында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен № 001-1/е нысаны бойынша күндізгі стационардағы науқастың есепке алу журналында;
2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен № 001-2/е нысаны бойынша үйдегі стационардағы науқастың есепке алу журналында тіркеледі.
10
10. Стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кезде күндізгі стационардың және үйдегі стационардың жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері пациентті күн сайын қарайды, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді және бейінді мамандардың консультациясын алуды тағайындайды.