Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" в акционерное общество "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости"

Қаулы · № 1226 · қабылданған 28.10.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6204/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" в акционерное общество "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости" Қолданыста Қаулы ·№ 1226 ·28.10.2011
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" в акционерное общество "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости"

Қолданыста Қаулы ·№ 1226 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" в акционерное общество "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1226
Қабылданған күні
28.10.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI6204_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001226
ЭКБ идентификаторы
6204
Редакция идентификаторы
AI6204_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:20

0

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Жүйелі және салыстырмалы талдауды жүзеге асыру, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, ұсынымдар әзірлеу қоғамның негізгі қызмет мәні ретінде айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

3 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;

4 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1226 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-136-жолмен толықтырылсын:
«21-136. «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық талдау орталығы» АҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 279-5-жолмен толықтырылсын:
«279-5 «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы