Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой формы путевки, а также правил ее выдачи

Қаулы · № 1507 · қабылданған 09.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62030/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении типовой формы путевки, а также правил ее выдачи Күшін жойған Қаулы ·№ 1507 ·09.12.2011
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой формы путевки, а также правил ее выдачи

Күшін жойған Қаулы ·№ 1507 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой формы путевки, а также правил ее выдачи
Атауы (қаз.)
Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1507
Қабылданған күні
09.12.2011
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI62030_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001507
ЭКБ идентификаторы
62030
Редакция идентификаторы
AI62030_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:53

0 Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) жолдаманың үлгі нысаны;

2 2) Жолдаманы беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жолдама беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1507 қаулысымен
бекітілген
Жолдама беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1 1) аңшылық шаруашылығы субъектiсi – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға;

2 2) балық шаруашылығы субъектiсi – қызметiнiң негiзгі бағыты балық шаруашылығын жүргiзу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

3 3) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат.

2 2. Жолдама беру тәртібі

3

3. Жолдаманы аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсi жеке тұлғаның өтiнiшi (ауызша немесе жазбаша) бойынша бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бөлiнген квота шегiнде бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн берiледi.

4

4. Аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасы қолданылу мерзiмiне байланысты бiр жолғы және маусымдық болып бөлiнедi. Бiр жолғы жолдаманың қолданылу мерзімі күнтiзбелiк үш күннен аспайды, ал маусымдық жолдама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiнде белгiленген мерзiмдерге сәйкес аң аулаудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
Маусымдық жолдаманы беру кезiнде тұяқты жануарлар мен аюды қоспағанда, аулануы жоспарланып отырған құстың саны кемінде бес дара болады.
Аңшылық шаруашылығы субъектiсi беретiн жолдама екi данада толтырылады. Жолдаманың бiрiншi данасы рұқсат етiлген жапсырмалармен (маркалармен) бiрге аңшыға берiледi, ал рұқсаттың (маркалардың) түбiртегi жапсырылған Жолдаманың екiншi данасы аңшылық шаруашылығы ұйымында қалып, үш жыл сақталады.

5 5. Балық шаруашылығы субъектiсi беретiн Жолдаманың қолданылу мерзiмiн балық шаруашылығы субъектiсi заңамада белгіленген балық аулау мерзiмдерi шегiнде анықтайды.

Балық шаруашылығы субъектiсiнің жолдамасы екi данада толтырылады. Толтырылған Жолдаманың бiр данасы жеке тұлғаға берiледi, ал Жолдаманың екiншi данасы балық шаруашылығы субъектiсiнде қалып, үш жыл сақталады.

6 6. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1 1) квотаның болмауы немесе бөлiнген квотаны аңшылық шаруашылығы немесе балық шаруашылығы субъектiсiнің толық игеруi;

2 2) аңшы куәлiгiнiң болмауы (аң аулау үшін);

3 3) Заңмен белгіленген жануарлар дүниесін пайдалануға, Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын аулау орындары мен мерзiмдеріне  шектеулер  мен тыйымдар салынуы.

7 7. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беруден бас тартуы жеке тұлға өтiнiш берген кезде бас тарту себептерi мен негiздемесi белгiленiп, жазбаша түрде ресiмделедi.

8 8. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берiлген жолдамаларды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тiркеу жолымен есепке алады. Журнал нөмiрленеді, тігіледі және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен куәландырылады.

