Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации

Қаулы · № 1463 · қабылданған 05.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62023/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации Күшін жойған Қаулы ·№ 1463 ·05.12.2011
07.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации

Күшін жойған Қаулы ·№ 1463 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации
Атауы (қаз.)
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1463
Қабылданған күні
05.12.2011
Көрсетілген редакция
07.08.2015 AI62023_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001463
ЭКБ идентификаторы
62023
Редакция идентификаторы
AI62023_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:58

0 Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1463 қаулысымен
бекітілген
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында медициналық көмектің аталған түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.

3

3. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Мыналар ЖМК көрсетудің негіздемелері болып табылады:

1 1) уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда жағдайдың ауырлауына немесе өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей төнген қауіп;

2 2) өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;

3 3) өмірге қаупі жоқ, бірақ қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін жай-күй.

5 5. ЖМК көрсетуді қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақталған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жасақталған көшпелі бригадалар жүзеге асырады.

2 2. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі

6

6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі – ЖМКҰ) ересектер мен балаларға өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, жазатайым оқиғаларда, ауыр науқастарға оқиға болған жерде де, жол жүрген кезде де тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады. ЖМКҰ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық аумағында ЖМК мен санитариялық авиация қызметінің үйлестірушісі болып табылады.

7

7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандарын мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынысы бойынша бекітеді. Кіші станциялар 15 минутта көлікпен жетуді қамтамасыз ету есебімен ұйымдастырылады. Кіші станциялардың қызмет көрсету аймақтары халықтың саны, тығыздығы және жас мөлшерінің құрамы, құрылыс ерекшеліктері, ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының, ірі ауыл шаруашылығы кешендерінің тығыздығы, көліктік магистральдардың болуы және жағдайы, қозғалыс қарқындылығы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.

8

8. ЖМКҰ әрбір 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Көлік және байланыс министрлігінің қызметтерімен – жол-пайдалану учаскелері), қалааралық байланыс телефонымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
Жедел медициналық көмектің барлық станциялары мен бөлімшелері автоматтандырылған басқару жүйесімен, медициналық ұйымның автомобиль көлігіне жерсеріктік мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен және шақыртуды қабылдау жазбасын тіркейтін жүйемен жабдықталады.
ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.

9 9. ЖМКҰ-да шұғыл медициналық көмек көрсетуді ЖМК-ның көшпелі бригадалары (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штаттық нормативтерге сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функционалдық бірліктері жүзеге асырады.

10

10. ЖМК фельдшерлік көшпелі бригадасы құрамына фельдшер ("емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы бар, мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат – маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

11

11. ЖМК дәрігерлік көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы және "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

12 12. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе аудан халқының санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:

70 мыңнан астам тұрғын – қарқынды терапия бригадалары, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
100 мыңнан астам тұрғын – арнайы бейінді мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).

13

13. ЖМК мамандандырылған көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша мамандандыруы бар маман), фелдьшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

14 14. ЖМКҰ шақырту түскен кезде мынадай деректер жазып алынады:

1 1) науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;

2 2) пациенттің жай-күйі және жазатайым оқиғаның немесе ауруының мән-жайы бойынша қысқаша деректер;

3 3) нақты мекенжайы мен телефоны, кіреберіс есігінің коды, сондай-ақ пациенттің тұратын жеріне өтетін жол туралы деректер.

15 15. Келіп түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК көшпелі бригадасына беріледі. Көшпелі бригадалар:

1 1) ЖМК көрсету және жазатайым оқиғалар жағдайында, жарақаттанған және уланған кезде пациенттерді тасымалдау үшін;

2 2) сырқаттану, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін аурулар кезінде;

3 3) босану және жүктілік ағымының асқынулары кезінде;

4 4) шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды емдеуге жатқызуға, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымының мамандарын шақырту бойынша тасымалдау үшін жіберіледі.

16 16. Шақыртуды алған кезден бастап ЖМК бригадасына қызмет көрсету үшін бергенге дейін ЖМК бригадаларының шығу регламенті осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі санатының тізбесімен анықталады:

1 1) 1-3 жеделділік санаты – 5 минутқа дейін;

2 2) 4-5 жеделділік санаты – 20 минутқа дейін;

3 3) 6 жеделділік санаты – 30 минутқа дейін.

Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЖМК бригадасының шақырту жеделділігіне байланысты ЖМК станциясынан (бөлімшесінен) қызмет көрсету бойынша тапсырма алынған уақыттан бастап науқастың орналасқан жеріне дейін ЖМК бригадасының жету уақыты:
1-3 жеделділік санатында – 15 минутты;
4-5 жеделділік санатында – 25 минутты;
6 жеделділік санатында – 30 минутты құрайды.

17 17. Мамандандырылған бригадаларды жіберу медицина қызметкерлерінің шақыртуы бойынша да, тікелей халықтың шақыртуы бойынша да жүзеге асырылады. Бұл ретте мамандандырылған бригаданы шақырған медицина персоналы өздері шақырған бригада келгенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетеді.

18

18. Зардап шеккендер мен пациенттер тексеру және ауруханаға жатқызу үшін стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (ургенттік стационарлар) жеткізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда өмірлік айғақтары бойынша алдын-ала хабарлай отырып, жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.

19 19. ЖМК станциясының (бөлімшесінің) ауысымдағы аға дәрігері стационар жағдайында шұғыл емдеу-диагностика іс-шараларын талап ететін пациенттер жеткізілген кезде:

пациент жеткізілетін стацонарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымның қабылдау бөлімімен байланыс орнатады;
жеткізілген науқастың жай-күйі туралы ақпаратты қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін қабылдаушы медициналық ұйымның назарына жеткізеді.

20

20. ЖМК бригадасының стационардың қабылдау бөлімінде болу уақыты (пациентті немесе зардап шегушіні жауапты кезекші дәрігерге беру уақыты) ЖМЖ бригадасының пациентті жеткізу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдау уақыты шақырту картасына белгілене отырып, келген сәттен бастап 10 минутты құрайды.

21 21. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны шұғыл стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау кезінде ЖМКҰ санитариялық автокөлікте туысының (бір адамнан артық емес) оны алып жүруіне рұқсат етіледі.

22 22. Емдеуге жатқызуға айғақтары болмаған немесе пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде учаскелік дәрігер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен нысан бойынша сигнал парағы ресімделеді.

23

23. ЖМКҰ тәуліктік режимде халық жеке жүгінген кезде немесе телефон арқылы медициналық көмек көрсетілген станцияның (бөлімшенің) медицина қызметкерлері пациенттердің немесе бақытсыз жағдайлар кезінде зардап шегушілердің қай жерде екендігі туралы ауызша анықтамалар береді. Шұғыл қызмет көрсетуді талап етпейтін жағдайларда ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері пациентке медициналық көмекке жүгіну үшін медициналық ұйымның координаттарын (мекенжайы, телефоны) ұсынады.

24 24. ЖМКҰ:

1 1) сот-медициналық қорытындысын;

2 2) психобелсенді заттарды тұтыну және мас болу фактісін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;

3 3) ЖМК бригадасын шақырту туралы жазбаша анықтамаларды, ЖМК бригадасы қойған диагноз туралы қорытынды ұсынбайды.

25 25. ЖМКҰ:

1 1) шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін;

2 2) БМСК көрсететін ұйымдардың жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуді талап ететін;

3 3) медициналық ұйымдар тағайындаған диагностикалық және емдік емшараларды орындау қажет болған;

4 4) шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін зардап шегушілерді, пациенттерді және жүкті әйелдерді тасымалдаған;

5 5) сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптама жүргізген;

6 6) медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсеткен;

7 7) пациентті стационарлардан үйге жеткізген;

8 8) қайтыс болуын куәландырған және актіні әзірлеген жағдайларда қызмет көрсетпейді.

26 26. Төтенше жағдайлар режимінде ЖМКҰ:

1 1) аумақтық апаттар медицинасы орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;

2 2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарын жою бойынша ЖМК көшпелі бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;

3 3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шегушілерге емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді.

27 27. Осы Қағидаларда көзделген әуе санитариялық авиакөлігін пайдалануға негіз болған жағдайларда ЖМКҰ санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға шақыртуларды береді.

28 28. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік айыру белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақталады, амбулаториялық (далалық) жағдайларда және санитариялық автокөліктің қозғалысы кезінде жүрек-өкпе реанимациясын көрсету үшін тиісті медициналық жарақтары мен жабдықтары бар.

29 29. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық тазартуға жатады. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.

30 30. ЖМКҰ штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен типтік штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

3 3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі

31

31. Санитариялық авиация санитариялық автокөлікті пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін көрсету үшін тиісті білікті мамандарды пациент орналасқан жерге жеткізуді немесе оны медициналық ұйымға тасымалдауды жүзеге асырады.

