Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по регулированию производства охоты иностранными гражданами на территории Алматинской области

Өзге акт · № 1-475р · қабылданған 25.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6208/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О мерах по регулированию производства охоты иностранными гражданами на территории Алматинской области Күшін жойған 25.08.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по регулированию производства охоты иностранными гражданами на территории Алматинской области

Күшін жойған Өзге акт № 1-475р 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по регулированию производства охоты иностранными гражданами на территории Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысының аумағында шетел азаматтарының аң аулауын ретке келтіру шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-475р
Қабылданған күні
25.08.1998
Көрсетілген редакция
25.08.1998 6208_261269.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001226
ЭКБ идентификаторы
6208
Редакция идентификаторы
6208_261269
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы облысының аумағында шетел азаматтарының аң аулауын ретке келтіру шаралары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 28.09.2004 № 730ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін өркендету және пайдалану туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. шілденің 10-ғы "1998 жылғы аң аулау маусымында жануарлар әлемін пайдалану лимитін бекіту туралы" N 654 Қаулысына сәйкес:

1. Алматы облысы орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (В. Чукарин):

- облыстық, барлық аң аулау алқаптарының иелері бойынша, шетелдік азаматтардың жануарлар әлемін пайдалануына, Үкімет бекіткен лимиттерге сәйкес бір орталықтан рұқсат беруді жүзеге асырсын;
- аң аулаудың лицензиясы жоқ түріне, шетелдік азаматтарға рұқсат беру, аң аулау алқаптары бойынша жасалған есепке алу мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылсын;
- шетелдік туристердің (лицензиясыз және лицензиямен) аң аулауына берілетін рұқсат, бірыңғай тапсырыс беруші болып табылатын Алматы областық мемлекеттік қазыналық "Туризм және демалыс аумағы" кәсіпорны арқылы, тендерлік негізде жүзеге асырылсын.

2. Алматы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (А. Ысқақов):

- тендер өткізу тәртібі туралы Ереже дайындап, Әкімнің табиғатты пайдалану мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары арқылы бекітілсін;
- аталмыш тендерді, баспасөзде кеңінен жариялай отырып өткізсін;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің лицензияға белгілеген құны мен сату құнындағы айырмашылық, тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарымен қоса, тендерді ұйымдастыру шағындарын алып тастай отырып, облыс бюджетіне түсірілсін.

3. Облыс аумағындағы аң аулау алқаптарының иелеріне, бірыңғай тапсырыс беруші болып табылатын Алматы облыстық мемлекеттік қазыналық "Туризм және демалыс аумағы" кәсіпорны арқылы Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы берген рұқсаттың негізінде шетелдік туристердің аң аулауын ұйымдастыру қызметі көрсетілсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В. Меренковқа жүктелсін.