О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49/3
- Қабылданған күні
- 11.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2015 AI61978_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LA000197
- ЭКБ идентификаторы
- 61978
- Редакция идентификаторы
- AI61978_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:12
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Салық кодексінің 378, 379, 381 және 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде жоғарылатып бекітілсін.
2
2. Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы N 13/13 "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 31 желтоқсанында 10-1-105 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 4-5 (598-599) және "Кызылорда таймс" газетінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 3 (950) санды шығарылымдарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күзтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІХ
сессиясының төрағасы
М. КӘРІМБАЕВ
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
КЕЛІСІЛДІ
Қызылорда қаласы бойынша
салық басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
__________________Қ. Әбдреев
"___"_______________2011 жыл