32

32. Санитариялық авиация бөлімшелері облыстық орталықтарда, санитариялық авиацияның ұтқыр бригадаларының тұрақты дайындығын және жедел басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және тәуліктік көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (республикалық, облыстық, қалалық жедел медиициналық көмек ұйымдары) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

33 33. Санитариялық авиация бөлімдерінің қызметін уәкілетті орган анықтайтын Санитариялық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Республикалық үйлестіру орталығы) үйлестіреді.

34 34. Санитариялық авиацияның қызметтері:

1 1) көліктік қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерге және кері жеткізу);

2 2) медициналық қызметтерді қамтиды.

35

35. Санитариялық авиация бөлімшелерінде шақыртуларды қабылдау мен тіркеу бойынша тәуліктік диспетчерлік (фельдшерлік және мейірбикелік) қызмет ұйымдастырылады, санитариялық авиацияның әуе көлігі ұшқыштарымен, тапсырма бойынша халыққа шұғыл көмек көрсету үшін ұшқан дәрігер-консультанттармен, Республикалық үйлестіру орталығымен тұрақты байланысты жүзеге асырады.

36 36. Әуе санитариялық авиакөлікті (тік ұшақ, ұшақ) пайдалану негізі:

1 1) жету қиын аудандарда;

2 2) әуе көлігіндегі санитариялық авиацияның қызметін ұсынатын медициналық ұйымның орналасқан жерінен 150 километрден аса арақашықтықта орналасқан науқастарды, босанатын әйелдерді және зардап шегушілерді шығару және тасымалдау үшін;

3

3) жарақаттанушылық және улану, пациенттің және айналасындағы адамдардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайлар кезінде, диагноз қою қиын болған жағдайларда шақырту шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде сол жерге білікті мамандарды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан жеткізу үшін;

4 4) медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған немесе облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың деңгейінде бұл қызметтің түрі болмаған жағдайда, пациентті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;

5 5) қала сыртындағы автомагистральдарда болған ЖКО кезінде жедел медициналық көмек көрсету үшін;

6 6) жол-көліктік жарақаттанушылықтың алдын алу мақсатында трассалардың, оның ішінде республикалық маңыздыларының авариялық-қауіпті учаскелерін, оның бойымен көлік құралдарының барынша көп қозғалысы сағаттарында патрульдеу үшін.

37 37. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін республикалық және облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар құрылады.

38

38. Санитариялық авиация қызметтің штаттық ұтқыр бригадасының құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші және/немесе ұшқыш кіреді.

39

39. Қажет болған жағдайда республикалық немесе облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандықтары бойынша дипломы бар, тиiстi бейінді мамандық бойынша сертификаты бар жоғарғы немесе орташа медициналық бiлiмi бар мамандар, оның iшiнде медициналық жоғарғы оқу орындарының және республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарының және институттардың қызметкерлерiнен тартылған мамандармен (ұтқыр топ) жасақталады.

40

40. Республикалық үйлестіру орталығы облыстардың санитариялық авиация бөлімшелерінің өтінімі бойынша тәуліктік режимінде Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын, тартылған жоғары білікті дәрігер-мамандардан тұратын ұтқыр бригадаларды жасақтайды.

41

41. Шұғыл жағдайларда (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайлар) санитариялық авиацияны шақыруды оқиға орнынан телефон байланысының (ұялы телефон, таксофон және тағы басқалар) кез келген түрі бойынша медицина қызметкерлері, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің "112" төтенше жағдайлар қызметіне, "103" қызметіне немесе арнайы құрылған санитариялық авиацияның диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады.
Республикалық үйлестіру орталығының ұтқыр бригадалары уәкілетті органның өтінімі бойынша шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық тасымалдауды жүзеге асырады.

42

42. Санитариялық авиация қызметін шақырту мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының жауапты тұлғасының өтінімі негізінде жүзеге асырылады. Шұғыл жағдайлар кезінде (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайларда) санитариялық авиацияны шақырту медицина қызметкерлерінің, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің оқиға орнынан санитариялық авиация қызметіне қоңырау шалуы арқылы жүзеге асырылады.