22 (Жолдаманың үлгi нысаны) Типовая форма путевки

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1507 қаулысымен
бекітілген
(Жолдаманың үлгi нысаны) Типовая форма путевки
Жолдаманың алдыңғы беті
(лицевая сторона путевки)
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сіне бе­кі­ті­л­ген аумақ­та ға­на жа­рам­ды
(дей­стви­тель­но толь­ко на тер­ри­то­рии, за­креп­лен­ной за субъ­ек­том охот­ни­чье­го хо­зяй­ства) _______________________________________________________________
(аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы, на­име­но­ва­ние субъ­ек­та охот­ни­чье­го хо­зяй­ства) ЖОЛ­ДА­МА № ____________________________________
(ПУ­ТЕВ­КА)    (тір­кеу нө­мі­рі, ре­ги­стра­ци­он­ный но­мер)
Бір жол­ғы, мау­сым­дық _____________________
(ра­зо­вая, се­зон­ная)
Жол­да­ма құ­ны ________________________________ тең­ге
(сто­и­мость пу­тев­ки)
Аң­шы­ның Т.А.Ә. _____________________________________________________
(Ф.И.О. охот­ни­ка)
Аң­шы­ның ку­ә­лі­гі № ______________________ Бе­рі­л­ген кү­ні_______________
(№ удо­сто­ве­ре­нии охот­ни­ка)               (да­та вы­да­чи)
Аң аулау учас­ке­сі нақ­ты бел­гі­лен­ген аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның ата­уы­_____
(на­име­но­ва­ние охот­ни­чье­го хо­зяй­ства, с ука­за­ни­ем кон­крет­но­го участ­ка для охо­ты) _______________________________________________________________­_­_­_­_­__ Қо­рық­шы­ға жі­бе­рі­ле­ді ______________________________________
(на­прав­ля­ет­ся к еге­рю)       Т.А.Ә. (Ф.И.О.)
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 20___ жы­л­ғы «__» ______ ден 20__ жы­л­ғы «____» дей­ін
(срок дей­ствия)
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның жол­да­ма бер­ген жа­у­ап­ты ада­мы­________________
(от­вет­ствен­ное ли­цо, охот­ни­чье­го хо­зяй­ства, вы­дав­шее пу­тев­ку) _______________________________________________________________­_­_­_­_­__
Т.А.Ә., қо­лы (Ф.И.О., под­пись)
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның іш­кі күн тәр­ті­бі­нің ере­же­ле­рі­мен та­ны­сты­м____
(с пра­ви­ла­ми внут­рен­не­го рас­по­ряд­ка охот­ни­чье­го хо­зяй­ства озна­ком­лен) _______________________________________________________________­_­_­_­_­__
(аң­шы­ның қо­лы, под­пись охот­ни­ка) М.О. Жол­да­ма бе­рі­л­ген күн 20___ жы­л­ғы «___»____________
(М.П. Да­та вы­да­чи пу­тев­ки)
Жолдаманың артқы беті
(обратная сторона путевки)
Мар­ка­ны же­лім­де­у­ге ар­нал­ған орын (неме­се тұ­яқ­ты жа­ну­ар­лар­дың тү­рі мен са­ны ту­ра­лы бел­гі со­ғу)
(ме­сто для на­кле­и­ва­ния ма­рок или от­мет­ка о ви­де и ко­ли­че­стве ко­пыт­ных жи­вот­ных)
Нақ­ты аулан­ға­ны (фак­ти­че­ски до­бы­то)
Кү­ні
(да­та)
Қо­рық­шы­ның неме­се аң­шы­ның қо­лы
(под­пись еге­ря или охот­ни­ка)
Құ­стың тү­рі  (вид ди­чи)
Са­ны
(ко­ли­че­ство)

1 1. Марка аңшылық шаруашылығы ұйымының мөрімен (мөртабанымен) өшіріледі (марка гасится печатью (штампом) субъекта охотничьего хозяйства).

2 2. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником).

3 3. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады (передача путевки другому лицу запрещена).

