Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к лицензируемой деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан

Қаулы · № 1529 · қабылданған 14.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62062/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к лицензируемой деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1529 ·14.12.2011
14.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к лицензируемой деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1529 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к лицензируемой деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1529
Қабылданған күні
14.12.2011
Көрсетілген редакция
14.12.2012 AI62062_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001529
ЭКБ идентификаторы
62062
Редакция идентификаторы
AI62062_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:48

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2

2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 16, 206-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

4 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1529 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын (бұдан әрі - мемлекеттік рәміздер) дайындау жөнінде лицензия алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

2 2. Мемлекеттік рәміздерді дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген мемлекеттік рәміздерді дайындау үдерісін регламенттейтін техникалық құжаттамалардың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың);

2

2) жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық үдерісін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының);

3 3) пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын салыстыру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың;

4 4) мемлекеттік рәміздерді дайындаудың технологиялық үдерісіне байланысты, өндіруші әзірлеген нұсқаулықтарда белгіленген, лицензияланатын қызмет саласында тиісті біліктілігі және білім деңгейі бар персоналдың болуын қамтиды.

Қолданыстағы