43 43. Санитариялық авиация қызметін көрсетуге медициналық ұйымдардан өтінім келіп түскен кезде санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері:

санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісімен байланысты, қажет болған жағдайда бейінді маманның консультациясын ұйымдастырады;
мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі тікелей пациентті қабылдаған медициналық ұйымдарға жеткізілетін пациент туралы ақпаратты жеткізеді;
қажет болған жағдайда жіберуші мен қабылдаушы медициналық ұйымдардың арасында байланысты жүзеге асырады;
санитариялық авиакөліктің орналасқан жеріне көшпелі бригадаларды автокөлікпен жеткізуді ұйымдастырады;
көшпелі бригаданың белгіленген жерге келіп жетуін растау, науқастың, босанатын әйелдердің немесе зардап шегушілердің қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізілуі туралы ақпаратты сұратады.

44

44. Санитариялық авиацияның барлық бөлімшелері медициналық ұйымдармен, ішкі істер, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктерімен және санитариялық авиация бойынша көлік қызметін ұсынатын авиакомпаниялармен тұрақты қалалық, қалааралық және ұялы телефон байланысымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радиобайланыспен және навигациялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.

45

45. Санитариялық авиация бөлімшелеріне қызмет көрсететін санитариялық авиакөлікте бірдей айыру белгілері, арнайы жабдықталған жарқыл шамшырағы, дыбыс дабылы, қажетті медициналық жарақтар, соның ішінде жерде және авиакөліктердің қозғалысы кезінде және амбулаториялық (далалық) жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясын көрсететін жабдықтары болады.

46 46. Санитариялық авиация бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша есепке алу - есеп құжаттамасын жүргізеді.

47 47. Санитариялық авиация бөлімшелерінің штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

48 48. Республикалық үйлестіру орталығының ағымдағы жылғы қызмет көлемін санитариялық авиацияның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі анықтайды.

90 Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізбесі

Жедел медициналық көмек және
санитариялық авиация нысанында
медициналық көмек көрсету қағидаларына
қосымша
Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізбесі
Са­на­ты
Ша­қыр­ту­дың се­бе­бі
Жа­сы
На­у­қа­стың ор­на­лас­қан же­рі
1
2
3
4
1-же­дел­дік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
1
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қат­та­нуы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қат­та­нуы (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
оқ дә­рі­мен жа­ра­қат­та­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ұл­ғай­ған тер­ми­я­лық жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
бет­тің, ты­ныс алу жол­да­ры­ның күй­і­гі
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­тық ам­пу­та­ци­я­сы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
кө­пте­ген, қо­сал­қы жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
қан құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
боса­ну, қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
боса­ну, су ке­ту + қан­сы­рау
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
іш ау­ру + құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (бронх де­мі­к­пе­сі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (қа­қа­лу)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жа­нып ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (есірт­кі мөл­ше­рін ар­тық қа­был­дау)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жа­ра­қат)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (кар­дио­ло­ги­я­лық ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (тал­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (ула­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (су­ға ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жі­ті қан ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (ана­фи­лак­си­я­лық шок)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (асы­лу)
1
ЖКО (1-2, ере­сек­тер)
1
ЖКО (1-2, ба­ла­лар бар)
1
ЖКО (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
ЖКО (2-ден көп, ба­ла­лар бар)
1
жа­яу жүр­гін­ші­ні со­ғып ке­ту
1
өрт (1-2, ере­сек­тер)
1
өрт (1-2, ба­ла­лар бар)
1
өрт (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
өрт (2-ден көп, ба­ла­лар)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (1-2, ере­сек­тер)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (1-2, ба­ла­лар бар)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (2-ден көп, ба­ла­лар)
1
тер­акт қа­у­пі бар жағ­дай­да­ғы ке­зек­ші­лік
1
жо­ға­ры­дан құ­лау (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2-же­дел­ді­лік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
2
со­ғы­лу, аяқ-қол­дың сы­нуы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан кет­пе­ген)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қат­та­нуы
2
ті­стел­ген жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қат­та­нуы (есін жо­ғалт­па­ған)
2
та­мы­рын ті­лу
кө­ше, қо­ғам­дық орын үй­де
2
ұрып кет­кен (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
оқ дә­рі­мен жа­ра­қат­та­ну
2
ұл­ғай­ған тер­ми­я­лық жа­ра­қат
2
бет­тің, ты­ныс алу жол­да­ры­ның күй­і­гі
2
көз жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­тық ам­пу­та­ци­я­сы
2
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
электр жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын үй­де
2
кө­пте­ген, қо­сал­қы жа­ра­қат
ба­ла­лар
2
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
қа­қа­лу (есін жо­ғалт­па­ған)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
иістен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
улар­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
дә­рі­лер­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сір­ке суы­мен ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ула­ну (се­бе­бі бел­гі­сіз) (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
арит­мия
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­сі ау­ру (ана­мнез­де ги­пер­то­ни­я­лық ау­ру (бұ­дан әрі - ГА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­ста кө­те­рің­кі ар­те­ри­ал­дық қан қы­сы­мы (бұ­дан әрі - АҚ)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
кө­те­рің­кі АҚ
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы (бұ­дан әрі - ЖИА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
60 дей­ін
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (кар­дио ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ЖИА қа­уіп-қа­те­рі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (этио­ло­ги­я­сы бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
арит­мия (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (бронх де­мі­к­пе­сі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (брон­хит, пнев­мо­ния)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
2
тұн­шы­ғу (ке­уде қуы­сы­ның жа­ра­қа­ты)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (кар­дио ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (зоб)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ, аб­сти­нент­тік син­дро­мы (ал­ко­голь­дік)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сал бол­ды (ана­мнез­де ГА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ­тар (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сал бол­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­нет­тен сал бол­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ба­ла­лар
2