26 Жолдаманың үлгi нысаны (Типовая форма путевки)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1507 қаулысымен
бекітілген
Жолдаманың үлгi нысаны (Типовая форма путевки)
Жолдаманың алдыңғы беті
(лицевая сторона путевки)
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сіне бе­кі­ті­л­ген ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­нын­да және (неме­се) учас­ке­сін­де ға­на жа­рам­ды
(дей­стви­тель­но толь­ко на ры­бо­хо­зяй­ствен­ном во­до­е­ме и (или) участ­ке, за­креп­лен­ном за субъ­ек­том рыб­но­го хо­зяй­ства) Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы­______________________________
(на­име­но­ва­ние субъ­ек­та рыб­но­го хо­зяй­ства)
ЖОЛ­ДА­МА № _______________________________________
(ПУ­ТЕВ­КА)    (тір­кеу нө­мі­рі, ре­ги­стра­ци­он­ный но­мер)
Бір жол­ғы, мау­сым­дық _________________________________________
(ра­зо­вая, се­зон­ная)
Жол­да­ма құ­ны ___________________________ тең­ге
(сто­и­мость пу­тев­ки)
Ба­лық­шы­ның Т.А.Ә.__________________________________________________
(Ф.И.О. ры­бо­ло­ва)
Бе­рі­л­ген кү­ні______________________________________________________
(да­та вы­да­чи)
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы­______________________________
(на­име­но­ва­ние субъ­ек­та рыб­но­го хо­зяй­ства, с ука­за­ни­ем во­до­е­ма и (или) участ­ка для ры­бо­лов­ства)
Ба­лық­тың және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның тү­рі, кг___________________
(вид рыб и дру­гих вод­ных жи­вот­ных раз­ре­шен­ных к изъ­я­тию, кг) Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 20__ жы­л­ғы «__» _______ ден 20__ жы­л­ғы «___» дей­ін
(срок дей­ствия)
Жол­да­ма бер­ген ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің жа­у­ап­ты ада­мы­________
(от­вет­ствен­ное ли­цо субъ­ек­та рыб­но­го хо­зяй­ства, вы­дав­шее пу­тев­ку) _______________________________________________________________­_­__
Т.А.Ә. қо­лы (Ф.И.О., под­пись)
Іш­кі күн тәр­ті­бі­нің ере­же­ле­рі­мен та­ны­стым жол­да­ма­ны ал­дым
(пу­тев­ку по­лу­чил с пра­ви­ла­ми внут­рен­не­го рас­по­ряд­ка озна­ком­лен)
________________________________________________________________
Т.А.Ә. қо­лы (Ф.И.О., под­пись) М.О. Жол­да­ма бе­рі­л­ген күн 20__ жы­л­ғы «___» _______________
(М.П. Да­та вы­да­чи пу­тев­ки)
Жолдаманың артқы беті
(Обратная сторона путевки)
Нақ­ты аулан­ға­ны
(фак­ти­че­ски вы­лов­ле­но)
Күнi
(да­та)
Қо­рық­шы­ның неме­се жол­да­ма рә­сім­де­ген тұл­ға­ның қо­лы
(под­пись еге­ря или ли­ца, на ко­то­ро­го оформ­ле­на пу­тев­ка)
Аула­ған ба­лық­тың, бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­лерi
(вы­лов­лен­ные ви­ды рыб, дру­гих вод­ных жи­вот­ных)
Са­ны, кг
(ко­ли­че­ство, кг)

1 1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – тұлғаның өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим физическим лицом).

2 Нысан

2. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады (передача путевки другому лицу запрещена).
Жолдама беру
қағидаларына қосымша
Нысан
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы
__________________________________________________________
(аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
Р/с

Аң­шы­ның, ба­лық­шы­ның те­гi, аты-жөнi
Аң­шы­ның, ба­лық­шы­ның ме­кен–жайы
Жол­да­ма­ның нө­мiрi
Құ­стың, жа­ну­ар­лар­дың, ба­лық­тың және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­лерi
Аң аулау, ба­лық аулау мерзiм­дерi
Жол­да­ма­ны ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы
_______________________________________________________________
(аңшылық және балық шаруашылығы субъектiсiнiң Т.А.Ә., қолы)

Қолданыстағы