О введении "Журнала посещения и проверок должностными лицами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении "Журнала посещения и проверок должностными лицами"
- Атауы (қаз.)
- "Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болуын және тексеруін тіркеу журналын" енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-251
- Қабылданған күні
- 16.08.1998
- Көрсетілген редакция
- 16.08.1998 6207_261254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001226
- ЭКБ идентификаторы
- 6207
- Редакция идентификаторы
- 6207_261254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:34
0 "Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болуын және тексеруін тіркеу журналын" енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Алматы облысында шағын кәсiпкерлiктi құруды жандандыру және оны экономикалық жағынан өсіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы наурыздың 6-ғы N 3398 , сондай-ақ "Азаматтар мен Заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы сәуiрдiң 27-гі N 3928 Жарлықтарын орындау жолында Алматы облысының Әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Салық органдарын тек заң актілерінде тікелей көзделген жағдайлардағы тексерулерді қоспағанда, бақылаушы органдардың үш жылда бір реттен артық негізделмеген тексеруiн болдырмау мақсатында "Лауазымды адамдардың болуын және тексеруін тіркеу журналы" қосымшаға сай енгiзiлсін, оны толтырмаған жағдайда кәсіпкер лауазым иесін өз кәсіпорнын тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту комитетіне (А.К. Жүргенов) жүктелсiн.
3 Алматы облысы Әкiмiнiң
1998 жылғы 17 тамыздағы N 8-251
шешiмiне қосымша
Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болуын және
тексеруін тіркеу
ЖУРНАЛЫ
______________________________________________________________________________________
(ұйымның аталуы)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кәсiпкерлiк қызметке
бостандықтың мемлекеттiк кепiлдiгiн жүзеге асыру жөнiндегi
қосымша шаралар туралы" Жарлығын орындау үшiн және лауазымды
адамдардың жеке кәсiпкердiң iсiне негiзделмеген араласу
жағдайын болдырмау мақсатында
Орындалуын бақылаушы: Алматы облысының Әкiмi жанындағы
Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті
қолдау және дамыту комитеті,
480091, Алматы қ., Төле би көшесi, 59,
196 бөлме,
тел. 69-25-91, 62-30-62, 63-52-48
№
р.с.
Күні
Тексеруді жүзеге асырушы ұйымның аталуы
Тексерушінің аты-жөні, қызметі, қызметтік куәлігінің нөмірі
Тексерудің негізгі мақсаты (толтырылған немесе басқа құжаттың нөмірі)
Нәтижесі
Қолы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8