құ­рыс­қақ, аб­сти­нент­тік син­дро­мы (есірт­кі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жиі нә­жіс)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (құ­су)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ба­ла­лар
2
эпи­леп­сия (тал­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
қан құ­су
2
ула­ну­дан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ішек­тен қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
боса­ну, су ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
боса­ну, қан ке­ту
2
боса­ну, су кет­ті + қан ке­ту
2
іш ау­руы + ішек­тік қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
іш ау­руы + құ­су
2
тем­пе­ра­ту­ра + тұн­шы­ғу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ГА на­у­қа­ста құ­сық
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
Квин­ке іс­і­гі
ба­ла­лар
2
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ба­ла­лар
ба­ла­лар
2
ес­сіз (бронх де­мі­к­пе­сі)
2
ес­сіз (қа­қа­лып қал­ды)
2
ес­сіз (иістен улан­ды ти­ді)
2
ес­сіз (диа­бет)
2
ес­сіз (нар­ко мөл­ше­рін ар­тық қа­был­дау)
2
ес­сіз (жа­ра­қат)
2
ес­сіз (кар­дио ау­ру)
2
ес­сіз (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ес­сіз (он­ко)
2
ес­сіз (тал­ма)
2
ес­сіз (улан­ды)
2
ес­сіз (су­ға ке­ту)
2
ес­сіз (се­бе­бі бел­гі­сіз)
2
ес­сіз (жі­ті қан ке­ту)
2
ес­сіз (ана­фи­лак­си­я­лық шок)
2
ес­сіз (асы­лып қал­ды)
2
есірт­кі­ні мөл­ше­рі­нен көп қа­был­дау
кө­ше, қо­ғам­дық орын, үй­де
2
ЖКО (ке­зек­ші­лік)
2
өрт (ке­зек­ші­лік)
2
жа­ры­лыс, ТЖ (ке­зек­ші­лік)
3-же­дел­ді­лік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
3
жо­ға­ры­дан құ­лау (есін жо­ғалт­па­ған)
3
со­ғып алу, аяқ-қол­дың сы­нуы
3
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қа­ты
3
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
3
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту­сіз)
3
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту­мен)
3
ті­стел­ген жа­ра­қат
3
ұрып ке­ту (есін жо­ғалт­па­ған)
3
шек­тел­ген тер­ми­я­лық жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
көз жа­ра­қа­ты
үй­де
3
құ­лақ жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің жа­ра­қа­ты
3
ескі жа­ра­қат, жағ­дай­дың на­шар­ла­уы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
ба­ла­лар
3
қа­қа­лып қа­лу (есін жо­ғалт­па­ған)
3
иістен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
3
улар­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
3
дә­рі­лер­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
3
та­мақ­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
ба­ла­лар
3
ула­ну (бел­гі­сіз)(есін жо­ғалт­па­ған)
3
арит­мия
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ГА)
3
ке­уде­нің ау­руы (ал­ко­голь­ді пай­да­ла­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­ста кө­те­рің­кі АҚ
3
кө­те­рің­кі АҚ
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
60 дей­ін
3
ке­уде­нің ау­руы (кар­дио ау­ру)
3
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ба­ла­лар
3
ке­уде­нің ау­руы (ЖИА қа­уіп-қа­те­рі)
3
ке­уде­нің ау­руы (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
3
ке­уде­нің ау­руы (этио­ло­ги­я­сы бел­гі­сіз)
3
арит­мия (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
3
тұн­шы­ғу (бронх де­мі­к­пе­сі)
3
тұн­шы­ғу (брон­хит, пнев­мо­ния)
3
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
3
тұн­шы­ғу (ке­уде қуы­сы­ның жа­ра­қа­ты)
3
тұн­шы­ғу (кар­дио ау­ру)
3
тұн­шы­ғу (он­ко­ло­гия)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тұн­шы­ғу (ту­бер­ку­лез)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тұн­шы­ғу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
3
тұн­шы­ғу (зоб)
3
құ­рыс­қақ, аб­сти­нент­тік син­дро­мы (ал­ко­голь­дік)
3
сал бо­лу (ана­мнез­де ГА)
3
құ­рыс­қақ (диа­бет)
3
сал бо­лу
3
ке­нет­тен сал бо­лу
3
құ­рыс­қақ­тар (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ере­сек­тер
3
құ­рыс­қақ­тар, аб­сти­нент­тік син­дром (есірт­кі)
3
құ­рыс­қақ­тар (жиі нә­жіс)
3
құ­рыс­қақ­тар (құ­су)
3
құ­рыс­қақ­тар (се­бе­бі бел­гі­сіз)
3
құ­рыс­қақ­тар (ула­ну)
ере­сек­тер
3
эпи­леп­сия (тал­ма)
3
сел­кіл­деу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ва­ри­коз та­мыр­ла­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
әй­ел­дер­дің жы­ны­стық жол­да­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
қан құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
улан­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
әй­ел­дер­дің жы­ны­стық жол­да­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ішек­тік қан ке­ту
3
қан құ­су
3
боса­ну, су ке­ту
3
ас­қы­ну­лар­сыз боса­ну
3
іш ау­руы
3
іш ау­руы + ішек­тік қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бүй­рек­тік шан­шу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бүй­ір, бел ау­руы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
пси­хоз? ша­қыр­ту аға дә­рі­гер­мен қа­был­дан­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бас ау­руы (гла­у­ко­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тө­мен қы­сым, бас ай­на­лу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тем­пе­ра­ту­ра + тұн­шы­ғу
3
тем­пе­ра­ту­ра + құ­су
ба­ла­лар
3
тем­пе­ра­ту­ра + іш өту
ба­ла­лар
3
құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
3
жүк­ті әй­ел­дің құ­суы
кө­ше, қо­ғам­дық орын, үй­де
3
құ­су (қант диа­бе­ті)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
Квин­ке іс­і­гі
ере­сек­тер
3
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ба­ла­лар
3
құ­су (нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру)
ба­ла­лар
3
жі­ті ау­ру неме­се аяқ-қол­дың іс­і­гі
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
адам на­шар жағ­дай­да (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
адам на­шар жағ­дай­да (он­ко ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
есірт­кі­ні мөл­ше­рі­нен ар­тық қа­был­дау
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
3
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
та­мақ­тың бөгде за­ты
3
жән­дік­тер­дің, жы­лан­ның және т.б. ша­ғуы
4-же­дел­ді­лік са­на­ты (20 ми­нут­қа дей­ін)
4
шек­тел­ген тер­ми­я­лық жа­ра­қат
4
құ­лақ жа­ра­қа­ты
4
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тар­дан ула­ну
4
құ­лақ­тың бөгде за­ты
4
ке­уде­нің ау­руы (ал­ко­голь­ді те­ріс пай­да­ла­ну)
4
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ере­сек­тер
4
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­стың құ­суы
4
сел­кіл­дей­ді (се­бе­бі бел­гі­сіз)
4
ва­ри­коз та­мыр­ла­ры­нан қан ке­ту
4
ті­сті жұл­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
ас­қы­ну­лар­сыз боса­ну
4
іш ау­руы
4
құ­сық + іш өту
4
бүй­рек­тік шан­шу
4
Пси­хоз? ша­қыр­ту аға дә­рі­гер­мен қа­был­дан­ды
4
бас ау­руы (гла­у­ко­ма)
4
тө­мен қы­сым, бас ай­на­лу
4
бас ау­руы (бас жа­ра­қа­ты болған)
4
босан­ған­нан кей­ін­гі тем­пе­ра­ту­ра
4
құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия) құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
4
құ­су (қант диа­бе­ті)
4
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
құ­су (нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру)
ере­сек­тер
4
бөрт­пе
ба­ла­лар
4
құ­су
4
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі ау­ру­лар, іс­ік­тер
4
ас­қын­ған ге­мор­рой
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
аяқ-қол­дың ау­руы (кар­дио­ло­ги­я­лық ау­ру)
4
аяқ-қол­дың жі­ті ау­руы және іс­ік­тер
4
адам на­шар жағ­дай­да (диа­бет)
4
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
4
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
ба­ла­лар
4
ес­сіз (он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру)
4
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сын өзіне ша­қыр­ту
4
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бри­га­да­ны өзіне ша­қыр­ту
4
дә­рі­гер­лер бри­га­да­сын өзіне ша­қыр­ту
4
фельд­шер­лік бри­га­да­ны өзіне ша­қыр­ту
5-же­дел­ді­лік са­на­ты (20 ми­нут­қа дей­ін)
5
құ­лақ­тың бөгде за­ты
5
ескі жа­ра­қат, на­шар­ла­ну
5
көз­дің бөгде за­ты
5
та­мақ­тан ула­ну
5
тем­пе­ра­ту­ра + құ­су
5
тем­пе­ра­ту­ра + іш жү­ру
5
іш жү­ру
5
құ­су + іш жү­ру
5
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің іс­і­гі
5
бас­қа да бөгде заттар
5
caл болған адам жағ­дай­ы­ның на­шар­ла­нуы
5
қан­ды несеп
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
5
қан­ды несеп
ба­ла­лар
5
мұ­рын­нан қан ке­ту
ере­сек­тер
5
мұ­рын­нан қан ке­ту
ба­ла­лар
5
ті­сті жұл­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
5
тұн­шы­ғу (он­ко­ло­гия)
5
тұн­шы­ғу (ту­бер­ку­лез)
5
бүй­ір, бел ау­руы
5
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­лар­дан кей­ін­гі тем­пе­ра­ту­ра
5
тем­пе­ра­ту­ра (ма­стит?)
5
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­лар­дан кей­ін­гі ау­ру­лар, іс­ік­тер
5
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің іс­і­гі
ере­сек­тер
5
ал­ко­голь­ден ма­саю
6-же­дел­ді­лік са­на­ты (30 ми­нут­қа дей­ін)
6
ем­ха­на­да ме­ди­ци­на­лық бө­лім­ше­де кө­мек көр­се­ту
6
несеп­тің жі­ті кі­ді­рі­сі
6
бас ау­руы (аб­сти­нент­ті-ал­ко­голь)
6
дре­наж тү­ті­гі­гің шы­ғып ке­туі
6
Ин­тен­сив­ті те­ра­пия бло­гы­на (бұ­дан әрі - ИТБ) ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ба­ла­лар бри­га­да­сы­на ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
кар­дио­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
дә­рі­гер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ре­ани­ма­ци­я­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
фельд­шер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ИТБ ста­ци­о­нар­ға, ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ста­ци­о­нар­ға ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ста­ци­о­нар­ға ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
кар­дио­ло­ги­я­ға ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
ре­ани­ма­ци­я­ға ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға
6
та­сы­мал­дау
6
ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
бас ау­руы, тем­пе­ра­ту­ра
6
бас ау­руы (аб­сти­нент­ті-есірт­кі)
6
құ­лақ ауы­ра­ды
6
бас ау­руы
6
тем­пе­ра­ту­ра + та­мақ­та­ғы ау­ру­лар
6
тем­пе­ра­ту­ра + жөтел
6
тем­пе­ра­ту­ра + құ­лақ­та­ғы ау­ру
6
ас­қы­ну­лар­сыз тем­пе­ра­ту­ра
6
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ере­сек­тер
6
құ­су (он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
6
бөрт­пе
6
адам на­шар жағ­дай­да (он­ко ау­ру)
6
бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­да­ғы ке­зек­ші­лік
6
ба­ғыт­тас ша­қыр­ту
6
ИТБ ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ба­ла­лар бри­га­да­сы­на ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
кар­дио­ға ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
дә­рі­гер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ре­ани­ма­ци­я­ға бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
фельд­шер­лік бри­га­да­ға бел­сен­ді ша­қыр­ту
Ескертпе: "науқастың орналасқан жері" бағанында арнайы нұсқау жоқ болса, пациент үйде немесе басқа жерде.

Қолданыстағы